Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Көктемгі бақ»
Мақсаты: көктем мезгіліндегі ауыл жайымен танысып, бақтағы адамдар еңбегін екі үш сөйлем арқылы өз ойларын жеткізе алады.
Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: «Буын, екпінді қайталау»
Мақсаты: балалар буынды қайталай отырып, сөздерді буанға бөліп мысалдар келтіре алады.
Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: «Буын,екпінді қайталау»
Мақсаты: балалар буынға мысалдар келтіріп, берілген түрлі тапсырмаларды дұрыс орындай алады.
Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Көктемгі еңбек»
Мақсаты: балалар көктемдегі пайдалы еңбек түрлерін сурет бойынша әңгімелеп айтып бере алады.
Орыс тілі.
(Орыс тілі мұғалімінің жоспары бойынша)
|
Математика негіздері.
Тақырыбы: «Өлшеу»
Мақсаты: таңдап алынған өлшем бойынша сыйымдылықтарды салыстыруды үйреніп, есепті өздігінен талдап шығара алады.
Жаратылыстану.
Тақырыбы: «Ағаштарды не үшін отырғызады?»
Мақсаты: балабақша айналасындағы өсіп тұрған ағаштардың қасиеті туралы түсінікті меңгеріп, ағаштың алатын орны мен маңызы туралы өз ойын айтып жеткізе алады.
|
Сурет салу.
Тақырыбы: «Егістіктегі көліктер»
Мақсаты: балалар Диқаншы еңбегімен танысып, егістікке қажетті көлік түрлерін үлгіге қарап бейнелей алады.
Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Кесе»
Мақсаты: ермексазбен созу, жұмсарту, жалпақтау әдістері арқылы үлгіге қарап кесені мүсіндей алады.
Жапсыру.
Тақырыбы: «Егістікке қажетті құрал-саймандар»
Мақсаты: егістік даласына қажетті құралдармен танысып, көлемді жапсыру жұмысын достарымен бірге орындай алады.
Музыка
(Музыка жетекшісінің жоспары бойынша)
Музыка
(Музыка жетекшісінің жоспары бойынша)
|