ІІ -апта (06. 09. -10. 09. 2021ж)
Мақсаты: отбасы, ана, әке, әже, ата, аға, әпкенің рөлі; отбасы мүшелерінің міндеттері туралы; отбасындағы жағымды өзара қарым-қатынасқа тәрбиелеу, өзара көмек, отбасының барлық мүшелеріне сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Міндеттері: -отбасы мүшелеріне сүйіспеншілік пен сыйластыққа тәрбиелеу.
-отбасы туралы алған білімдерін кеңейтуге ықпал ететін ойын жағдаяттарын ұйымдастыру.
-туыстық байланыс туралы түсініктерін дамыту: ана-әке, аға-апа, ата-әже.
1.Дене шынықтыру. (Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша)
2.Дене шынықтыру. (Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша)
3.Қауіпсіз мінез-құлық негіздері Тақырыбы: Мен үйдемін. Үйдегі қауіпсіздік.
Мақсаты: үйдегі қауіпсіздік ережелері туралы берілген мәліметті есте сақтап қауіпсіздік ережесін сақтай алады.
Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы:«Менің отбасым»
Мақсаты:отбасы мүшелерінің орны, олардың міндеттері туралы түсінік қалыптасып, оларға құрмет көрсете алады.
Сауат ашу. Тақырыбы: «Дыбыс» Мақсаты: дыбыс туралы түсінікті меңгере отырып сөйлем құрау арқылы сөздерді байланыстырып сөйлей алады.
Сауат ашу. Тақырыбы: «Дыбыстарды қайталау»
Мақсаты:балалар дыбыстарды қайталап, дыбыстардан сөз, сөйлем құрай отырып ойын тиянақты жеткізе алады