102
(психология, автордың көзқарасы мен ғұмырнамасы, әдеби шығармашылықтың
әлеуметтік генезисі және туындының оқырмандарға әсері) көмекші және қосалқы деп
әділетті айтылады[417].
В.Ф. Переверзевтің "Гоголь шығармашылығы" (1914) кітабы мен оның кіріспесіндегі ой
түйіндеуі (орыс әдебиеттануындағы алға басудың нышан-белгілері) қызғылықты. Ғалым
әдебиеттану мен сын көркем туындыдан "аулақ кетіп" басқа нәрселермен айналысып жүр
деп сөз етеді. Ол "Менің этюдім Гоголь туындыларымен ғана істес болып, басқа жаққа
бұрылмайды" деп мәлімдеді. Өз алдына гогольдік туындылардың ерекшелігіне "барынша
тереңдей ену" міндетін қойды[418].
20 жылдардағы теориялық әдебиеттану әр текті және әр бағытты. Формалдық әдіс (В.Б.
Шкловский бастаған жас ғалымдар тобы) және К. Маркс пен Г.В. Плеханов (В.Ф.
Переверзев пен оның мектебі) жасап шыққан әлеуметтік принцип өздерін біршама
жарқырата танытты. Бұл кезде теориялық поэтика саласының айтулы жетістігі болып
саналатын әдебиет туралы ғалымның тағы бір қатпары бар еді. Ол өз замандастарының
назарын өзіне онша аудара қоймаған М.М. Бахтиннің (көп бөлігі таяуда ғана жарияланған)
еңбектерінен, А.П. Скафтымовтың[419], С.А. Аскольдовтың, А.А. Смирновтың[420]
мақалаларынан тұрды. Бұл ғалымдар герменевтика дәстүрін жалғастырып, көп және аз
мөлшерде ғасыр басындағы отандық діни философия тәжірибесіне арқа сүйеді.
30-шы одан кейінгі жылдардағы біздің еліміздегі жағдай теориялық поэтика үшін өте
қолайсыз болды. 10-20-шы жылдардың мұрасын игеру және байықтыру тек 60-шы
жылдары ғана басталды. Ең зор жетістікке Ю.М. Лотман тарту-мәскеу мектебі жете
алды[421].
Кітаптың аталған тарауында бұрынғы және қазіргі қолданыстағы мектептер аясында
бекемделген "бағыттаушы", сондай-ақ, индивидуалды-авторлық "бағытаудан тысқары"
сынды түрлі ғылыми концепцияларды есепке ала отыра, теориялық поэтиканың басты
ұғымдарына жүйелі сипаттама беру тәжірибесі қолға алынды.
Достарыңызбен бөлісу: