75
мифологиялық санада дағдырыс орын алып, құдайлар тарихы ендігі жерде өзіндік
поэтикалық құндылыққа айналды деп тұжырымдайды Шеллинг. Сонымен бірге, рулық-
тайпалық одақтардың күрделене түсіп, іріленіп, бірігуі кезінде мифология байығып,
түбегейлі түр өзгешелігіне ұшырады. Бұрынғы рулық-тайпалық рух, әзірейіл және
тотемдерден ендігі жерде құдаят және қаһармандық индвидтер үстем түсті. Мифтер
политеистік, монотеистік діни санамен тығыз байланысқа ие болып (ғұрыптар мен
дұғалардың, ал, монотеизмде діни ілім догматтары мен ережелерін, канонданған
мәтіндерді) компоненті түзді.
Көп тәңірге табынушылық туралы ұғым негіз болған антикалық мифологияны
классикалық деп атау қалыптасып, бүкіл Еуропаның ортақ құндылығына айналды.
Антикалық мәдениеттің құрамында мифтік тарихи дәстүр (В.Н.Топоров) еніп,
мифтендірілген аңыздар мәнділікке ие болады да, миф шығармашылығының объектісіне
ежелгі тарихи оқиғалар «Иллиада», «Одессея», «Энеида», ал, Еуропадан тысқары көне
үнділік «Махабхарата» айналады. Сонымен бірге өтіп кеткен алтын ғасыр, одан кейінгі
күміс және темір ғасырлары туралы миф біздің дәуірімізге дейін жетті. Осы дәуір туралы
біз Гесиодтың «Еңбектер мен күндерінен», Овидийдің «Метаморфоза» поэмаларынан біле
аламыз.
Политеистік негізінде адамдар қауымының тірлігіне араласатын «құдайлар пантоены»
пайда болып, халықтық эпостарда айшықталады. Мифтендірілген аңыздардың
қаһармандары ретінде көбіне құдайдың ұлдары, жарты тәңірлер (гректерде – Геракл мен
Тезей; үнділерде – «Махабхаратадағы» Пандавтар) көрініс береді. Осылайша мифтік
шығармашылық антропологияланып және тарихтандырылып, қаһармандық сипатқа ие
болады.
Мифология монотеистік діндерде (иудей, ислам, христиан) белсенді этикалық реңке
бөленіп, канондық, апокрифтік, фольклорлық сипат иеленеді. /Космогондық бастау көз
(әлемнің 7 күнде жаратылуы), антропогония (адамзаттың Адам ата Хауа ананың өмірге
келуі) т.с.с./
Тарихи ежелгі мифология өзінің сипатталған үш түр өзгешелігін, өзінің мәдени-
тарихын Жаңа уақытқа дейін сақтады. Вагнердің сөзімен айтсақ, «жаңа әлем» өзінің
теологиясымен, ғылымымен, саясатымен, өнерімен «мифтен шығармашылық қуат
алды»[313].
Өнер мен әдебиетте күні бүгінге дейін тарихи ежелгі мифологияның сюжеттері мен
персонаждары қолданыс тауып келеді. Олар өзгеріске ұшыратылып, түрлінше нұсқада
кәдеге жаратылуда. Оларсыз Жаңа уақыт әдебиеті мен өнерін көз алдыңа елестету мүлде
мүмкін емес. Мәселен, Гомердің «Одессеясы» Дж.Джойстың «Улисс» романына арқау
болды.
Көріп отырғанымыздай, тарихи ежелгі мифтер (рулық-тайпалық және кейінірек пайда
болған политеистік, монотеистік) мәңгілік өмірге ойындық сипаттағы көркем-образды
мәлімет түрінде ғана емес, сонымен бірге, имандылық сұранысына жауап бере алатын
терең мағынаға толы әлем туралы түсініктің арқасында ие болды.
Тарихи ежелгі мифологияның Жаңа уақыт әдебиеті және өнерімен байланысына
қарағанда осы кезеңде туған мифология одан да терең қарым-қатынасқа ие болды. Енді
осы турасында сөз ететін боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: