393
толы өлке.
Семей шаһарынан шығып, ежелгі «Бал-Татарақ» бекетіне қарай беттейтін
тақтайдай тегіс тас жолға түсісімен жолаушының назарын ұшы-қиырына көз
жеткізгісіз ен дала, сағымға мінген сансыз белдер, тобықты тымағындай болып әр
жерде жарысып жетектей ала жөнеледі. Сонда алдыңнан ұлы Мұхтардың балалық
шағы өткен Бөрлі ауылы кездеседі.
Ауылдың Бөрлі атану себебі, бұл маңдағы
төбелерде қасқырлардың апаны көп болғанға ұқсайды. М.Әуезовтің атасының
қыстауы болған жер кейіннен жазушының мұражайы болды.
«Абай – Шәкәрім» мемориалдық кешен құрылысы 1993 жылы наурыз айында
басталды. Кешен авторлары шексіз иен далада қандайда алып аспанмен таласқан
зәулім ғимараттың көз ұшында қамшы сабындай болып шолтиып көрінетіндігін
ескере келіп, қос арыстың қабірлерін қымтай көтерген
қос мұнараны платформа-
стилобат, қарапайым тілмен айтқанда қабырға тағанның үстіне қоюды ұйғарды.
Тағанның қабырғалары тіктен-тік өрілген жоқ, үш кезеңді суреттегендей еді.
Алыстан қос мұнара бірдей сияқты көрінгенмен, олардың биіктігі де, аумағы да екі
түрлі. Абайға арналған мұнараның тұрқы – 32,5 метр, ал шеңберінің шар ені –
12 метр. Шәкәрім қажының мұнарасының тұрқы да, шарені де ағасынікінен бір
метрге кем.