ҚОСЫМША Қазақ поэзиясының классигі Абай мұрасы жайында қазақ әдебиеттану
ғылымында жүздеген зерттеулер жасалған. Абайдың ақындық даналығы мен
даралығын танытуда 1949 жылдан өмірінің соңғы сағатына дейін еңбектенген
академик Зәки Ахметовтің бұл саладағы үлесі салмақты. З.Ахметовтің әдебиет
теориясындағы ең басты тақырыбы абайтану екені айқын.
Абай поэзиясы - өз заманындағы қоғамдық өмірдің ең көкейкесті, ең күрделі
және маңызды мәселелерін қозғаған, толғаған поэзия екендігі даусыз. Оның
өлеңдерінде қазақ өмірінің көркемдеп бейнеленген телегей теңіз шындығы бар.
Алайда ақынның осы шындықты айтуда әсіре қызылдыққа бармаған, керекті-
керексіз жерінде сөздерді боямалап, әшекейлемегендіктен оның шығармалары
адамды баурап алар тартымдылыққа ие. Абай шығармалары қазақ әдебиеті мен
мәдениеті тарихында өзінше бөлек, өрісі аса биік, мүлде жаңа ой-пікір, көркем
сезім әлемін ашқандығы да сондықтан деп ойлаймын. Жасандылық атаулы Абай
поэзиясына жат нәрсе екендігі сан мәрте қайталанып айтылуда. Абайтану
саласында ақынның өлең құрылысы, оның тіл шеберлігі хақында академик Зәки
Ахметовтің зерттеулерінің орны өзгеше. З.Ахметов бүкіл ғылымдағы мағыналы
ғұмырын Абай мұрасын зерттеуге арнаған ғалым.
З.Ахметовтың Абайдың лирикалық шығармашылығында сезім дүниесінің
орасан зор байлығын, сезімнің нәзіктігі мен өткірлігін танытатын тіл кестесіндегі,
айталық, тек «жүрек», «көңіл» секілді ұғымдарды қайта құлпырта пайдаланғаны
туралы ғылыми тұжырымдарының өзі Абайдың тіл шеберлігін одан әрі тани түсуге
оқырманға септігі тиері сөзсіз. Зерттеуші ақынның бір «жүрек» сөзінің негізінде
ақындық ой-сезімді жеткізуде 23 түрлі тіркес жасағандығын және олардың
контексте сезімнің сан құбылып өзгеруін көрсететін сипаттамалар. 28 ретінде
қалай қолданысқа түскенін көркемдік-эстетикалық тұрғыдан әдемі талдайды.
З.Ахметов Абайдың көңіл-күй лирикасына «жүрек» сөзінің оқушыны баурап
алатын керемет күшін, жан тебіреністі, көңіл толғанысын, сезім лүпілін
танытудағы құдірет мәнін ақын өлеңдерінің әр контексінен мысалдар келтіре
отырып, терең мағына береді. Сөйтіп, сөз тіркестерінің мағынасын құлпырта
мағына береді.» - деген пікірді негізге ала отырып, өз
ойыңды 7-8 сөйлеммен жаз.