Йодометрия әдісінің негізінде келесі реакция жатыр:
тотықтырғыш тотықсыз- дандырғыш Йодтың тотықтырғыштық және тотықсыздандырғыштық қасиеттеріне қарай йодометрияны екі әдіске бөледі:
ЙОДОМЕТРИЯ – титрант I2 ерітіндісі. Титрлеуді I2 бос йод ерітіндісімен жүргізеді, мұнда йод тотықтырғыш ретінде пайдаланады, индикатор – крахмалды бірден зерттелетін ерітіндіге қосады. Эквиваленттік нүктені крахмалдың йодпен көк бояуы пайда болуымен анықтайды:
2) ЙОДИМЕТРИЯ– титранттар KI және Na2S2O3 Титрлеуді калий йодиді KI ерітіндісімен жүргізеді, нәтижесінде бөлініп шыққан бос йодты натрий тиосульфатының стандартталған ерітіндісімен титрлейді. Мұнда (I-) йодид-ион тотықсыздандырғыш ретінде қолданады. Индикатор – крахмалдытитрлеудің соңында қосады.
Йод ерітіндісінің нақты титрі стандартталған Na2S2O3*5H2O натрий тиосульфаты ерітіндісі бойынша аптасына 2-3 рет анықталады.
Ал натрий тиосульфатының жұмысшы ерітіндісін қайта кристалданған тұзынан дайындайды, оның дәл концентрациясын K2Cr2O7 калий бихроматының стандартты ерітіндісі арқылы анықтайды.
Йодометриялық реакцияларды бірнеше жолмен өткізуге болады:
Индикаторсыз жолмен – бұл жағдайда ерітіндідегі бос күйдегі йод сары түске боялады, мысалы 0,1М 100мл ерітіндіде оның сары бояуы көзге жақсы көрінеді.
Йодтың сұйытылған немесе боялған ерітіндісін титрлегенде индикатор ретінде крахмал қолданады, оның әсерінен йод бар ерітінді қою көк түске боялады. Бұл реакцияның сезімталдығы жоғары, сондықтан йодтың концентрациясы дәлірек анықталады. Крахмалдың ерітіндісі тұрақсыз және бірнеше күн сақтағанда ауадағы бактериялардың әсерінен бұзылады, сондықтан оған хлороформ немесе HgI2 қосады. Крахмал титрлеудің соңында, ерітінді сарғыш түске боялғанда, қосылады, себебі йодтың жоғары концентрациялары крахмалды бұзады.
Йодпен қою көк бояуды крахмалмен қатар, коллоидты ерітінді түрінде болатын келесі қосылыстар береді– кейбір сирек кездесетін элементтердің ацетат тұздары, кумарин, флавон, -нафтафлавон, вариамин көк, үшфениларсоний йодиді және т.б. заттар.