Ғажайып қыс
(IV апта)
|
Дене шынықтыру
«Акробатика»
Балаларға дұрыс дем алу туралы түсіндіру. Таңғы жаттығулар кешенін орындай білігін тексеру.
Д/о: «Күннің шуағында ойнаймыз»
«Қысқа секіртпемен секіру»
Өз жүрісін қадағалау тәсілдерін қайталау. Қысқа секіртпе арқылы секірулерді қайталау.
Д/о: «Доптарды қуу»
«Еңбектеп жүру»
Гимнастикалық орындық үстімен жүруге үйрету. Бастан асырып екі қолмен допты лақтыру.
Д/о: «Көпірмен жүреміз»
|
Сөйлеуді дамыту
«Қыс қызығы»
Қыс туралы түсінік беру. Сурет бойынша әңгіме құруға үйртуді жалғастыру. Балалардың айтылған ойды тыңдауға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту.
Д/о: «Тында да айт»
Орыс тілі
«Дикие животные»
Ввести в словарь детей слова и выражения на русском языке, обозначающие диких животных, отвечать на вопросы, используя подходящие по смыслу существительные, глаголы, прилагательные.
Д/и: «Назови правильно»
Драма
«Айна» халық ертегіі
Баланың тілін дамыту, тірі табиғатқа мейіріммен қарап, қамқор болуға үйрету. Достық қарым-қатынас өзара көмек көрсету.
Д/о: «Шапалақта»
|
ҚМҰҚ
«Реттік санау туралы өткенді пысықтау»
Реттік санауды, «қанша?», «нешінші?» деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйретуді жалғастыру.
Д/о: «Сана шық және боя»
Жаратылыстану
«Тиін»
Қыс мезгіліндегі ауа райының жағдайларын бақылау және бақылаулардың нәтижелерін табиғат күнтізбесіне белгілеу дағдыларын жетілдіру.
Тиіннің қоректенуі, тіршілігі туралы айтып бере білу.
Д/о: «Тында да айт»
|