Пәннің тақырыбы: Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы


ДЖАННИ РОДАРИ (Италия) (1920-1980)



бет77/81
Дата29.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#121156
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
ДЖАННИ РОДАРИ (Италия) (1920-1980)
Италияндық балалар жазушысы, балалар шығармашылығын зерттеуші.
Ол 1920 жылы дүниеге келген.Родари үш жыл семинарияда оқығаннан кейін мұғалімнің допломын алды және 17 жасында жергілікті ауыл мектебінің бастауыш сыныбында сабақ бере бастады. 1939 жылы аз уақыт Милан университетінің филология факультетімен байланыс жасап тұрды.

ФАНТАЗИЯЛАР ГРАМАТИКАСЫ


БИНОМ ФАНТАЗИЯСЫ
Электірлік бөлшектен ұшқын пайда болу үшін ол екеу болуы керек. Енді бір сөз екінші сөзбен қақтығысқанда пайда болады.Бұл жалғанның бәрі күреске толы. Ұшқыр ой қарама-қайшылықта туындайды. Анри Валлон өзінің (Балалардағы ойдың қайнар көзі) «Истоки мышления у детей» атты еңбегінде: ой екі бірдей ұғымнан пайда болады дейді.
Ең алдымен қарама-қайшы болды.Осы ойды өзінің (Бейнелеу мен форма теориялары) «Теории формы и изобрежения» атты еңбегінде Поль Кли қолдайды.Ол, түсініктердің барлығы дерлік қарама-қарсы ойдарсыз бос, деп сөзін аяқтайды.
«Тұлпар» мен « төбет» екеуі мағыналық жақтан өте алшақ сөздер. Мен мектепте мұғалім болғанымда тақтаға екі оқушыны шақыртамын да,біріне тақта сыртына сөз жазғызамын, екіншісіне тақта артына жазғызамын . Бірі тұлпарды жазса , екіншісі төбет деп жазады. Мұндағы байқайтын бір құбылысымыз , бұл екі атадың бір-біріне не мағыналық , не ұғымдық жқын болмауы. Міне,кейде адамдар өз елестерін осылайша ұштастырады.
«ЖАРЫҚ» ПЕН «БӘТЕҢКЕ»
Бұл оқиға бес жарым жастағы Реджо-Эмилия қаласындағы «Диана» атты дайындық мектебінде оқитын баланың басында болған. Әкесінің бәтеңкесін киюді ұнататын бір кішкене бала өмір сүріпті. Бір күні әкесі оған қатты ашуланып үйдегі шамдалға іліп қояды, түннің бір уақытында бала жерге «гүрс» ете түседі. Сонда әкесі: «Әй, бұл ұрлықшылар емес пе ?» - дейді.
Әкесі баласын қолына алса, оның, беті , құлағы, басы- барлықжері ыстық болып жанып тұр екен, әкесі бәтеңкесін шешіп тастағанда, әлгінің қызуы басылады.
Бұл оқиғаны З.Фрейдтің өзі келіп естігенде қобалжыр еді. Кішкентай баланың әкесінің аяқ киімін кию деген сөз, ол баланың орнын алып алуы.Міне осыдан кейін, өлім жалаға да әкеп соғуы мүмкін. Оны шамдалға ілуі жіпке асып қою, аңмен тең.Оның қай жерге құлағандығы айқындалып тұрған жоқ.
Мен бұған қатты қызықпайын, бұл оқиғамен айналысатын психоанализ саласы бар.Іске сәт!

ҚИЯЛ ГРАМАТИКАСЫ.ТАРИХТА ОЙЛАП ШЫҒАРУ


ӨНЕРІНЕ КІРІСПЕ
Кітапта балаларға арналып ойдан шығарылған әңгімелер
және балаларға ойдан шығаруға көмек көрсету туралы жазылан
Джанни Родари
КЕҢЕСТІК ОҚЫРМАНҒА
«Қиял граматикасын» менің қандай да бір «поэтика», «жүйе» немесе ертегі дайындайтын рецепт жинағы ретінде ғана қабылдау керек емес; ол- тек шындықты танудағы қару секілді қарапайым фантазия әлеміне саяхат. Ол аспанда ұшып жүру емес, өмірдің тұңғиығына шомылдыратын жол.Егер қаласаңыз, қорғанатын сауыт емес, күресуге арналған қару.
Итальяндық және жазушы ретінде, итальян тілінде жазатын, әрине, біздің тұрғылықты итальян тұрғындарының тұрмыс-жағдайы, дау-дамайлары мен маңызды мәселелері(мектептік және басқалары) тақырыбын көтердім. Сол себеп кеңестік оқырманның, сондай-ақ басқа шетел оқырмандарының оқу құлшынысын шектеуі де мүмкін.Басқа амал жоқ!Өзім осындаймын, одан басқа бола алмаймын.Жалғыз ғана қазіргі уақытта, кеңестік оқырманнан сұрайтыным,- бұл менің кітабыма (кітапшама) итаьяндық ертегішінің армандары мен сезімдерінің құжаттары ретінде қарауын сұраймын.
Пизан университетінде менің кітабым математика пәнінен әдістемелік құрал ретінде пайдаланатынын білгенде ерекше сезімде болдым.Бүкіл итальяндық конгрессте математиктер талқыға салған.Жасымда математикамен жеткіліксіз айналыстым. Осыдан жақсы ой түйгенім: математика барлық жерде бар, ол тіпті ертегінің ішінде болады.Сол себептен оқырман маған бала сұрағын қойғанға еш ренжімесін :ертегіші болу үшін не істеу керек және қалай жұмыс жасау керек ? Алайда бұл сұраққа мен былай жауап бердім : «математиканы жақсылап оқы».
«ЧАО!» СӨЗІ
Мектепке дейінгі Реджо – Эмилия атты балалар мекемесінде бірнеше жыл бұрын «Игра в рассказчика» ойыны пайда болды. Ойын барысында балалар:өз кезегімен мінбеге шығып, төменде отырған жолдастарына өз ойынан шығарған оқиғаларды айта бастайды. Оны мұғалім қағаз бетіне еш өзгертпестен түсіріп отырады. Содан соңбала өз айтқан оқиғасын көз алдына үлкен сурет ретінде бейнесін келтіреді. Бұл жағдайда мен әлгі балалардың айтқан оқиғаларының біреуіне талдау жасаймын.
Сонымен қатар менің ойлап тапқан әңгімем жайында, бір берілген сөзге сүйеніп, «Диана» үйрету мектебінің мұғалімі Джулия Нотари балалардың арасындағы біреуіне осы жаңа тақырыптағы әдіспен ертегі ойлап тапқыларың келе ме? –деп айта отырып, мысал ретінде «Чао» сөзін ұсынады.
Міне сонымен 5 жасар бала осы сөзге сүйене отырып, мынадай оқиғаны баяндап береді:
«Бір бала өзінің жақсы сөздерін жоғалтып алады, онда тек жаман сөздер қалады. Бұл жағдайды көрген анасы оны дәрігерге апарады. (ол дәрігердің мұрты үлкен болатын ) былай деп айтады.
Ауызыңды аш,тіліңді шығар, жоғары қара, өзіңе қара. Ал енді осы жайттардан соң балаға жақсы сөздерді табады. «у-у-уф!»,демек жаман сөз.Сонан соң «кетші, мені жайыма қалдыр»,демек тағы жаман сөз. Ақыр соңында ол қызғылт түсті «Чао»сөзін таңдап,қалтасына салып, үйіне алып кетеді. Осыдан бастап үйіне келіп, жақсы сөздер айтуды үйреніп жақсы бала болады.»
Әңгіме барысында кішкене тыңдаушылар, екі рет ойыеға кірігіп, қозғалған тақырыптарды талқылады. Бірінші рет балалар, жаман сөздер туралы айтылғанда, сөздерді жалғастырып, шуылдап айтып жатты. Ойын техникалық түрде «таңдау осі» деп аталатын таңдау бойынша ассоциацияланады. Р.Якобсонның әңгімесінде де балалар шығарған әдістеме арқылы жүргізіледі. Ол поэтикалық туынды емес, творчество туралы.
Енді әңгіменің құрылымы туралы айтайық. Негізгі бұл әңгіме «Чао» сөзіне емес, оның мағынасына негізделген. «Чао» сөзі біртұтас сияқты.
«Чао сөзі» тіркесі алғашында екі категорияны құрады: Жаман және жақсы сөздер. Кейін ым- ишара арқылы, екі басқа категория:қысқа сөздер мен ұсақ сөздер. Бұл ым- ишара импровизация емес, апроприация. Балалар жарнамадағы мына бейнені көреді: екі қол шапалақтап жатқанда ортасында кәмпиттер пайда болады. Балалар қайсы сөздің жаман екенін біледі. Олар ата- аналарының жаман деп, тыйым салған сөздерін әрине жаманға жатқызады. Олар «жақсы» сөздерінің абстрактылы антонимы емес, «қайырымды және әдемі» сөздерінің антонимы. Осылайша мектепте бала қабылдайтын жаңа сөздер категориясы туындайды. «Чао!» сөзі неліктен қызғылт түсті екені белгілі: қызғылт түс нәзік, агресивті емес. Ақиқат көрсеткішінің түсі. Ұл баладан сұрамағанымыз өкінішті –ақ: «Неге қызғылт түс ?» мүмкіг оның жауабыбізге көп нәрсені көрсетер ма еді?! Бірақ оны білу мүмкін емес.
4.ҚИЯЛ БИНОМЫ
Біз, қиял жайлы әңгіменің жалғыз бір сөзден – ақ басталғанын көрдік. Бірақ бұл көбіне оптикалық алдау. Шын мәнісінде ұшқын пайда болу үшін бір заряд аздық етеді, оған заряд саны екеу болуы керек. Бір сөз («Буффало. Және атау іске асады...»-дейді Монтале) екінші бір сөздің көмегімен ғана бір мағынаға ие болады. Ол сөз оны жандандырады және өздігіне жаңа бір мағынылық қасиеттерді ашу мүмкіндігін береді. Күрессіз өмір болмайды. Елестету ақыл –ойдың бір бөлігі ғана емес, ол ақыл – ойдың өзі,яғни екеуі бір бүтін. Ақыл ой тыныштықта емес, күрес барысында туындайды. Анри Валлон өзінің «Истоки мышления у детей» атты еңбегінде, ой екі түсініктің негізінде пайда болады деп жазады. «Жұмсақ түсінігі «қатты» түсінігіне дейін де, кейін де емес сонымен қатар, екеуінің соқтығысу процесінде пайда болды». «Ойдың негізі бұл оның қос мағыналы құрылымын, олар екі бөлек қараушы элементтері ретінде болмайды. Қос, екі, дара элементтен бұрын пайда болды».
Әңгіме «қиял биномынан» туындауы мүмкін.
«Ат –ит, негізінде бұлар «қиял биномын» көрсете алмайды. Бұл бар болғаны бір жануар туралы ассоциация тудырады. Осы төртаяқтылар туралы ойлағанда елестету немқұрайлы болып келеді»
Керемет бір қиял туындау үшін, екі сөздің арасында қашықтық болуы тиіс, яғни бір сөз екіншісіне айтарлықтай бөтен болады. Сол кезде ғана осы екі сөз арасында бір туыстық байланысты туындату үшін, екеуінен бір бүтін шығару үшін қиял пайда болуға мәжбүр болады. Сонда елес те белсенділік танытады. Бір жағдайға байланысты «қиял биномының» пайда болуы осынысымен жақсы. Тіпті бірін бірі түсінбейтін екі бала екі түрлі сөз айтсын немеме екеуі екі жақта отырып саусағымен кітап бетіндегі кез келеген сөзді немесе суретті көрсетсін.
Мен мұғалімдік қызметте жүргенімде тақтаға екі оқушыны шықырып, біреуіне тақтаның көрінетін жағына, ал екіншісіне көрінбейтін жағына бір сөзді жазсын дедім. Бұл істегенімнің өзіндік бір мағынасы бар. Бұл жағдай шиеленіске түскен күтудің атмосферасын тудырды. Бала барлығына көрінетін жағына «ит» сөзін жазады. «Ит» енді жай ғана төрт аяқты жануар емес, ол толығымен біздің қалауымыздағы шытырман оқиғалардың батыры, ойдан шығарылған кейіпкер. Тақтаның екінші жағында біз «шкаф» сөзіне тап болдық. Балалар бұл сөзді көргенде күліп жіберді. Егер «үйректұмсық» немесе «төртбұрыш» сөзі болғанда, мұндай табысқа жетпес едік. Бөлек алынған «шкаф» сөзі ешқандай эмоция тудырмайды. Ол инертті, түссіз. Бірақ «шкаф»пен «ит»сөздері бірге болса, бұл мүлдем басқа әңгіме. Бұл тіпті жаңашыл нәрсе, стимул, өнертабыс.
Біраз жыл өткен соң мен Макс Эрнсттің «жүйелік ығысу»идеясы туралы оқыдым. Эрнст те дәл Де Кирико бейнелеген сол шкафты қолданады –эәйтүн ағаштарымен қоршалған, классикалық пейзаждың ортасында тұрады. Бұл шкаф әр түрлі жұмбақ заттарға айналып отырды. Мүмкін оның ішінде киім болған, мүмкін болмады да. Ең бастысы ол осындай жұмбақтығымен өзіне еліктіріп тұрды.
«Қиял биномында» сөздер күнделікті мағынасымен алынбайды,олар тілдік қатарда жоқ мүлде басқаша мағынадағы сөздер болып тұрады. Меніңше, қызық әңгіменің пайда болуының оптималдышарттары мынадай.
Сонымен, сол жаңағы екі сөзді алайық «ит» және «шкаф».
Оларды айырудың ең оңай тәсілі бұл – септіктер арқылы. Осылайша біз бірнеше суреттер көреміз:
Ит пен шкаф
Иттің шкафы
Ит шкафтың үстінде
Ит шкафтың ішінде
Және т.с.с. Осы суреттердің кез келгені нақты жағдайларқұрйға негіз бола алады:
1.Көшеде арқасына шкаф тиелген ит жүгіріп келе жатыр. Бұл оның үйі – яғни мұнда тұрған ештеңе жоқ. Ол ұлу сияқты, сіздің қалауыңыз бойынша кете береді.
2.Иттің шкафы: жақсы идея, кез келген архитекторды, дизайнерді, суретшіні шабыттандыра алады. «Иттің шкафы» итке арналған киімдерді, жылы аяқ киімді, ойыншық сүйектерді, қаланың жол сілтемесін сақтауға арналған. Бұл тақырыпта басыма басқа сюжет келмейді.
3.Ит шкафтың ішінде: міне бұл көп нәрсені білдіретін тақырып. Үйіне келген доктор Полифемо шкафтан үйге киетін күртешесін алайын дейді, ашып қалса ішінде ит отырады. Біздің алдымызға осы көрініске түсінік беру тапсырмасын қояды. Бірақ оны кейінге қалдыруға болады. Қазіргі сәтте бізге бұл жағдайға жақыннан қарап тұжырым жасау қызықты. Иттің тегі белгісіз. Мүмкін ол аң аулауға бейімделеген шығар. Ол мейірімді көзімен қарап, құйрығын бұлаңдатып сыпайы түрде қолын беріп тұр. Бірақ, Полифемо мырза қанша жалынып сұраса да, шкафтан шығу керек екендігі жайлы тыңдағысы да келмейді.
Полифемо мырза суға түсу үшін жуынатын бөлмеге барып, сондағы шкафты ашса, онда да бір ит отырады. Үшіншісі ыдыс- аяқ қоятын шкафта, төртіншісі ыдыс – аяқ жуатынның ішінде, ал енді біреуі тоңазытқыштың ішінде отырады. Полифемоның күтпеген қонақтарын қуып шығаруға мүмкіндігі болған, бірақ ол олай істемеді, өйткені ол ит күтуші еді. Оған басқа ой келді, сол сәтте дәрігер Полифемо ет сататын дүкеннен он килограмм ет сатып алып, иттерге әкеліп берді. Бұдан былай енді ол күнде ет сатып алатын болды. Ет сатушы мұнда бір шикілік бар деп ойлады. Осыдан кейін өтірікғ өсек әңгімелер кетті. Дәрігер Полифемо үйінде атом ядросын іздеп жүрген тыңшыларды тығып жүрген болар? Мүмкін құпия бір тәжірибелер жүргізіп жүрген шығар? Бұл сөздер полиция бөлімшесіне дейін жетті. Бөлімше басшылығы үйін тінтіп шығу керек деген бұйрық берді. Барлық болған жағдайға төтеп беру, дәрігер Полифемоның иттерге деген сүйіспеншілігінің арқысында екені анықталды.
Бұл әңгіме әлі аяқталмаған, оны аяқтап соңына дейін жеткізу жазушының қолында. Ал біз осымен тек «қиял биномы»мысал келтірмек болдық. Балалардың қиялы өте жақсы дамығандығын, мен Италияда жүргенімде мектеп балаларын бақылай отырып байқадым. Мектеп оқушылары жаттығулар орындау кезінде оған қызығушылық танытпайды. Педагогикалық процесте ең қиыны баланың қызығушылығын ояту. Мектепте балалар сабақты көбіне бірқалыпты өткізеді. Осы жайлы біраз нәрсе білген Джакомо Леопорди 1823 жылы 21 тамызда өзінің «Дзибальдоне» атты еңбегінде жазады: «Ең керемет бақытты күндердің бірі ол – балалық шақта. Жүздеген қиыешылығы, мыңдаған қорқынышымен, тәрбиелеу мен оқудың ауыртпалығымен тікелей байланысты өткен күндер. Осылардың бәрін қайта көріп, сезбеу үшін кез келген үлкен адам балалық шағына қайта оралғысы келмейтін шығар».
ЕГЕР...БОЛҒАНДА, НЕ БОЛАР ЕДІ
«Гипотеза,- деп жазады Новалис,- ауға ұқсас: оны лақтырып жібер, ерте ма, кеш пе, әйтеуірбір нәрсе аулап аларсың».
Әйгілі мысалды демде келтіремін: егер адам сұрықсыз жәндік қалбында оянса , не болар еді? Осы сұраққа өзіне тән шеберлікпен «Айналу» әңгімесінде Франц Кафка жауап берген болатын. Мен Кафканың әңгімесі осы сұраққа жауап ретінде туды деп айтпаймын, бірақ факт манадай трагедиялық жағдай мұнда фантастикалық гипотезаның салдары ретінде ғана құралып жатыр. Оның ішінде барлығы логикалық және түсінікті түрде, мағынаға толы болады, түрлі түсіндірулерге ашық болады. Қандай бір символикалық нәрсе өзінің дербес өмірімен өмір сүреді, және оны көптеген шынайы жағдайларда елестетуге болады.
«Фантастикалық гипотезалар» техникасы өте қарапайым. Ол сұрақ формасында беріледі. Егер ... болғанда не болар еді?
Сұрақты қою үшін қолға бірінші түскен бастауыш пен баяндауыш алынады. Олардың қосылуы гипотезаны береді, оның негізінде жұмыс іситеуге болады.
Бастауыш «Реджо – Эмилия қаласы» болсын, ал баяндауыш – «ұшу». Егре Реджо – Эмилия қаласы ұшса, не болар еді?
Бастауыш «Милан», баяндауыш «теңізбен қоршалған» болсын. Егер Милан кенеттен теңіз ортасында болып қалғанда, не болар еді?
Міне екі жағдай, олардың ішінде баяндамалық элементтер өздігінен шексіздікке дейін кете береді. Материалмен қарулану үшін, көптеген адамдардың ерекше жаңалыққа реакцияларын елестетуге, түрлі оқиғаларды қиялдауға болады. Кейінгі Палаццески стиліндегі тұтас эпикалық шығарма шығар еді. Оның негізгі кейіпкер ретінде, мысалы, ұл баланы алуға болады, оның айналасында карусель секілді айналып жатқан күтпеген оқиғалар желісі жүріп жатыр деп алуға да болады.
Менің байқағаным: осындай тақырыпты ауыл балаларына тапсырған кезде, олар айтады: жаңалықты бірінші болып тапқан кісі-бұл наубайшы – себебі ол бәрінен бұрын ерте тұрады, керек болса, қоңырауды шалатын шіркеу қызметкерінен де ерте тұрады. Қалада жаңалықты түнгі қарауыл бірінші болып біледі; бұл балаларда төмендегілердің қайсысы күштірек дамығанына байланысты болады: азаматтылық немесе отбасына бауырмашылдық; қарауыл немесе қала әкіміне жаңалықты жеткізеді, немесс әйеліне айтады.
Қалалык балалардың өздері жеке білмейтін кейіпкерлерді жиі амал-сыз манипуляциялауға тура келеді. Ауыл балаларына жақсырақ, олар наубайшыны ойдан шығарып отырмайды, олар демде ауылдағы Джузеппе наубайшыны еске алады (Джузеппе деп атаған себебім: менің әкем наубайшы болған және оның есімі Джузеппе); бұл оларға әңгіме желісіне таныстарын, туыстарын, достарын кіргізуге көмек береді, осыдан ойын кенеттен жайдарлы болады.
Мен атап өткен «Паеза Сера» мақалаларында келесі сұрақтарды қойдым:
-Егер Сицилияның тұймелері түсіп қалса және жогалын қалса, не болар еді?
-Егер сіздің үйіңізге қолтырауын келіп, сізден розмаринді қарызға берс тұруды сұраса, не болар еді?
-Егер сіздің лифтіңіз құлап, жер шарының ортасына кіріп кетсе немесе Айға ұшып кетсе, не болар еді?
Тек үшінші тақырып қана нағыз әңгімеге айналды, оның кейіпкері бардағы официант еді.
Дәл осылай балалармен де болды: балаларды көбінесе ең мағынасыз және күтпеген сұрақтар қызықтырады, сондықтан кейінгі жұмыс, яғни тақырыптың дамуы жаңалықтың жалғасы және игерілуі болып табылады; алайда, әрине, тақырып, баланың жеке тәжірибесіне.сәйкес келіп қалып, шынайылыққа жақындап қалатын кездер де болады.
Жақында, бір орта мектепте біз балалармен бірге мынадай сұрақ құрастырдық: Егер «Бәрімен тәуекелге бар» атты викторинаға қатысу үшін телеорталыққа қолтырауын келсе, не болар еді?
Сұрақ өте нәтижелі болды. Біз, теледидарды өз көзқарасы тұрғысынан қарауға және өзінің телекөремендік тәжірибесін сынауға мүмкіндік беретін жаңа ракурсты таптық. Мадзини бульварында телеорталық жұ-мысшыларының қолтырауынмен бір әңгімесінің өзі қандай кызықты өтті! Ол оны викторинада ихтиология бойынша маман ретінде қатысуға жіберуді талап етті. Қолтырауын өзін жеңілместей көрсетті. Ставканың әр екі еселенуінен кейін ол бәсекелесін көз жасын ағызбай жұтатын болды. Соңында ол жүргізушіні - Майк Борджононы да жеп койды, бірақ қолтырауынды өз кезегінде келесі жүргізуші - Сабина жұтып қойды; балалар осы жүргізушінің жанкүйерлері еді, сондықтан оның жеңімпаз болып шығуын қалады.
Кейіннен мен бұл әңгімені өзгерттім және оны өзімнің «Машиналық новеллалар» кітабыма қостым. Менің нұсқамда қолтырауын мысық нәжісінің маманы ретінде шығады; мен ас қорыту натурализміммен қиялдап кеткен шығармын, бірақ әңгіме осының арқасында демисгификация желісіне ие болды. Әңгіменің сонында Сабина қолтырауын-ды жемейді, одан жұтқан адамдарының барлығын қайта шығаруды талап етеді. Мұнда фантазия шынайылықпен белсенді байланыс орнату үшін қолданылады. Әлемге тіке қарауға болады, бірақ жоғары биіктен де қарауға болады (ұшактар ғасырында бұл қиын емес). Шынайылыққа есіктен кіруге болады, оған терезеден де кірсе болады - және бұл өте кызықты.

15. ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛЫ РЕТІНДЕ


Халык ертегілері фантастикалық операциялар, әдебиеттік ойындар-мен басталып және (сарай маңы) ойынымен аяқталып, құрылыс мате-риалының негізгі кұны ретінде енді; халық ертегілерін романтиктердсн бастап позитивистер де қолданған; соңында, біздің ғасырымызда «фан-тастикалық филология» үлкен істерді жүзеге асырды, бұл жазушы Итало Кальвиноға итальян тіліне кажетті он тоғызыншы ғасыр бермегсн мүмкіндіктерді берді.
Ертегі әлемі әртүрлі Андерсен мен Коллодидің ойларымен сәтті бол-ған. Андерсен ағайынды Гриммдер сияқты өз елі ертегісімен жүрді. Дегенмен Гриммдер нақты неміс бола тұра халыктық әңгімелерді жаза жүріп Германияга неміс тіліне тірі ескерткіш орнатуға ұмтылды. Андерсеннің халықтық ертегілерге басты назар аударуының себебі өзіндік балалык шағын қайта ояту және санада қалыптастыру болды. Оның фантастикалық биномы «Мен және ертегілер» болып, оның шығармашылығына арқау болды. Кейін ол дәстүрлі ертегілерінен алыстап, романтикалық бейнедегі және тұрмыстық шынайы ертегілер шығарды.
Андерсен фантазиясын толық шығарып, көрсету үшін, романтикалық дүниеге толы халык ертегілері қажет болды; сонымен катар ол балалармен еркін сөйлесу тілін шығаруға ұмтылды.
Коллодидің «Пиноккиосында да» халық ертегілерінің түстері ланд-шафттары, реңдері кездеседі.
Ертекшілер ағайынды Гриммдер, Андерсен, Коллодилер халыктык білім басталғаннан бастап, балалар әдебиеттерін ғибраттылықтан ұлы босатушы рөлдерін ойнады.
Балалардың баға жетпес бірлігі ретінде кітаптағы оқиғалардың ба-тырлары танылды. Олар- индустар, Америка пионерлері, ізденушілері, нираттар, корсарлар және т.б.
Андерсенді заманауи ертегілердің негізін салушы деп есентесек те болады. Ал, Коллоди одан асып, ер баланы мұғалім мен шіркеу кыз-меткері көргісі келетін ер бала бейнесінде емес, ер баланы нағыз өзіндік бейнеде көрсетті; классикалық ертегілердегі кейіпкерлерге жаңа бейне қалыптастырды. Оның Көгілдір Шашты Қызы (Фея) - бұл тек дәстүр-лі сиқыршылардың туысы; ертедегі Лешийдің Манджафуоко немесе Жасыл Балықшының бейнесіндс болуы мүлдем танымайтын дәрежеде бейнеленген; Сары майдан жасалған адам - бұл сиқыршыға ұқсаған күлкілі карикатура.
Андерсен жансыз заттарды жандандыруды өте шебер меңгергені сонша оның бейнесі хрестоматияғада еніп үлгерген.
Ал, Коллоди - диалогтің үлкен шебері; бірақ Андерсен де, Коллоди да ертегілердің материалдарын қазіргі біз білетіндей дәрежеде білмеген. Себебі қазіргі ертегілер психология, психоанализ, формальді, антропологиялық, құрылымдық әдістердің түгелінен сортталған. Бұл бізге фантазияны өрбітетіндей етіп, классикалық ертегілерді шығаруға, оларды ойын түрінде пайдалануымызға мүмкіндік деген сөз. Осы ойындарды ешкандай жүйесіз менің ойымдағыдай жүретінін келесі та-рауларда айтып беремін.

ЕРТЕГІ ТЫҢДАЙТЫН БАЛА


Анасы ертегі оқып беретін немесе әңгімелеп беретін үш-төрт жасар бала сезімін түсіну үшін, бізде нақты және сенімді мәліметтер аз, сондықтан біз өз қиялымызды іске қосамыз. Егер біз бастапқы нүкте ретінде немесе оның мазмұнын қарастыратын болсақ, онда біз қателік жасаймыз: бала өмірінің негізгі кезеңдерінің ертегі мазмұнымен еш-қандай байланысы жоқ.
Бала үшін ертегі ең алдымен - өзінің қасында ересекті ұстап тұрудың идеалды жолы. Анасы үнемі бос емес, әкесінде өзінің өмірінің жеке ритмі бар, бұл бала үшін үрейдің негізгі бастамасы болып табылады. Ересектерде баламен ойнауға уақыты жоқ. Осы кеңістікті толтыруға ертегі көмектеседі. Ертегі айтылып жатқан уакытта, анасы қасында, ол толығымен өз баласына назарын аударады, көп уақыт бойы баласы-ның қасында - бұл сондай жағымды сезім - өзін анасының канатының астында сезіну. Егер бала, бір ертегіні тындап болған соң, тағы да ертегі айтып беруді сұраса - бұл оны ертегі қызыктырды дегені емес, ол мүмкін, анасының қасында болғанын қалайтын шығар.
Ертегі мазмұндап беретін уақытты өтіп жатқан кезде, бала көңілі толғанша анасының бет-әлпетіне, көздеріне, аузына карап алады. Ол, әрине, тыңдайды, бірақ осыған коса ол өзіне көңілін баска жакқа аударуға мүмкіндік береді - мысалы, егер оған ертегі таныс болса, онда бала дұрыс оқығанын немесе айтып отырғанан ғана, қадағалап отырады.Оның негізгі міндеті - анасын немесе баска ересек адамды қарап алу,себебі мұндай мүмкіндік сирек кездеседі.
Анасының даусы балаға тек Қызыл Қалпақша туралы, Балақай -Саусақ туралы ғана емес, өзі туралы да айтып береді. Семиотик баланы осы жағдайда тек мазмұн мен қалып емес, айтылудың мазмұны анасының даусы, оның ояуы, қаттылығы, модулияциясы тембры сызықтарын айтар еді; анасының даусынан нәзіктік шығады, ол үрейлердің түйіндерін ашады, қоркыныштың белгілерін жоғалтады.
Кейін - нақтырақ, бір уақытта - туған тілмен,сөздермен, олардың калыптары мен кұрылымымен танысу жүреді.Біз елесі сәтте ешқашан ұстай алмаймыз: бала,ертегіні тыңдап,оны өзіне сіңіріп, лексикалык бірлікгердің нақты бір арақатынасын игереді. Өзі үшін етістік формасының колданылуын ашады, және ертегі мүмкін, оған тілтуралы көп мағлұматтар береді. Ертегіні түсінуге талпынып ол бір уақытта сөздерді түсінуге, олардың арасында қорытынды жасауға, морфемалардың шектерін, синомдық қатардың ұзақтығын,сын есімнің әсер етуі сферасын кеңейтуге немесе кішірейтуге,нақтылауға немесе түзетуге күш салады.Осы шифрды ашу процесінде тілдік белсенділік сәті-туынды емес,ол өзге процесстер секілді шешуші болып табылады.Мен белсенділік туралы айтамын,себебі бала ертегіден осы берілген жағдайдан әр өмірлік оқиғадан қызықтыратынды алады.
Ертегі балаға не үшін керек?өз интеллектісінің құрылымын жасауға,түрлі байланыстарды орнатуға (мен және басқалар,мен және заттар,шынайы және ойдан шығарылған заттар байланыстыра)қажет.Ертегі оған кеңестік туралы ой құру үшін керек.
Мен,маған сұрақ қойған үш жасар қыздың әңгімесін еске түсірдім:
-Мен кейінн не істеймін?
-Кейін сен мектепке барасың.
-Ал кейін ше?
-Кейін тағы да пайдалы заттар туралы көбірек білу үшін басқа мектепке барасың.
-Ал кейін ше?
-Неге?
—Себебі, мен ертегіде емес, осы әлемде өмір сүремін.
«Күйеуге шығу» ол үшін ертегідегідей болып көрінді, себебі, үйлену тойы - бұл ертегінің дәстүрлік соңы, өзге әлемде өмір сүретін ханзадалар мен ханшайымдардын қалауы.
Осыдан шығатыны, ертегі пайдалы және осы көзкарас тұрғысынан, ол - баланын адамдар әлеміне, адами тағдырлардың әлеміне, тарих әлеміне тартылудың құрамы; Итало Кальвини «Италияндық ертегілерге» алғы сөздерді осылай жазып өткен болатын.
Ертегі - мінез бен тағдырлардың қоймасы екені туралы көп айтылған, осы коймадан бала өзі білмейтін шынайылык туралы, келешектің сипаты туралы мәліметтерді алады. Ертегілер, бала есейгенде пайдаланатын әлеуметтік шынайылық пен техникалық жетістіктермен салыстырған-да, архаикалық, артта калған мәдени модульдерді жиірек бейнелейтіні туралы айтылған болатын. Ертегілер бала үшін ерскше әлем, ерекше театр болып табылады. Еліктеу үшін емес тек көру үшін ғана әлем. Егер бірінші қатарға ертегі мазмүны емес, тыңдаушылардың қызығулары шықса, онда белсенді көру үшін. Балалык шак реалистік кезеңіне түскен кезде, мазмұн манызды болған кезде, ертегі баланы кызыктырмайды және бұл ертегінің «формалары» оның іс-әрекеті үшін керегін беруді токтатқандыктан болады.
Ертегі кұрылымында бала өзінің жеке қиялының кұрылымын көреді және ол сол уакытта қиялды дамытып жатады деген ой пайда болады.
Тындау - бұл жаттығу. Ертегі бала үшін, ойын секілді, салмақты және шынайы іс: ол балаға өзін-өзі анықтау, зерттеу үшін өзінін мүмкіндіктерін өлшеу, бағалау үшін қажет. Мысалы, қоркынышқа қарсы тұруға деген қабілеттілігін өлшеу үшін. Ертегідегі «қоркынышты жәйттер», түрлі макұлыктар, жалмауыздар, кан , өлім балаға теріс әсер береді деген маған сенімсіз болын көрінеді. Егер бала касқыр туралы анасының аузынан, тыныш үй жағдайында естісе ешқандай қаскыр оған қауіп төндірмейді. Бала қорқып жатқан секілді болады. Бірақ ол сенімді: әкесі өз күшін өзі көрсетеді, немесе анасын, өз аяк-киімін қаскырға лактырып жібереді.
- Егер сен сол уақытта болғаныңда, сен оны қуып жіберер едің гой, иә?
— Әрине! Мен оны ұрып тастар едім.
Ал егер баланы коркыныш үрейлендірсе, онда ол балада коркыныш, қасқыр пайда болмастан бұрын болған. Яғни, қасқыр - қоркыныштың себебі емес, оның пайда болуының симптомы.
Егер Балақай-Саусақ ағаларымен бірге орманда қалып қойғаны туралы ертегіні анасы айтып берсе, онда ол мұндай оқиғанын өзіне катысты болмайтынына сенімді болды. Ал егер анасы үйде болмаса немссе анасы да, әкесі де болмай, сол ертегіні баска бір адам айтып берсе, баланы осы ертегі коркытуы мүмкін, себебі ертегі баланың «жал-ғыз калып койғаны» туралы айтатын болады. Мүмкін анасы мүлдем келмейтін шығар? Бір уақытта пайда болған корқыныштың мотиві осындай. Бейсаналы кауіптердің «тындау өсіне» проекциясы осындай және осы уақытқа дейін болған жалғыздык тәжірибесінде проекция осындай болады: ол шақырды, ешкім келмеді. Ертегінің «шифрын ашу» зандары барлығы үшін бірдей емес, олар ерекше, жеке. «Типтік» кіші тыңдарман туралы тек жалпы сипатта айтса болады.

39. КОМИКСТЕРДІ ОҚИТЫН БАЛА


Егер «тындау өсі» болса, онда «оку өсі» де болады. Оны зерттеуге тырысып көрейік. Комиксті окитын баланың ой іс-әрекетін бакылай немесс қиялдай отырын, кызыкты ашылулар жасауға болады.
Бала алты немесе жеті жаста. Ол, әкесі комикстерді окитын немесе өзі суреттерді оған ғана түсінікті белгілср бойынша тексті ойлап табатын кезден шығып кеткен. Енді ол оқи алады. Комикс - оның бірінші және мотивтенген окуы. Ол оған тапсырылғандықтан емес, комиксте не туралы айтылып жатканын білу үшін оқиды. Өзгелер (мұғалім үшін емес) үшін, ерекшелену үшін (жақсы баға алу үшін) емес, өзі үшін окиды.
Ең алдымен баладан кезектесіп жатқан жағдайларда кейіпкерлерді табу және тану, кімнің кім екенін, өзгеріп жатқан позаларға, кейде түске карамастан жаксы есте сактау талап етіледі, түстердің мәнін бала өзі түсіне алады: кызыл - ашу, сары - корқыныш... Бірак «психологиялык түс» заңы тұракты емсс, суретші әр кезде өзінің, жаңа түсін енгізугс ерікті, сондыктан оны кайта ашу да, интерпретациялау да керек.
Әр кейіпкергс жеке өзіндік дауыс беру кажет. Расында, мәтіні бар бұлтшамен аякталатын жіпше кай жерден басталатыны үнемі дерлік көрініп тұрады: егер бұл реплика болса, онда жіпше ауыздан басталады, ал егер ой болса, онда кейіпкердің басынан басталады (ауызша айтылған мәтінді мәтін-ойдан айыра алу үшін де дағды керек).
Кейіпкерлер арасында диалог жүргенде, бала репликалар кімге тиісті екенін аныктай алу керек, олар қандай тәртіпте жүріп жатқанын, олар бір уақытта айтылып жатыр ма - мүмкін бір кейіпкер сөйлеп жатканда, келесісі ойланып жатқан шығар, немесе керісінше, және т.с.с. болғанын түсіне алу керек (комикста оқиғалардың хронологиясы баспаханалык қатардың сол жақтан он жакка карай қадамына үнемі сәйкес келе бермейді),
Осыдан баска, бала әрекет орнын тани алуы және айыра алуы керек
- әрекет ғимарат ішінде немесе көшеде болып жатканын тани алу керек; жаңа нәрсенің пайда болғанын, осы жаңа нәрсе кейіпкерлерге қалай әсер ететінін айыра алу керек; кейіпкердің келешекте болатын әрекеттері туралы ойға итермелейтін детальдарды байқау керек, мүмкін кейіпкер-дің өзі, ықыласты окырманға қарағанда, аңғармайтын шығар. Комикста фон ешқашан дерлік декоративті максаттар үшін қызмет етпейді, ол үнемі функционалды түрде баяндамамен және оның кұрылымымен байланысты болады.
Бір сурет пен екінші сурет арасындағы бос кеңістікті толтыру үшін қиялдың белсенді жұмысы талап етіледі. Кино немесе телевизиялық экранда бейнелер токтамастан ауысады,әрекет жаппай жүреді. Комиксте бірінші суретте басталған әрекет екінші суретте, аралык стадияларды өте отырып, аякталуы мүмкін. Бірінші суретте ат үстінде паң отырған кейіпкер, екінші суретте - шанда жатады: кұлау сәті - тұтасымен киялдың өнімі. Әрекеттің өзі көрсетілмейді, оның сонғы нәтижесі ғана көрінеді. Заттар үнемі ракурстарды өзгертеді, олар бастапқы орнынан жаңа орынға көшкен жолын елестету керек. Осы жұмыстың барлығын окырман миы орындап шығады. Егер кинематограф карапайым мәтінді сәйкестендіретін болса, онда комикс стенографиялык жазбаны сәйкестендіреді: мәтінді алу үшін, оның шифрын ашу керек.
Бір уакытта оқырман көз алдынан «бұлтшалардағы» жазбаларды шығармауы тиіс, ол олардын стилистикалық реңкін аулай алу керек («күрс-күрсті» «важикпен» шатастырмау) және олардын пайда болуын анықтау керек. Банальды комикстерде дыбыстар палитрасы өте өрескіл және шектелген. Ал әзіл-сықақтық немесе мазмұны терең-комикстерде негізгі дыбыстарға ойдан табылған дыбыстар жиі қосылады, олардың да шифрын аша білу керек.
Қиял барлык компоненттерді - субтитрларды, диалогтарды, дыбыс-тық комментарийлерді, сурет және түсті - біріктіріп қосқан соң, көп уақыт бойы ұсталмаған сценарийдің көп сызықшаларын бір жалпы сызықка айналдырған сон, сюжет тұтасымен мазмұндалады. Оқырман -негізгі фигура, тек оның талпыныстарының арқасында ғана комикстегі барлық нәрсе мағыналы болады: әрекет етіп отырған кейіпкерлердің мінездері сипатталмаған; олар кейіпкерлердің кылықтары, осыдан шығатын өзара әрекеттестіктері, және оқырман алдында көтеріңкі түрде болатын әрекет аркылы шығарылады.
Алты-жеті жасар бала үшін бұл, ой мен фантазияның жеткілікті дәрежеде көлемді, күшті жұмысын, комикс деңгейі мен мазмұнына ка-рамастан, талап ететін тапсырма, бірақ казір бұл туралы әңгіме кетіп жатқан жоқ. Баланың киялы пассивті болып қалады, комикс оны үнемі козғалтады, талдауға және синтездеуге, классификациялауға, корытынды жасауға талпындырады.Егер баладан күшті зейін салу талап етілсе, ал
фантазиядан - оның ең жоғары тақайындалуының орындалуы талап
етілсе, онда ешкандай ойлар»-а орын жоқ.
Мен керек болса айтар кандай да бір уақытқа дейін баланың комикске деген басты кызығушылығы оның мазмұнымен байланысты емес, ол комикстің мазмұнымен және формасымен көркем кұрал ретінде байланысады. Бала үшін осы істің техникасын игеру маңызды, осы оған жетерлік. Ол комикстерді оқуды үйрену үшін, сәйкес ережелер мен шарттарды игеру үшін комикстерді оқиды. Оған қиял жұмысының өзі, кейіпкермен болып жатқан оқиғаларға қарағанда, көбірек ләззат алып келеді. Сюжет емес, ақылының жұмысы. Әрине, осы екі сот категориялык бөлуге келмейді. Бірақ ойларды ажырату қажет, бұл бізге бала мүмкіндіктерін, онын кез келген іске деген салмактылығын және ұқыптылығын бағалауға көмектеседі. Комикстер туралы қалғаннын барлығы осы күнге дейін айтылып қойылған, плюс және минус жақтары да белгілі, және оларды кайталауда ешкандай мән-мағына жоқ.
44. ЕЛЕС, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МЕКТЕП
Егер біз Британдықэнциклопедияғаүңілсек мұндағы сөздік макалада «интуиция» сөзі Кант, Спинор жэне Бергсон есімдерімен дәйектелінеді, бірак мұнда Бенедетто Кроче жайлы ештеңе зйтылмаған. Бүл дегеніміз Эйнштейннің атын ескермей гүрып, оның катыстылык теориясы жайлы айтканмен тен келеді. Байгүс дон Бенедетто! Мен оны сондай аяймын. Барлык күрделі операциясыНа қарамастан мен анағұрлым салтанат-ты жэне минималды құрылымдыкпен түсіндіруге мүмкіндігім бар деп үміттененмін.
Біріншіден, үйдегі, жұмыстағы философиялық сөздіктерді жэне эн-
циклопедияларды негізге <<елес» және «қиял» терминдері көп
жылдар бойы философия тлрихьшың монологиясы болып келгенін айтып өткім келеді. Психология бұлармен тек бірнеше онжылдыктар бұрын гана айналыса бастады. Қиірп танда мектептерде слестен гөрі зейін мен естс сактау қабілсперіне КӨІ| көңіл бөлінеді. Бүл тавданарлык жағдай емес. Зейін қойып тьцщай gjJ|y және жақсы есхе сақтау қабіле-ті бар окушыны үлп етіп К0рсетеді. Қымбаггы Джусти, сол баягы Травичеллоны!
Аристотельден эулие Августенге дсңінгі философтар өз тілдерінде екі түрлі сездерді колданбағ^ң^ тек ^елес-рі» «қиялдан» ажырату үшін ғана болмаса, жэнс бұл сөздермен eKj түрлі фуНкцияларды бслгілейді; жалпы бүл терминдср жайлы тіпті Бэкон мен декарт ха білмегсн болатын. Тек XVIII ғасырда гана «facuitas nngendi» (лат. киялдай алу кабілетін) өмірден алған эсерлерді ойша елестетуден айыра білу мүмкіндіктерін жасаған алғаш қадамдарын кездестіреміз. Осы бағытты ұстанган Кант өз еңбекетрінде репродуктивті және конструктивті елестету түрлсрі бар деп жазады. Фихте де осындай бағытты үстанады.
Елее пен киялдың айьфмашылыктарының нақты түжырымдама-сын жасаған Гегель болды. Оның ойынша елее те, киял да ақыл-ойдың қасиеті, бірак елеске бөленген ақыл-ой ол өндіруші болса, ал қиялға бөленген ақыл-ой ол жасаушы. Жалпы дамыған адамга бұлар кажет. Егер жоғарғы өнімділікке (ал шын мэнісінде табысқа) ие мифтерге негізделген когамга ұкыпты орындаушылар, жартылай адамдар, ерік-сіз қүралдар кажет болса, онда бұл - коғамды ауыстыру керек де-генді білдіреді. Оны өзгерту үшін, өз елестеріне ерік бере алатын, шы-ғармашылық кабілеттері жоғары адамдар қажет.
Әрине шығармашыл адамдарды казіргі коғам да іздеу үстінде, бір-ақ олар өздерінің ерекше мүдделерін көздейді. Кроупли өзінің «Шы-гармашылык» атты еңбегінде былай дейді. «Әлем өз калпында калу үшін шығармашыл адамдар кажет». Ерекше бас иіп күрметтейміз! Жоқ, мырзам, дүние, коғам бір орында калып қалмау үшін шығармашыл адамдар қажет, олар элемді ары карай дамытып, гүлдендіреді, міне олар не үшін керек.
Осы жерде қорытынды шығады: шығармашылыктын басталуы жайлы көп білу керек. Алдымен Т.Рибоның «Шығармашылық елес» атты еңбегін қарап шығып, кейін Марта Фатторидің «Тэрбиелеу және шыгармашылық» атты еңбегімен таныскан дүрыс. Марта Фаттори иллюстрациялайды, түсініктеме береді жэне керек жерінде»тіпті аме-рикандык зерттеулерге сыни көзкарстар айтып өтеді. (Қалай болган күннін өзінде бұл осы тақырып аясында жүргізілген алғашкы жұмыс-тар, бүл американдыктардың бай болғандығынын аркасында деп бі-реуі маған айтып көрсін. Көбіне олар басқаларга Караганда істейтін жұмыстарына барынша зейін аударып кіріседі. Жэне жай ғана керемет жұмыс істей біледі.)
Шыгармашылық - ерекше ойлаудың синонимі, яғни күнделікті қа-лыптаскан шектеулерден шыға алу кабілеті. Шығармашылық ой бұл -шыдамды, белсенді, басқалар байқамаган проблемаларды көре білу жэне оларды шешу жолдарын таба білу; басқалар өздерін жайсыз сезінгсн ортада езін ерікті, бос ұстай алуы; ол өз бетімен ешкімге (экесіне, профессорга, қогамга) тоуелсіз шешім қабылдай алады. Осындай қа-сиеттердің барлығы шыгармашылык процесінде көрініс табады. Бұл процесс - тындаңыз! тыңдаңыз! - «катал математика» кезінде болсын кызықты болады. (Дәл осы мэселе жайлы менің досым Пизан уни-верситетінің профессоры Витторио Кеккуччи «Шыгармашылык және математика» кітабында айтады. Альфред Нези «Корейлік дәптерлерін-дс» басып шығарады; профессор бүл туралы айтып қана коймай, соны-мен катар - электронды есептсуіш кұралдары аркылы матсматикалык оііындарды тәжірибе барысында дәлелдеп береді.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС


44 бөлім үшін мектеп жайында түсіндірме ретінде Бруно Чаридің «Оқыту әдістері» атты кітабынан үзіндіні келтіру керек:
«Көркем өнер, шыгармашылық іс-эрекст пен ғылыми жүмыс ара-сында ортак ешнэрсе жоқ сияқты көрінуі мүмкін. Расында, олардың арасында байланыс бар, ол байланыс, осыган коса, өте тығыз. Өз өзін корсету талпынысында бала бояғыштарды, бояуларды, кағазды, картонды, тастарды жэнс т.б. пайдаланады, ол қырқады, жапсырады, жасайды жоне т.с.с, ол осылай өзінде накты бір дағдыларды калып-тастырады: материалды пайдалана алу, жеткілікті дэрежеде накты, дэл болу іскерлігі, мүның барлығы жалпы гылыми дагдылардың қа-лыптасуына жол ашады. Ғылыми дагдыларда шыгармашылык аспскті-ге ис, бүл аспекті мынадан көрінеді: нағыз ғалым өзінің тэжірибелері үшін колында бар қарапайым кұралдарды пайдалана алады. Гылыми дайындык фактілерде, бақылауларда, жасоспірімнің шынайы тәжіри-бесіндс негізделу керектігін біз мойындаймыз, сондыктан менің мін-детім - келесіні айту: шыгармашылықтың маңызды түрі - коркем сөз катысушыны шынайылықка қырагы қарауга, тэжірибсге тсрең үм-тылуга үйретсді...»
Бруно Чари окушылары атжалмандарды өсіретін, майа жүйесі бойынша ессптейтін, шартты райды зерггейтін, мұзда етті сактау бойынша эксперименттер жасап, сынып кабинетінін жартысын көркем опер үстаханасына айналдырып жібергсн, - бір сөзбен айтканда, не іс-тссе дс, сол істің барлыгына фантазияны косатын.

ӨНЕР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ


(44-бөлімге қараңыз)
Әдіснама, эстетика жэне гылым қүрылымындагы аналогиялар мен гомологияларды шығару көзқарасынан шыгатын болсак, Уго Волли басшылыгымсн шыккан «Гылым жэне өнер» («La scienza et l'art». Mar-zotta, Milano, 1972) агты кітап кызықты болып табылады. Онын негізгі тсзисі кслесідей: «Гылыми жұмыс пен суретшінін жүмысы үшін оргак бір гана қасиет бар: шынайылықты модсльдеу үшін, оны игеру, өзгсрту үшін, басқаша айтқанда заттар мен фактілерге әлеуметтік мэн беру үшін багдар керек. Мүның барлыгы - шынайылыктың семиотикасы».
Жұмыстардың көпшілігі ғылым мен енердің дэстүрлік бөлінуінен шыгады, бірак олар осы шектеуді жоқ кылу, оның негізсіздігін дә-лелдеу және олардың ортак істерін ұксас кұралдармен біріктіруді ашу үшін ғана жазылган. Мысалы, компьютер математику де, жэне жаңа формаларды іздестіріп жаткан суретшіге де қызмет етеді. Кескіншілер, архитекторлар жэне ғалымдар пластикалық формалардың автоматтандырылған өндірісі орталықтарында бірігіп жұмыс істей-ді. Нейктің өзінің «компьютер-графигі» үшін формуласы «фантазия і-рамматикасына» жақсы сәйкес келер еді. Міне ол, мен оны эдейі келтіріп отырмын:
« «R» белгілерінің нақты санын жэне «М» ережелерінің нақты санын берейік, осы ережелер негізінде белгілер өзара сыйысады, сонымен катар «I» нақты бір интуициясын берейік, ол қандай ережелер мен кандай белгілерді, яғни қандай «R» мен қандай «М»-ді таңдау керектігін үнемі бекітетін болады. Осы үш элементтің («R», «М», «I») сыйысуы эстетикалық бағдарламаны қүрайды».
Мұнда «I» кездейсоқтыкты білдіретінін нықтап кетейік. Осы сыйысу көмегімен бір жағында «R» мен «М» - норма мазмүны бар, ал келесі жағында «I» - шығармашылық бастама бар «фантазия биномын» да білдіруге болады. Кибернетикалык кезеңге дейін Кли айтып өткен болатын: «Өнердс де гылыми ізденіс үшін жеткілікті дәрежеде орын бар».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет