9
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы
маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайтану
негізінен Абайдың туғанынан
бастап, азамат болу кезеңдерін зерттейді. Абай және оның өскен ортасы, ақын
болып қалыптасу кезеңі
негізінен сол дәуірдің қоғамдық сипаты мен халықтың әлеуметтік тұрмысына
байланысты өзіндік жалғасын тауып отырады.
Жалпы, курстың мақсаты-Абай Құнанбайұлының қазақ жазба әдебиетінің
көшбасшысы ретінде құбылыстық сипатын, бүкіл ақындық әлемін, өлең өнеріндегі
өзгешілігін, шеберлігін танытуға бағытталған. Бұл курс өзіне төмендегідей
міндеттерді жүктейді:
-
Абай Құнанбайұлының шығармашылығының зерттелу жайына тоқталып,
абайтану ғылымының тарихынан мәліметтер беру;
-
Ұлы ақынның ғұмырнамасына байланысты тың деректерге иек сүйеп,
ақынның жазба әдебиеттің көшбасшы ретіндегі орынын айқындау;
-
Абайдың қазақ поэзиясына
әкелген жаңалығын айтып, өлең өрнектерін
дамытудағы рөліне тоқталу;
-
Ғұлама ойшылдың философиялық нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып,
тәлімгерлік тағылымы жайында сөз ету;
-
Ақынның аудармадағы еңбегіне тоқталу, басқа ел шығармаларын қазақ тіліне
аударудағы шеберлігін айқындау.
«Абайтану» курсында Абай мұрасын жан-жақты әрі терең танытуға
мүмкіндіктер
жасай отырып, оқушылардың ғылыми танымын қалыптастыруды
басты нысана етіп алып отыру.
Абайтану өзінің даму жолында аса күрделі қиын жолдардан өтті. Абай
мұрасының жайын білу, бағалау саласында саяси-әлеуметтік жағдайларға
байланысты қоғамдық ой – санада қым – қиғаш талас – тартыстар өріс алғаны
белгілі. Сондықтан тәуелсіз заманның уақыт талабына орай жаңа таным мен соңғы
көзқарастың ғылыми тұрғыдан тың байламдарын бүгінгі заман жастарының
санасына сіңіру міндеті алға қойылып отыр.
Абайтану-
қазақ әдебиеттану ғылымының саласы.
Абайтану Абай
Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық,
эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді
дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы
зерттеу еңбектерін
қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы мақалаларынан
басталды деуге болады.
Абайтану тарихы 1889 жылы басталып, қазақ әдебиетінде 50 жылдары өpic
алды. Бұл мәселені тұңғыш рет сөз етіп, өз алдына арнайы түрде
зерттеу
қажеттілігі ең алдымен Мұхтар Әуезовтің, сонымен бірге Сәбит Мұқанов, Қажым
Жұмалиев, Есмағамбет Самұратұлы Ысмайылов, Митрофан Семенович Сильченко,
Әбіш Мұсылманқұлұлы Жиреншин еңбектерінде көрініс тапты.
10
Ал ұлы Абайды тану, жазу, зерттеу процесі ақынның көзі тірісінде-ақ
басталған болатын және бұл процесс жүз жылдан бастам уақыт өтсе де ешбір
үздіксіз, үнемі дамып, жетілу үстінде. Ғасырға жуық уақыт ішінде кемел қалпына
келіп, әбден мойындалған абайтану ғылымын зерттеу объектісі етіп, одан әрі
дамыта түсу бүгінгі күннің өзекті, көкейкесті мәселелерінің бірі деп тануға болады.
Күні кешегі
зерттеулерді жан-жақты қарап, салыстырып, бүгінгі күннің
тұрғысынан бастап баға беріп отырудың өзі өзекті мәселе болып табылады.
Абайтану ғылымы мен абайтану тарихын салыстыра, қос-қабат алып зерттеп
жүрген ғалымдар еңбегінің маңыздылы, оқырман қызығушылығын арттыра түсері
сөзсіз.
Әдебиеттану ғылымының тұжырымдары, байыптаулары,
әдебиеттану
ғылымының өзіндік ерекшеліктерін қарастырған ғылыми еңбектер Абайтанудың
негізгі методологиялық әрі теориялық негізі болды. М.Әуезов, М.Мырзахметов,
З.Ахметов, Қ.Мұхаметханов, Ғ.Есімов С.Мұқанов, Р.Бердібай, С.Қирабаев тағы
басқа да көптеген ғалымдардың еңбектеріне, монографиялық кітаптарына, сондай
ұжымдық ғылыми зерттеулерге назар аударылып, қажетті кезінде ретіне қарай
пайдаланылды.
↑
Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл.
ISBN 978-601-282-175-8
https://kk.wikipedia.org/wiki/Абайтану
Достарыңызбен бөлісу: