Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы



бет61/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81
Байланысты:
Педагогика тарихы л.с

Карл Роджерс (1902-1987).

XX ғ. екінші жартысындағы жаңа бағыт гуманистік педагогика. Оның ең жарқын өкілдерінің бірі – Карл Роджерс (1902-1987). Карл мектепте тамаша академиялық жетістіктерге жетіп, ғылымға салмақты түрде қызығушылық танытты. Висконсин университетінің екінші курсынан бастап рухани мансапқа дайындала бастайды. 1922 ж. ол Қытайға Дүниежүзілік студенттік христиан федерациясының конференциясына барып, батыс Қытай бойынша саяхат жасайды. Үйленгеннен кейін, 1924 ж. Технологиялық семинарияның аспирантурасына түседі, бірақ, кейіннен Колумбия университетінде Педагогикалық колледждің психология аймағын таңдайды. 1957 ж. К.Роджерс Вискон университетіне ауысады. Бұл кезең ол үшін өте күрделі болды, себебі оқыту үрдісі бойынша психология кафедрасы мен кикілжің туындап қалады. Ол оқыту еркіндігі мен студенттердің оқу еркіндігі шектеліп бара жатқандығын сезеді. 60 жж. оқыту әдістеріне толығырақ сипаттама берілген «Оқу еркіндігі» («Свобода учиться») кітабын жазып шығарады, онда студентке негізделген оқытудың («student –centered teashing») мәні мен мазмұнына тоқталады. Ал 1983 ж. «80 ж. арналған оқу еркіндігі» (Свобода учиться для 80-х) кітабы жарық көреді.


Мұғалім болсам, өзіме қандай сұрақтар қояр едім
Маған гуманистік психология саласы атынан әдетте «дарынды», «икемді» балаларға берілетін білімінің сапасы жайлы баяндама оқуға ұсыныс жасады.
Алайда менің ойымша бүгінгі айтар ойым барлық балаларға қатысты болмақ. Мен әр баланың бойында әлі ашылмаған шығармашылық мүмкіншіліктердің бар екендігіне сенімдімін. Шындығында осында отырғандар жолы болғыш ұстаздар, себебі олардың шәкіртерінің бойындағы оқуға деген ынталары өзге балалардан да жоғары.
Мен көтеріп отырған мәселе жайлы маңызды тұжырым айтатындардың қатарына жатпаймын, ешқашан мектеп мұғалімі болып көрмегенмін, бірақ аз уақыт университетте студенттермен жұмыс жасағанмын.
Соған қарамастан егер мен дарынды ең қарапайым балалардң мұғалімі болсам өз-өзіме қандай сұрақтар қоятынымды ұсынып отырмын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет