Мақсаты: ертегінің мазмұнын түсініп, он екі жыл атауларымен танысып, ертегіні рөлдерге бөліп ойнай алады.
Орыс тілі.
(Орыс тілі мұғалімінің жоспары бойынша)
|
Математика негіздері.
Тақырыбы: «Заттарды салмағы бойынша салыстыру»
Мақсаты: балалар үлкен -кіші, көп –аз, ауыр-жеңіл ұғымдары туралы түсініп, күнделікті өмірде оларды түрлеріне қарай ажыратып, салыстыра алады.
Жаратылыстану.
Тақырыбы: «Қысқы еңбек»
Мақсаты: қысқы еңбек туралы білімдерін пысықтау кезінде балалар қыс мезгілінде орындалатын еңбек түрлері туралы, оның пайдасы туралы айта алады.
Құрастыру.
Тақырыбы: «Сиқырлы қораптар»
Мақсаты: балалардың қағазбен жұмыс жасау дағдылары жетіліп бос қораптарды (тіктөртбұрыш пен төртбұрыш пішінде) түрлі-түсті қағаздарды пайдалана отырып, белгілі бір бейнелерді жасай алады
|
Сурет салу.
Тақырыбы: «Жаңа жыл мерекесі»
Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін тереңдетіп, қиялдау, елестету дағдыларын қолдана отырып суретті бейнелей алады.
Жапсыру.
Тақырыбы: «Қысқы орман»
Мақсаты:
Балалар қыс мезгілінің ерекшелігін түсініп, ормандағы аңдарға, құстарға қамқорлық жасай алады және балалар қоршаған ортаға деген өз сезімдерін бейнелеп, жапсыра алады.
Мүсіндеу. «Шана»
Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап,
шана түрлерімен танысып, ермексаз кесектерін ширату, созу тәсілдері арқылы шананы мүсіндей алады.
Музыка.
(Музыка жетекшісінің жоспары бойынша)
Музыка.
(Музыка жетекшісінің жоспары бойынша)
|