§3. БЕЛЛЕТРИСТИКА
"Беллетристика" (фр. belles lettres – әсем сөз өнері) сөзі түрлі мағынада ұғынылады: кең
мағынасында – көркем әдебиет (бұл қолданыс бүгіндері ескірген); ал, өте тар
мағынасында – әңгімелеуші проза. Беллетристика бұқаралық әдебиеттің аралық буыны
ретінде қарастырылып, кейде тіпті оған теңдестірілді.
Бізді қызықтыратыны осы сөздің басқа бір мәні: беллетристика дегеніміз – бұл "екінші"
қатардағы әдебиет, үлгілі емес, бейклассикалық, бірақ та, сонымен бірге, "төменгі"
("оқылатын") әдебиеттен даусыз құндылығы мен түбегейлі ерекшелгі жағынан
өзгешеленетін, әдебиеттің орта кеңістігі болып табылады. Орыс беллетристикасы туралы
кітаптың авторынша, өзінің қалыптасуы кезінде әдебиеттің осы қатпары (классикадан
өзгешелігі) «ортаңқол», «дүбәра», көп жағдайда еліктеуші, бірақ та, сонымен бір мезгілде,
«жалпымәдени дамудың қозғаушы факторы да»[385] болып табылады.
Беллетристика біртектес емес. Оның аясындағы ең маңыздысы, көркемдік кең
құлаштылыққа ие емес және өзіндік айшықтылығы бар, бірақ та, өз елі мен дәуірінің
проблемаларын сөз ететін, өз замандастарының, кейде, келешек ұрпақтың рухани және
өрелілік сұранымына жауап беретін туындылар шоғыры екендігі. Осы тәрізді
беллетристика, В.Г. Белинскийше, "нағыздықты, ойлықты және күн тәртібіндегі
сауалдардың сұранысын" танытады[386] және де осы мәнінде ол "жоғарғы әдебиет"
сияқтанып, онымен терезе теңестіреді.
1880-1910-шы жылдар аралығында бірнеше мәрте қайыра басылған Вас. Ив.
Немирович-Данченконың (1844-1936) көптеген романдары, хикаяттары, әңгімелері тап
осындай. Әлдебір өзіндік көркемдік ашылымын танытпаған, мелодрамалық эффектілерге
бейім және де әдеби штамптауды ұтымды пайдаланған осы бір қаламгер, сонымен бірге,
орыс тірлігі турасында әлдебір өзіндік ойын айта білді. Немирович-Данченко өмірлік
адалдықты ұлттық өмір факторының басты факторы деп санап, "үлкен жүректі" "бірден
көзге түспейтін жандардың" келбеті мен тағдырына өте жіті назар аударды: "Олардың бәрі
тас қабатындағы <...> желі секілді, әйтеуір, бір жерге жерленеді"[387].
Өте жиі кездестін жайт, тарихи мезеттің ойын баурап, қажетілігін тап басқан кітап өз
замандастарынан жылы сөз естігенімен, кейінірек мүлдем оқылудан шығып қалып, тек
мамандардың ғана қызығушылығын тудыратын әдебиет тарихының құндылығына
айналады. Мысалға, граф Вл. Соллогубтың "Тарантас" хикаяты кезінде дәуірі ұзаққа
созылмаған тап осындай бақытқа ие болды. Осы қатарға, М.Н. Загоскин, Д.В. Григорович,
И.Н. Потапенколардың туындыларын жатқызуға болады.
Өз дәуірінің әдеби-қоғамдық лебіне үн қататын (немесе үн қатуға тырысатын)
беллетристика әр текті құндылықта болып келеді. Бір жағдайда ол өз бойына өзіндік
өзгешелік пен жаңашылдықты (көркемдікке қарағанда, идеялық-тақырыптық жақтан)
сыйдырса, басқа жағынан – көпшілік жағдайда (не толықтай) еліктеуіш және эпигондық
сипатта болып келеді.
Эпигондық (көне гр. epigonoi – кейін туған) дегеніміз – бұл "шығармашылық үлгілерге
шығармашылықсыз ілесу"[388], бұған қосарымыз, жақсы таныс әдеби тақырыптар мен
сюжеттерді, мотивтерді тынымсыз қайталаушылық, оның ішінде, алдыңғы қатарлы
қаламгерлерді эклектикалық (көркемдік жинақтау арқылы) қайталау. М.Е. Салтыков-
Щедринше, "әлеуетті де, қуатты таланттардың маңдайына өз соңынан еліктей
ерушілердің ұзынан-ұзақ қатарын жазып қойған"[389]. Осылайша жаңашыл Н.М.
95
Карамзиннің "Бейшара Лиза" хикаятының соңынан бір-біріне егіз қозыдай ұқсас
шығармалар ағыны ("Бейшара Маша", "Бақытсыз Маргаританың тарихы" және т.б.)
туындады. Осыған ұқсас жағдай кейінірек, Н.А. Некрасов пен А.А. Блоктың
поэзияларындағы тақырып, мотив, стилистика бойынша орын алды.
Эпигондық кейде әдебиетте өз үні бар, айтар сөзі бар талантты қаламгерлерге қауіп
тудырады. Осындай жағдай Н.В. Гогольдің ("Ганс Кюхельгартен" поэмасы) мен Н.А.
Некрасовтың ("Арман мен дыбыстар" лирикалық жинағы) алғашқы туыныларында басым
еліктеушілік сипат алды. Кейбірде өзін танытқан қаламгер кейінірек өзін-өзі қайталап, өз-
өзінің эпигонына айналады (біздіңше, осы бір аурудан ақын А.А. Вознесенский қашып
құтыла алған жоқ). А.А. Феттің айтуынша, поэзия үшін "өзіңді-өзің қайталап, шейіт
болудан асқан" ештеңе жоқ[390].
Бұдан бөлек эпигондық пен дербестіктің бастау көздерінің басының бір жерге
тоқайласуы да ұшырасады. Мысалға, С.И. Гусев-Оренбургскийдің хикаяттары мен
әңгімелерінде, тап осындай болып келеді де, онда Г.И. Успенский мен М. Горькийге
айқын еліктеумен қатар, замананы (негізінен алыс түпкір дін иелерінің өмірін) өзіне тән
айқара ашып көрсете алудың батылдығы ұшырасады. Эпигондық қаламгер үшін дәстүрлі
көркем форманың тірегі және жалғастығы бола алмайды. (Көркем шығармашылық үшін
ең тиімдісі еліктеушіліксіз жалғастық ұстанымы болып табылады[391]). Бұл ең алдымен,
қаламгерде өзіндік тақырыптың және идеялардың, эклектиктік формалардың жоқтығын,
олардың еш өзгеріссіз, ешбір өңдемесіз өзіне дейінгілерден алғандығын танытады.
Бірақ та, шынайы байыпты беллетристика эпигондықтың тұзағынан аман қалады. Үздік
беллетрист-қаламгерлер (Белинскийше: "қарапайым таланттар" М.Е. Салтыков-
Щедринше: "шебердің шәкірттер" шеберлер сияқты "әрбір мектепте" бар)[392] әдеби
процестің құрамында ізгі де, жауапты рөл атқарады. Олар үлкен әдебиет және тұтас қоғам
үшін қажетті. Ірі сөз зергерлері үшін олар "нәр беретін арық пен пайымдаушы ортаны"
құрайды; беллетристика "өзінше, сөз асылдарының тамырынан нәр алады"; қарапайым
таланттар кейде еліктеу мен эпигондыққа елтігенімен қатар, "кейбірде, кейінірек классика
тереңдете түрен салатын тақырыптық, проблемалық астардың тамырын басады"[393].
Күн тәртібіндегі «өзекті мәселеге» белсене үн қосушы беллетристика, «уақыт үзігінің»
лебін, оның қамқорлығы мен алаңдауын сезініп, тек ағымдағы сөз өнерінің құрамында
ғана емес, өткен дәуірлердің қоғамдық және мәдени-көркем өмірін ұғыну үшін де
маңызды. "Өз кезінде үлкен табысқа ие болып, тіпті біршама деңгейде қоғамға ықпал
ететін туындылар болады. Бірақ та, "өз уақыты" өткен кезінде бәрінің қызығушылығын
тудырған туынды бірте-бірте ұмытылып, мұрағатқа өткізіледі. Оған көңіл бөлмеуге тек
қана замандастарының емес, сонымен бірге жекелеген ұрпақтарының да құқығы жоқ,
сондықтан бұл жағдайда әдебиет сенімді құжатты құрып, соның негізінде оңайлықпен
дәуір келбетінің сипатын қалпына келтіріп, оның талап-тілегін білуге болады. Бұдан
шығатыны, туындыны тап осындай оқып үйрену қажеттілік және жақсы әдеби тәрбие
берудің кілті" деп жазды М.Е. Салтыков-Щедрин [375].
Кейбір жағдайда беллетристика жоғарғы жақтың әмірімен классика дәрежесіне де
көтеріледі. Кеңестік кезеңнің көптеген шығармалары, тап сондай, мысалға, Н.А.
Островскийдің "Құрыш қалай шынықты", А.А. Фадеевтің "Тас талқаны" мен "Жас
гвардиясы". Оларды канонданған беллетристика деп атауға болады.
Беллетристикамен бірге өз дәуірінің проблемаларын талқылайтын, қызықты да, жеңіл
де ойсыздықпен оқылуға бағыт ұстанған туындылар кең қолданылады. Беллетристиканың
осы бұтағы "формулалыққа" және авантюралыққа бүйерегі бұрып, келбет-кескінсіз
бұқаралық өнімнен өзгешеленеді. Онда тұрақты түрде авторлық индивидуалдық бой
көрсетеді. Ойлай білетін оқырман қашанда А Конан-Дойль, Ж. Сименон, А. Кристи
сияқты авторлар арасындағы айырмашылықтарды айқын аңғара алады. Осындай сезіліп
тұратын индивидуалдық өзіндік ерекшелік беллетристиканың бір тегі ғылыми
96
фантастикада аңғарылады: Р. Брэдбериді Ст. Леммен, И.А. Ефремовті – ағайынды
Стругацкийлермен шатыстыру мүлдем мүмкін емес. Бастапқыда қызығылықты деп
қабылданған туынды уақыт сынына төтеп беріп, біршама деңгейде әдеби классика
мәртебесіне жуықтауы да ықтимал. Мысалға, А Дюма-әкейдің романдарының тағдыры
тура осындай, олар сөз өнерінің жаһұттары болып табылмайды, әрі көркем мәдениетті
байытпайды, бірақ та, бір жарым ғасырдан аса уақыттан бері оқырмандар арасында зор
ықыласқа ие.
Қызығылықты беллетристиканың өмір сүруге құқықтылығы, оның жағымды мәні
(әсіресе, жасөспірімдер арасында) талас тудырмайды. Бірақ сонымен бірге оқырман
қауымның назарының толықтай осындай әдебиет тегіне ауып кеткендігі қажет емес. Бұл
жерде Т. Манның: "Қызғылықты оқу деп аталатындар, әлбетте, өмірде болмайтын ең
сүреңсіздік"[395] дегеніне құлақ асқан жөн.
Беллетристика әдеби шығармашылықтың (байыпты-проблемалық және қызғылықты
бұтағы) "отраша" аясы ретінде әдебиеттің "асқақ", сонымен бірге "төменгісімен"тығыз
қатынаста болады. Бұл біршама деңгейде авантюралық және тарихи роман, детектив пен
ғылыми фантастика жанрларына қатысты болып келеді.
Авантюралық роман өзінің қызғылықтығымен, адамды өзіне арбап алатын айла-
шарғылығымен көп жағдайда әлем әдебиетінің жұрт таныған классиктері Ч. Диккенс пен
Ф.М. Достоевскийлерге қарыздар. "Париж құпиясы" романы туралы мақаласында
Белинский "Диккенстің романдарының басым бөлігі отбасылық құпияға: тағдыр
тәлкегіне түскен байлар мен атақты әулеттердің тастанды балаларының заңды мұрасынан
айыру үшін туыстары тарапынан қуғынға ұшырауына негізделген <...> Диккенс осы бір
күрмеуі қиын дүниені кең ауқымды поэтикалық таланты арқасында шеше білуге
қабілетті", - деп жазып, сонымен бірге, Э. Сю романының ағылшын романисі
туындыларына қарағанда (""Париж құпиясы" – Диккенс романдарына ебедейсіз және
сәтсіз еліктеуші") сыңары екендігін атап өтті[396]. Кейбір жағдайда "отбасылық құпияға"
негізделген шешім Диккенс тарапынан детективтік мотивтер арқылы күрделендіріледі
("Суық үй" романы). Детектив шеберлерінің бірі, біздің заманымыздың танымал
романдары "Ай сәулелі асыл тас" және "Ақ киген әйелдің" авторы, ағылшын жазушысы У.
Коллинз Ч. Диккенстің "Біздің ортақ досымыз" романының қосар авторы болды. Ч.
Диккенспен достық, әрі әріптестік кейін А. Конан-Дойль мен Ж. Сименон есімдерімен
танылған қайрымды да, көркем, толыққанды детективтік прозасының негізін
салушылардың бірі Коллинздің әдеби іс-әрекетіне игі ықпал етті.
Әлем әдебиетіндегі жоғарының "орта аяға" игі әсері Ф.М. Достоевскийдің көркемдік
тәжірибесінен танылады. Достоевский өзінің "Кітап және сауаттылық" (1861) атты сыни-
көсем сөздік мақаласында халық арасына қызықты да, тартымды оқиғалы кітаптарды
жеткізудің қажеттілігін "Егер маған, ақылды жұрт менің кітабымда пайдалылық аз десе,
халық менің туындымнан бірінші жолы... "Ару мұсылман қызынан" еш айырмашылықты
таба алмайды[397] деп жазады. Мейлі олар, бірінші жолы мәселенің парқын біле алмасын
деп жауап берем. Бәрі бір олар өздерінің сүйікті кітаптарынан өзгеше екендігін ұғынады
<...> Егер мен оның тініне ынтығушылық пен қызғылықтылықты енгізсем, өз кітабымда
азда болса да төмендегідей нәтижелерге қол жеткізем: 1) менің кітабымды оқыған жұрт
"Ару мұсылман қызын" ұмытады; 2) ұмытқаны аз емес; ол менің кітабымының одан
артықшылықта екендігін сезінеді, жақсы туындының қасиеті талғам мен парасатты
тазалау <...> Ақыр соңында, 3) менің кітабым сыйлаған ләззат <...> азда болса халық
арасында кітап оқуға деген ынтазарлықты оятады"[398].
Достоевский өз толғанысы арқылы қалың оқырман қауымының шығармашылық
тәжірибесін қалыптастырудың қажеттілігін сөз етеді. Тап сол 1861 ж. "Время"
журналында оның "Жәбірленгендер мен қорланғандар" романы басыла бастайды, бұл –
туындыда Достоевский прозасының қызғылықты беллетристика дәстүрімен көп
97
мөлшерде байланыстылығы аңғарылып тұрады. Кейінірек әдебиет сыншылары романның
түрлі қоғамдық топтар арасында зор табысқа жеткендігін еске ала отырып: "Олар бас
алмай оқып, авторға бас иді; сын өзінің ғұлама да, беделді Добролюбов арқылы <...>
өзінің ықтаяттығын танытты"[399] деп жазды.
Достоевский кейінгі жылдары да беллетристика мен бұқаралық әдебиетке тән баяндау
әдістерін кеңінен қолданды. Қылмыстық фабулаларды көркемдікпен байыптауды өзінің
"Қылмыс
пен жаза", "Әзәзілдер", "Ағайынды Карамазовтар" сынды даңқты
романдарындарында кәдеге жаратты [400].
Достарыңызбен бөлісу: |