Петр Петрович Семенов-Тян-Шанский



Дата23.11.2022
өлшемі396,31 Kb.
#52156
Байланысты:
семенов тянь-шаньский




МӨЖ


Орындаған: Пернебек Н.
Группа: М1506-12
Қабылдаған: Таскараева К.

Шымкент 2022


Петр Петрович Семенов-Тян-Шанский қазақ тарихына жанамалай болсын қатысы бар тұлғалардың бірі. Батыс елдерінде ғылымның дамуы, солармен қатар Ресей империясының ұлғаюы, ондағы ипериялық ниеттің күшеюі – жақын шетелдердегі әлсіз халықтарды өзіне қалай қосып алудың жолдарын іздеуге итермеледі. Осы мақсатта құрылған ұйымдардың бірі Ресей географиялық қоғамы.
I Петр кезінде қазақ даласын «шығысқа шығатын кілт әрі қақпа» деп атады. Сондықтан оны танып-білу және империя құрамына қалай да қосып алу – ең үлкен мақсаттардың бірі болатын. Дегенмен осы мақсат белгілі деңгейде география ғылымына айтарлықтай үлкен үлестер қосты. Орыс географиялық қоғамындағы аса белгілі ғалымдардың бірі Петр Петрович Семенов-Тян-Шанский. Ол 1827 жылы 14 қаңтарда Ресейдің Липецк облысында дүниеге келген. Тян-Шанский фамилиясы оның Тянь-Шаньді зерттеудегі зор еңбегі үшін берілген. Петр Семенов Тянь-Шаньді зерттеместен бұрын батыс ғалымдарында «Тянь-Шань үлкен жанартаудың негізінде пайда болған» деген көзқарас болыпты. Ал 1856-1857 жылдары Семенов Тянь-Шаньға зерттеу жүргізу нәтижесінде оның жанартаудан пайда болмағанын байыптайды. Сонымен қатар бүгінде кең танымал Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Іле жазығы қатарлы атауларды география ғылымына енгізеді. Сондай-ақ Сырдария, Шу өзендерін зерттеп, 50 тау шыңының биіктігін өлшеп, 23 асуды зерттеп, 1500 ге жуық тау жыныстарын коллекциялап, көптеген өсімдік гербарийлерін жинады. Бұл өз кезінде әлі толығымен отарлық қамытқа түсе қоймаған елдің ең күрделі тау-шатқалынан, жер жағдайынан мол мәлімет берген аса үлкен нәтижелі зерттеу болды.
Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан 1913 жылы «Қазақ» газетінде Григорий Потанинге арнап жариялаған мақаласында: «1859 жылы Тянь-Шаньді зерттеу сапарынан қайтып келе жатқан Семенов Шоқан мен Потанинды көріп, олармен әңгімелесіп, білімді, талантты жастар екеніне көзі жетіп, екеуіне «Петерборға келіп университетке түсіңдер» деп тапсырма берген екен» деген ақпарат айтады. Осы тапсырмамен Шоқан Уәлиханов Петерборға оқуға түседі, кейін тағы осы Семенов-Тян-Шанскийдың ұсынуымен Орыс географиялық қоғамына мүшелікке өтеді.
Петр Семенов-Тян-Шанский Орта Азия мен Қазақстан туралы географиялық түсінікті қалыптастырған ірі ғалымдардың бірі. Ол имериялистік билікке қызмет қыла отырып та ғылымға өз қолтаңбасын қалдыра алды. Бүгінгі таңда да еліміздегі география ғылымы

тарихында Семенов Тян-Шанский есімінің өз орыны бар. Семенов-Тян-Шанский (1906 жылға дейін Семенов) Петр Петрович [2.(14). 1., қазіргі , Чаплыгин ауданы с. маңындағы иелік — 26.2. (11.3.)1914, Санкт-Петербург] — Ресей географы, статист, қоғам және мемлекет қайраткері, Санкт-Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі (1873). Орыс қоғамының вице-төрағасы (1873 — 1914).
университетінің жаратылыстану бөлімін бітірген . ж. Дон бойының флорасын зерттеп, магистрлік диссертация қорғады. 1853 — 55 ж. Германия, Швейцария, Италия, Францияның географиясын, геологиясы мен экономикасын зерттеді. С. 1856 — 1857 ж. саяхат жасап, бұл орасан зор тау жүйесінің жанартаудан пайда болғанын дәлелдеп, оның орографиясын және биіктік белдемдігін анықтады, ірі мұздықтарды ашты. бастауын зерттеп, өзеннің ағып шықпайтынын дәлелдеді. 50 тау шыңының биіктігін өлшеп, 23 асуды зерттеді, 1500-ге тарта тау жыныстарының коллекциялары мен өсімдік гербарийлерін жинады. Семенов Тян-Шанский география ғылымына Іле Алатауы, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Іле жазығы деген атаулар енгізді. Семенов Тян-Шанскийдің көмегімен Орыс География қоғамының әйгілі Орта Азиялық экспед-лары (Ш.Уәлиханов, Н.М. Пржевальский, М.Б. Певцов, Г.Н. Потанин, т.б. қатысқан) ұйымдастырылды. Семенов Тян-Шанский шет елдік және ресейлік 53 ғыл. мекеменің құрметті мүшесі, 20 ғыл. қоғамның мүшесі болып сайланды. Семенов Тян-Шанский саяхаты кезінде қазақтардың тұрмыс-салтымен терең танысты. Уәлихановты Орыс География қоғамының мүшелігіне ұсынды. Шоқан мезгілсіз қайтыс болған соң ғалымның еңбектерін жинақтап, жариялауға атсалысты. Семенов Тян-Шанский есімімен ондаған тау шыңдары мен мұздықтар, 30-ға тарта өсімдік, көптеген жануарлар туыстары мен түрлері аталады.
 - Орта және таулы жүйе. Орталық Тянь-Шаньға өрлеген алғашқы еуропалық ғалым-зерттеуші Петр Петрович Семенов болатын.1856 ж. бастап ол осы ауданға бірқатар күрделі сапарлар ұйымдастырды және өзінің ғылыми ерлігі үшін Тян-Шандық деп аталу құқығын иеленді. 1853 ж. өзінде Семенов құпиясы мол Тянь-Шаньға өрлеуді мақсат тұтты. Ресей сыртқы істер Министрлігі азиялық елдерді «географиялық ғылымның жаулап алуынан» қызғанышпен қорыды, бірақ бәрібір ғалымға Алтай мен Қырғыз даласында болудың сәті түсті. 1856 ж. Семейден Семенов Балқаш көліне дейін жетті.Ол өзінің «кебір ұшы» Алакөлмен бірге ортаазиялық қыраттарды біртектес қырғыз даласынан бөліп жатқан Балқаштың оңтүстік-шығысында ол оңтүстік-батысқа қарай созылып жатқан, «көз қарықтырардай... мәңгілік қар құрсауындағы» асқар таулардың тізбегін көріп, оны деп атады. Осы шоқылардан әрі қарай «төмен және ыстық» Іле өзенінің алқабы басталды. Оны жүріп өтіп, ғалым Верный (қазір бұл Алматы қаласы) қаласына тоқтады. Осы жылы зерттеуші Ыстықкөл жағасына ат шалдырды: «Оңтүстіктен көз ұшына дейін ... Ыстықкөлдің көк суы... қар алып қар тізбегімен құрсанған», - деп сипаттайды өз әсерін Семенов. Бұл оның «қиялындағы Тянь-Шань» - шоқысы болатын (Батыс Тянь-Шаньдағы таулы шоқы). Теріскей Алатауының асуынан ол ертегідей табиғат көрінісіне сүйсіне көз тастады. Оның алдында «көрініп тұрған ең ұлы асқақ таулы қыраттар мұнартты. Ол жоғары-төмен жайылған қармен жабылған. Дәл ортасында дара, жылдам өзінің алып ұзындығымен бас айналдыратын аппақ өткір шыңды пирамида көзге шалынады» - ұзақ уақыт бойы Тянь-Шаньның ең жоғарғы нүктесі (6995) болып есептелген Хан тәңірі шыңы осы болатын. Сарыжаз өзенінің алабына түскен ол өзеннің бастауына дейін жетті, алдынан қарсы алған мұздықтарды тамашалаған соң, Верныйға қайтып оралды.
1850 жылы қыста 1847 жылы ағасы Николайға мұраға қалған Рязанка иелігінен бірнеше шақырым жерде Петр Петрович Гремячка селосында Вера Александровна Чульковамен (1833-1853) кездесті; 1851 жылдың күзінің соңында олардың үйлену тойы өтті. Ұлы Дмитрий 1852 жылы дүниеге келген; Алты айдан кейін әйел цинга ауруынан қайтыс болды. 1861 жылы П.П.Семенов екінші рет - өзінің ескі досы Елизавета Андреевна Заблоцкая-Десятовскаяның (1842-1915) қызына үйленді. Олардың жеті баласы болды: Ольга, Андрей, Мануил (1868-1871), Вениамин, Валерий (1871-1968), Измаил және Ростислав (1878-1893, туберкулезден қайтыс болды).
Бес ұлдан он үш немере сүйген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет