Математика негіздері.
Тақырыбы: «Сан мен заттың арасындағы сәйкестікті табу. Үлкен, кіші, кішкентай»
Мақсаты: сан мен заттың сәйкестігін тауып, заттарды көлемі бойынша салыстыра алады.
Құрастыру.
Тақырыбы:«Ұшақ»
Мақсаты: көлік және оның түрлері туралы әңгімелеп айтып, ұшақты құрастыруда материалдарды оның бөліктеріне сәйкес таңдап, жасалу ретіне қарай үлгі бойынша дұрыс құрастыра алады.
«Жаратылыстану
Тақырыбы: «Табиғатта қандай өзгерістер болды!» (табиғаттағы бақылау)
Мақсаты: балалар табиғаттағы, ауа- райындағы, өсімдіктер әлеміндегі, адамдардың киіміндегі қарапайым маусымдық өзгерістерді, жаз мезгілінің ерекшеліктерін атап айта алады.
|
Сурет салу.
Тақырыбы: «Күзгі орман» (сюжеттік)
Мақсаты: қылқалам және бояумен жұмыс істеуге дағдыланып, сүйкей жағу арқылы қағаз бетіне дақ түсіру кезіндегі қолдың қимыл-қозғалысын меңгеріп, ұқыпты жұмыс істей алады.
Жапсыру.
Тақырыбы: «Кемпірқосақ»
Мақсаты: кемпірқосақ түстерін есте сақтап, үлгіге қарап қиып жапсыра алады.
Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Себет» (заттық)
Мақсаты: себеттің қажеттілігі туралы әңгімелеп айтып, ермексазды бірнеше бөлікке бөліп, есу тәсілі арқылы себетті мүсін -дей алады.
Музыка.
(Музыка жетекшісінің жоспары бойынша)
Музыка.
(Музыка жетекшісінің жоспары бойынша)
|
Өзін-өзі тану.
Тақырыбы: «Менің туған күнім»
Мақсаты: жақсылық, қуаныш ұғымдары туралы түсінікті меңгеріп, жақын адамдарына қуаныш сыйлай алады.
|
Вариативтік компонент-3 «Кел, билейік»-1с (Хореография жетекшісінің жоспары бойынша)
«Театр әлемінде»-1с (Тәрбиешінің жоспары бойынша)
«Дарабоз»-1с (Компьютерлік сауаттылыққа үйрету жетекшісінің жоспары бойынша)
|
Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»
Достарыңызбен бөлісу: |