Мектепке дейінгі ұйымдардағы
перспективалық жоспар мен
циклограмма
Перспективалық жоспар - оқу жылының әрбıр айына тәрбиешıлер мен мамандар
құрастырады.Балалардың жас
ерекшелıктерıн ескере отырып,оларды жан-жақты дамытуға бағытталады.
Бұл шартты орындау балаларға бıрıңғай тәсıлдı, бıрıңғай
талаптарды қолдануды қамтамасыз етедı, жоспар мен бағдарламаны орындауда
әрбıр тәрбиешıнıң жауапкершıлıгıн арттырады.
Ауысыммен жұмыс ıстейтıн тәрбиешıлер бıр–бıрıмен күнделıктı байланыста болуы, балаларды бақылау
нәтижелерı бойынша үнемı пıкıр алмасулары тиıс: олар бағдарламалық
материалдарды қалай игеруде, өзıнıң мıндеттерıн қалай орындайды, мәдени мıнез-құлық дағдылары қалай қалыптасуда, кıммен ойнайды және т.б
мәлıметтердı бıлуı қажет. Тәрбиешı өзıнıң тобындағы
балаларды жақсы бıлıп, әрбıр баланың даму
динамикасын зерделеу керек.
Қазақстандағы балабақшаның циклограммасында мұғалıмнıң әрбıр
жұмыс күнıне арналған сағаттық жұмыс жоспары бар. Циклограмманы құрастыру оқу жоспары мен балалардың күнделıктı тәртıбı негıзıнде жүзеге асады.
Балаларды қабылдау, ұйымдастырылған оқу қызметı, серуен, балалардың үйге қайтуы және т.б.
күн тәртıбıндегı процестердıң орындалуын қамтитын және өтпелı тақырыптарға сәйкес бıр
аптаға арналған циклограмма құрастырылады.
Циклограмма-бұл балалармен алдағы табысты жұмыстың түрıн, мазмұнын,
әдıстерı мен
тәсıлдерıн таңдау және жұмыс уақытын тиıмдı пайдалану тәртıбı.
Циклограммада өтпелı тақырыптарға сәйкес балалардың жас ерекшелıктерı ескерıлıп, әрбıр
күн тәртıбı сәттерıнıң ұзақтығы
анықталады.
Циклограмманы жоспарлауға қойылатын
талаптар:
- ұйымдастырылған оқу қызметтерінің тақырыптары Перспективалық жоспарға сәйкес анықталады;
өтпелі тақырыптың мазмұнына сәйкес бағдарламалық
материалды бөлуде жүйелілік пен сабақтастық ұстанымын сақтау;
Үлгілік бағдарлама мазмұнына сәйкес балалардың сапалы және толыққанды дамуы үшін жаағдайларды қамтамасыз ету;
балаларды тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ететін
инновациялық технологиялар, әдістер мен тәсілдерді қолдану;
циклограмманың құрылымдық бөлімдерін сапалы жоспарлау үшін заттық- дамытушы
ортаны қалыптастыру.
Ұйымдастырылған оқу ıс-әрекеттерı
Физикалық даму дағдысы
Коммуникативтıк
Танымдық және зияткерлıк
Әлеуметтıк- эмоционалдық
Шығармашылық және зерттеу ıс-әрекеттıк
Циклограммаға сәйкес күн балаларды қабылдаудан басталады, педагог ата-
аналармен бала туралы, оның
физикалық және психологиялық
жағдайы туралы әңгıмелеседı.
Балалар денсаулығын нығайту және сергек көңıл-күй тудыру мақсатында таңертеңгı гимнастика өткıзıледı.
Ұйымдастырылған оқу қызметтерı Циклограммада анықталған тақырыптарға
сәйкес өткıзıледı. Педагог ұйымдастырылған оқу қызметıн өткıзу үшıн алдын-ала қажеттı әдебиеттердı, оқу-әдıстемелıк кешендердı, суреттердı, ойыншықтарды, аудио-бейне материалдар және т.б. дайындап алуы қажет. Олар
өтпелı тақырыпқа сәйкес және бıлıм салаларын кıрıктıрудı қамтамасыз етуı тиıс.
Ұйымдастырылған оқу қызметıнıң құрылымы:
І. Кıрıспе бөлıм (тақырыпқа ену, өткен материалды қалай
игергенıн
бıлу үшıн жетелеушı сұрақтар, жаңа тақырыпқа бıртıндеп көшу).
Негıзгı бөлıм (жаңа тақырыпты ашу).
Қорытынды бөлıм (қайталау және бекıту).
Жоспарлауда топ педагогтерı мен мектепке дейıнгı ұйым мамандары құрастырған: серуен, таңертеңгı гимнастика, бақылау,
саусақ гимнастикасы және т. б. картотекаларын циклограммаға
Ұйымдастырылған оқу қызметтерı аяқталған соң балалар серуенге шығады. Әр серуеннıң мазмұны өтпелı тақырыптарға сәйкес болуы
шарт. Серуенде табиғат құбылыстарын бақылау, еңбек әрекетı, қимылды ойындар және дербес ойын әрекетı ұйымдастырылады.Серуеннен оралған соң балаларды өздıгıнен
шешıнуге, киıмдердı шкафқа жинауға үйрету қажет.
Тамақтану кезıнде педагог балаларды мәдени-гигиеналық
дағдыларға, құралдарды қолдана бıлуге
баулиды. Тамақтанып болған
соң қолдарын жуады, киıмдерıн шешıп, ұйқыға дайындалады.
Педагог балалардың тыныш ұйықтауына қолайлы жағдай жасайды.
Ұйқыдан тұрғаннан кейıн педагог шынықтыру және сауықтыру
шараларын өткıзедı.
Балалар бесıн ас ıшедı және содан соң тәрбиешı топтың заттық- дамытушы ортасында дербес ойын әрекетıн ұйымдастырады, балалармен жеке
жұмыстар жүргıзедı.
Достарыңызбен бөлісу: |