118
арасындағы (әлбетте, сәйкесушілікпен алмастырылмайтын) мәнді теңдестік жағдайы.
Пушкин табандылықпен "Евгения Онегиннің" оқырманына өз кейіпкерінің өзі жататын
ортаның ("мейрімді, менің достым") екендігін ұғынуы керектігін ұсынды. В.Г.
Распутинше, ең бастысы, "автор өзін кейіпкерлерінен жоғары сезінбеуі керек, олардан да
тәжірибелімін деп санамауы керек": "Тек жұмыс үстіндегі тең құқықтылық таңғажайып
ауанымен жанды қуыршақ фигурасымақтарды емес, нағыз тірі қаһармандарды өмірге
әкеледі"[475].
Осындай ішкі теңдестік өз кезегінде жазушының өз ойынан шығарған және сомдайтын
тұлғасына сұхбаттылық қатынасы арқылы туындайды. Осыған көңіл аударған М.М.
Бахтин: "Единство мира Достоевский әлемінің біртұтастығы өзін индивидуалды
эмоционалдық ерік-жігер біртұтастығына ұрындыруға жол бермейді" дейді. Және де
ғалым: " автор санасының монологтық біртұтас әлемі <...> Достоевскийдің романында
тұтастықтың элементінің бір бөлігі болып" деп тұжырымдады. Автордың сұхбаттылық
ұстанымы, ғалымның пікірінше, "қаһарманның дербестігін, ішкі еркіндігін, аяқталмау мен
шешімін таппаушылығын бекемдейді", оның санасы өзінің санасымен "тең құқықты"
болып келеді. Сонымен бірге Бахтин "кез келген әдеби туындыға" "туындыгердің
соңғы
мағыналық сатысы" тән болып келеді, яғни, автор еркі өзі өмірге әкелген персонаждар
әлемін құшағына сыйдыра алады деп өз мойындауын жасады[476]. Ғалымның айтуынша:
"кейіпкер – танытушы емес, танылушы", ол "автормен өзара әрекеттестікте бәсең" дей
келе: "туындының ең басты қыры" – бұл автордың "тұтас қаһарманға" деген "тұтасқан
реакциясы" деп үстеді[477].
Әдеби туындылар, бірақ та, өздерінің дербес өмірінде оқырман санасында өмір сүріп,
дүниеге келген шақта автор еркіне бағынышты болмайды. Қаһарман бір мезетте өзінің
қайталанбастығын сақтйа отырып, өмірілік қатынас пен мінез-құлықтың белгілі бір
символына айнала алады. Гамлет,
Дон Кихот, Тариоф, Фауст, Пер Гюнттар
жалпыеуропалық мәдениет құрамында; ал, орыс санасында – Татьяна Ларина
(Достоевскийдің оның образын тамаша тәпсірлеуі арқасында), Чацкий мен Молчалин,
Ноздрев пен Манилов, Пьер Безухов пен Наташа Ростовалар тап сондай болып келеді.
Оның үстіне, А.С. Грибоедов пен Н.В. Гогольдің танымал персонаждары 1870-1880-шы
жылдарда М.Е. Салтыков-Щедрин туындыларына "қоныс аударып" жаңа өмірдің
шырағын жаға білді. Ф. Сологуб: "Егер де тарихи қайраткерлердің өмірі романдар мен
драмаларға арқау болатын болса, онда,
олар біздің жанымызға жақын, туындыгерлері
ойларына алмаған кейде біз егжей-тегжейіне дейін айтып бере алатын <...> Раскольников
туралы, Евгений Онегин жайындағы романдар мен драмалар болуы мүмкін" деп атап
көрсетті[478].
XX ғ. басында Ставрогин, Иван мен Алеша Карамазовтар өздеріне сыншылар,
көсемсөзшілер, философтардың жіті назарын ынтықтыра аудартып, заманалық өзекті
проблема ретінде қызу пікірталастың ошағына айналды. Иван Карамазовқа талай
еңбектер арналып, "Ұлы инквизитор" поэмасы өмірге келді[479]. Сол кездегі Ставрогин
мен Алеша Карамазовтардың фигурларының өзектілігі турасында Вяч. Ивановтың "Тірі
аңыз" мақаласы куә бола алады. Міне, оның аяқтама фразасы: "Біз, православиені азат
отаным және өз еркіндігіміздің отаны деп білдік, біз, Русьтің қасиеттілігіне, святую, как в
Русьтің ғалам
кіндігі екендігіне сенушілер, біз – бұрынғы Достоевскийдің "орыс
балалары", оны өз ойындарында Иван ханзада сайлайтын Алеша Карамазовтың
құрдастары едік. Алеша – символдық жинақтаушы тип, оны айқын емес деуіміз құр
бекершілік болатын, ол турасында өзге жолы сөз етуге болатын, Достоевский бекемдеп
өмірг әкелген жаңа орыс санасындағы адамдар типі. Сондықтан да, егерде осы жолдарды
қағаз бетіне түсірген ой ауандағы топтың өкілдерін "алешалықтар" деп атауға болар еді-
ау? Бердяев "алешалықтармен" бірге болуды қаламйады; оның "Иван ханзадасы" өз
119
туындыгерінің ойға алғанынан мүлдем бөлек Николай Ставрогин, Бердяев оны оны
өзінше түзеп, өзінше оңалтып отыр[480].
Кейде әдеби персонаждар жазушының шығармашылығы мен еркін есепке алмай
қабылданған шақта көсемсөздік ой толғаудың себепшісіне айналады. Төңкеріс алдындағы
Ресейде өз еліндегі ниглистік пиғылдағы әдебиетшілер отандық
тіршіліктің символдық
мәнісін беруде әдеби қаһармандарды оңдырмағаны белгілі. Федор Павлович Карамазов М.
Горький тарапынан "орыс жанының", "формасыз және алақұла", "қорқақ та, дөкір",
"Қаһарлы Иванның мейрімсіз рухының" көркемдікпен енгізілуі деп қарастырылды.
Горький шығарған "Летопись" журналының беттерінде гогольдік Подколесин "орыс
жанының негізгі құрылымы" деп қарастырылса, гончаровтық Обломов орыс халқының
бүкіл таптарының жиынтығы деп бағаланды; иті азаптап өлтіретін қаныпезерлер (И.А.
Буниннің "Соңғы күн" әңгімесі), орыс топырағындағы азиятшылыдық деп кекесінмен
интерпретацияланды [481].
Даңқты әдеби қаһармандар өз туындыгерінен азат өмір кешеді, олардың дербес өмірі
тек қана әдеби мәтін (көркем және көсем сөздік) бойында ғана емес, басқа да өнер түрлері
туындыларында: музыка, сурет, графика, сұңғат. Әдеби қаһармандарға қойылған
көптеген ескерткіштер (мысалы, Мадридтегі – Дон Кихот пен Санчо Пансоға)[482]. Әдеби
туындылардың персонаж дары кейбірде туынды конмәтінен тыс екінші өмірге ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: