Сурет салу.
Тақырыбы: «Кешкі қала»
Мақсаты: балалар кешкі қала көрінісін бояуды жағу, шашырату, сызу, әдістерін қолдана отырып үлгіге қарап бейнелей алады.
Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Жайлауда»
Мақсаты: ермексаз бөліктерін созу, ысу, домалақтау, есу әдістері арқылы жануарлар мен құстардың модельдерін қарапайым геметриялық пішіндер негізінде жасай алады.
Жапсыру.
Тақырыбы: «Көгалдағы балапан»
Мақсаты: балалар жырту әдісін қолдана отырып көгалдағы балапан бейнесін үлгіге қарап жапсыра алады.
Музыка
(Музыка жетекшісінің жоспары бойынша)
Музыка
(Музыка жетекшісінің жоспары бойынша)
|
Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: «Қазақстанның негізгі байлықтары»
Мақсаты: Қазақстанның негізгі байлықтары жөніндегі мағлұматтарды меңгере отырып, Қазақстанның байлықтарының елге пайда әкелуін қамтамасыз ететін түрлі мамандықтар туралы айта алады.
Өзін-өзі тану.
Тақырыбы: «Ризамын саған өзін-өзі тану әлемі»
Мақсаты: “Өзін-өзі тану” оқу қызметтерінде алған білімдерін, іскерліктерін қорытындылай отырып, балалар өз бойындағы жақсы қасиеттерін көрсете алады.
|
II апта 30.05. – 31.05.2022ж.
Өтпелі тақырып: «Біз мектепке барамыз»
Мақсаты: балалардың мектепке табысты оқуына жағдай жасау, әлеуметтік-мәдени, ақпараттық, ізденушілік-танымдық, көркем эстетикалық, дене бітімі дағдыларын дамыту;
Міндеттері: -мектеп, білім туралы түсініктерін жетілдіру;
-түрлі тапсырмалар орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту;
-білімге құштарлыққа баулу..
ІІ апта
|
1.Дене шынықтыру.
(Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша)
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |