Пікір беруші, филология ғылымдарының докторы, С



Pdf көрінісі
бет310/322
Дата15.09.2023
өлшемі8,8 Mb.
#107975
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   322
Байланысты:
Абайтану Қмж

 
 
 
 
2-
тапсырма.
Жұптық жұмыс.
Жазушы туралы мәліметтер берілген 
мәтін бойынша сұрақ құрастыр. Келесі 
жұпқа қой, жауабын бағала
 
https://ust.kz/word/
gylymi_joba_kamen_oraza
lin_sygarmalaryndagy_aba
i_taqyryby-11546.html 
Сабақтың соңы 
7 минут 
Рефлексия 
«1 – 1- 1» 
Пайдалы болды – Сұрағым бар -
Ұсынысым 
Ауызша өз ойын ортаға салады 
Үйге тапсырма: 
 
А.Кемелбаеваның 
жазушы туралы «ҚАРАОРДА 
ҚАРАУЫЛДЫҢ АБЫЗЫ ЕДІ» 
мақаласын оқы, өз пікіріңді білдір .
https://old.egemen.kz/?act
=readarticle&id=8984
 
ҚОСЫМША 
 
«…
Атақты сәулетші, құрылысшының абыройы аса берді. Ұмыт замандар 
қайта жаңарған. Ұмыт бола жаздаған есімдер халық жадына қайта оралған. Дала 
архитектурасы да тәуелсіздік алып, көл-көсір жазира даламыздың төрінде ұшқан 


378 
аққу-қаздардай қайта самғады. Ежелгі ерлік, ежелгі даңқ еске түсіп, байырғы 
дәулет пен сән-салтанат, салт-сана ойға оралды. Бағзы жәдігерліктерге жан бітіп, 
көне дәуірлерден шежіре соқты. Соған сенген сәулетші-ақын, сәулетші-жазушы 
көкірегінен көрікті жырлар мен көп сезімді күмбірлеткен өлеңдер жазды. 
Осының бәріне ол соңғы жиырма бес жыл ішінде қол жеткізді. Өлімнен аман 
қалып, өзінше ізденіп, өз бетімен өмір сүрген, өзін бостан сезінген жылдардың 
жемісі. Сайынның жанашырлары көп те, жөн көрсетер басшылары жоқ. Ол болса 
өз бетімен тәуекел етті. Өзін-өзі сомдаған сәулетші, суреткер. Бүгінгі өмірде 
сонысымен қымбат. 
Сәулетші-қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайын 
Назарбекұлы. Балалық досының 75 жылдық мерейтойына арналған мақала сыйы 
Әбекең өмірден өткен соң, ұлт газеті «Ана тілінде» 2015 жылдың
24 желтоқсанында жарық көрген. Қазақтың арда ұлы, данасы мен дарасы атанған 
Әбіш Кекілбаевтың «Асқарларға шақырар асқақ мұрат» атты бұл мақаласы Сайын 
Назарбекұлына арнаған соңғы лебізі, соңғы жүрекжарды болғанымен, алғашқысы 
емес, өзінің достық жүрегімен қоса, бұдан бұрын да көлемді еңбектер арнаған.
Ал Әбіш Кекілбаевтың бала кезгі досы Сайын аға әрдайым «Мен қысылсам, 
Әбішім бар ғой», өмір жолдарында сәл нәрседен күдіктене қалса, «Әбіш не дер 
екен?» деп досына талай тәтті сөзін арнаған. Эсселер мен толғаулар, әңгімелер мен 
пьесалардың барлығы бір кітаптан асарлық екен. 50-дегі Сайын досы әрі ағасын 
«Менің пірім» деп атай бастапты. «Әбішті көптеген азаматтар танитын, білетін 
шығар. Ал менің оған ешкімнің ортағы жоқ өз Әбішім бар. Ол – менің Әбішім. Сан 
ғасырлар бойы қазақ халқының сарыла күткен бостандық атты бақыт құсы басына 
қонған шақтағы, біз де егемен ел болып кететін болдық-ау деген сенім жүрегіне 
ұялаған шақтағы елдің жүрегі мен тілегінің, арманы мен кісілігінің баламасындай 
болған жақсылар мен жайсаңдар талай Жәнібек, талай Жиренше дараланар, аттары 
аңызға айналар. Солардың біреуі менің Әбішім боларына мен өз басым сенімдімін» 
деп жазыпты ол. Қай шығармасын болмасын, шынайы сезіммен жазуға ұмтылып, 
оқырман жүрегін елжіретпей қоймайтын сәулетші-қаламгер Сайын Назарбекұлы 
туралы Әбіштен басқа да қазақтың белгілі тұлғалары қайта-қайта қалам тартқан. 
Жерлесіміздің өмірі мен еңбек жолы туралы көлемді дүниелер жариялап, тіпті 
Сайын ағаны танып білу мен оның шығармаларын түсіну үшін кітап жазған. 
Сайын өлеңдерін көзбен емес, көңілмен оқу керек. Әр сөзін оймен өлшеп, 
жүрекпен таразылай білу қажет» деп Сайын Назарбек шығармашылығын биікке 
көтереді. 
Жерлесіміздің өмірі мен еңбектері туралы кітап жазған экономика 
ғылымының докторы, профессор Мырзагелді Кемел: «Қазақта бірнеше мағына 
беретін сөздер көп. Соның бірі – «Жаса» деген сөз. Жаса дегеннің бір мағынасы 
«Көп жаса, өмірің ұзақ болсын» деген сөз. Тағы бір мағынасы: «Жасар ісің 
таусылмасын, шығармашылығың таси берсін, артыңда үлгі болар іс қалдырып, 
жасампаздықпен ғұмыр кеш» дегенге келеді. Сізге осы «Жаса!»-ның екеуін де 
тілеймін. Өмірге бейтарап қарамайтын, қолынан келгенін жасайтын азамат 
адамдарды жаным қалайды. Сізбен жолықтырған тағдырға ризамын. Бойымды мұң 
баса қалғандай болғанда сіз есіме түсетін болдыңыз» деп толғанса, айбынды ақын 


379 
Темірхан Медетбек Сайын өлеңдері туралы «Сайын сөзбен ойнамайды. Сайын 
сөзбен ойлайды. Сайын сөздерді жонып отырмайды. Сайын сөздерді қорғасынға 
ұқсатып, ерітіп, құяды» деп әдемі суреттеген. 
Қазақтың игі жақсыларынан осындай жоғары баға алған Сайын Назарбек 
Маңғыстау жерінде 1909 жылы туған Назарбек Сәрсенұлы мен 1916 жылы туған 
Жаңылдық Қойшығұлқызы атты қарапайым шаруалардың отбасында өмірге 
келген. Бар ғұмырын Тигенде өткізген Тоқтамыс бабаның ұрпағы Назарбек пен 
Жаңылдық 1932 жылы шаңырақ көтеріп, 1941 жылдың 2 қаңтарында Сайын атты 
ұлды болыпты. Ата-бабалардан жеткен әңгімелерге сенсек, Тоқтамыс қол бастаған, 
қазақ-жоңғар соғысында батыр атанған. Оның немересі Еспембет те қазақ-түрікмен 
тайпалары арасындағы қақтығыстарда батырлығымен көзге түскен деседі. Бұдан 
кейінгі ұрпақ-Тағыберді отар-отар түйе өсіріп, бай болған. Ал Сайынның атасы 
Сәрсен жас кезінде сері болып, зергерлік өнермен, егіншілікпен айналысыпты. 
Серіліктен болар, малдан айырылып, кедейленген. 
90-
жылдардан бастап құрылысшы Сайынның қазақтың тарихи тұлғалары мен 
киелі орындарға көптеген зираттық сәулет ғимараттарын тұрғызу бағытында 
қызметі басталады. Бүгінде еліміздің бірқатар аймақтарында сәулетші Сайынның 
қолтаңбасы бар тарихи маңызды ескерткіштер жетерлік. Маңғыстауда Абыл ақын, 
Досан батыр, Долы Апа күмбездері, Тобықтыдағы Бекет Ата мешіті, Баянауылда 
Сұлтанмахмұт Торайғыров күмбезі, Оралда Сыдық батыр сағанасы, Шыңғыстау 
өңірінде «Абай-Шәкәрім» мұнаралары, «Омархан-Нұржамал» кесенесі, Тобықты 
Тоқтамыс батыр, Мамай батар, Кеңгірбай би, Көкбай ақын күмбездері, Ділдә, 
Әйгерім, Ақылбай сағаналары, Қаратау өңірінде «Домалақ-ана», Жары Тоқтамыс 
батыр кесенелері, Атырау өңірінде «Хан Ордалы Сарайшық» кесенесі, Исатай-
Махамбет мешіті, Нұрғали Тасмағамбетов сағанасы, Алатауда Әзілхан 
Нұршайықов күмбезі жерлесіміздің ерен еңбегі мен кәсіби шеберлігінің нәтижесі. 
Қазақ халық «Экология» Академиясының академигі, Қазақстан 
ескерткіштерін қорғау қоғамының құрметті мүшесі, Ш.Құдайбердиев атындағы 
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының құрметті профессоры, Қазақстан 
Жазушылар, Сәулетшілер одақтарының мүшесі. 
1996 жылы республика Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен, 
бірнеше рет облыс әкімдерінің Құрмет грамоталарымен марапатталған ол, сондай-
ақ Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет Өтемісов 
атындағы сыйлықтың лауреаты, Атыраудағы Махамбет және Семейдегі Абай 
аудандарының құрметті азаматы. 
Қазақ халқының ұлы перзенттері Абай Құнанбайұлы, Нұрсұлтан Назарбаев 
және Әбіш Кекілбайұлы сынды тұлғаларға арналған «Ұлы Дала Ұлдары» атты 
еңбек жазған Сайын Назарбекұлы қазір қазақ даласында өткен тарихи тұлғалар мен 
тарихи орындарға тұрғызылған өзінің сәулет ескерткіштері туралы «Ұлы Дала 
Таулары» атты естелік кітабын жазу үстінде. 
Мен Сайынмын ғой!… 
Ақын болып ағымнан жарылғанмын! 
Ойын ұқтым абыздың, дарындардың! 
Сол ойлардан тоқыдым шекпенімді, 


380 
Жаным сезді ежелден сарын барын. 
Бәріңді де, бәріңді танимын ғой! 
Айтпақ болғам сендерге пайымды ой. 
Ес білгелі жүрегім соқты сен деп, 
Мен балаңмын, ақының Сайынмын ғой! – деп жырлаған Сайын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   322




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет