Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов


ұғымдары" "шектен тыс абстракцияға айналады да": "мұрагерлік турасында



Pdf көрінісі
бет120/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   127
ұғымдары" "шектен тыс абстракцияға айналады да": "мұрагерлік турасында 
принципі – күрес пен ауысым болып табылатын әдеби құбылыстың эволюциясы 


240 
жайында емес, мектептердің, эпигондықтың қылаң бергендігі жөнінде сөз ғана сөз 
етуге тура келеді"[899].
Бүгіндері әдебиеттану бұл ұғымдарды мүлдем қажетсінбейді деген ойлар да айтылып 
қалуда. М.О. Чудакова "Тынянов пен оның жақтастарының еңбектеріндегі өте-мөте атап 
өтерлігі, әлбетте, айқындау емес "дәстүр" ұғымын дискредитациялауы, олардан кейін әрі-
сәрі күйде қалып, өзіне ғылымнан тыс мәтіндерден пана тапты. Оның орнына "цитата" 
(реминисценция) және "әдеби астар мәтін" (басым көпшілік жағдайда поэтикалық 
мәтіндер үшін)" ұғымдары келді деп жазады[900].
Тап осындай "дәстүр" сөзіне және оның тереңде жатқан мәніне сенімсіздікпен 
қараушылықтың артында "антидәстүршіл" Ф. Ницше мен оның ізбасрарлары ой-
пікірлері тұр. "Заратустра солай деді" поэма-мифінің қаһарманының адамдарға қойған 
талабын еске түсірейік: "Ескі <...> скрижалды талқандаңдар"; "Мен оларға (адамдарға.- 
В.Х.) әулиелер мен ақындарға <...> күліңдер деп бұйырдым"[901].
Жауынгер антидәстүршілдіктің үні бүгіндері де естіліп қалады. Таяу өткен шақтардағы 
З. Фрейдтің ницшеандық рухтағы интерпретацияға ұшыраған фразасы: "Өзіңді Эдиптік 
кешен қалай бұйырады, солай, әкеңді өлтіргендей, өзіңе рухы жағынан жақын, әрі аса 
күшті өзіңе дейінгіні тек өлтіре сынау арқылы ғана таныта аласың"[902]. XX ғ. шешуші 
антидәстүршілдігі өзінше дәстүр түзуі бір түрлі кеңкелестеу көрінеді, әрине. Б. Гройс, 
"Ницше қазір заман ойы үшін айналып өтуге болмйатын жойқын бағдарға айнаған" 
есептейді: "<...> дәстүрден қол үзу дегеніміз – бұл оның артынан басқа деңгейде ілесу, не 
болмаса, үлгілерден қол үзудің де өз дәстүрі бар" деп тұжырымдайды[903]. Оның соңғы 
фразасымен келіспеске шараң жоқ.
Бүгінде дәстүр ұғымы әдебиеттануға тікелей қатысы бар байыпты ой алшақтығы мен 
дүниетаным қарама-қарсылығының алаңына айналып отырған жайы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет