Пікір жазғандар


А мәтіні Төремұрат АЙМАҒАМБЕТОВ



бет50/74
Дата22.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142588
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   74
Байланысты:
Пікір жазғандар-emirsaba.org

А мәтіні
Төремұрат АЙМАҒАМБЕТОВ,
«Медиаторлар одағы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры:


Жеткіншектің жазасын жеңілдеткен жөн
Соңғы кездері жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық азаймай отыр. Мұндай күрделі мәселені шешу мақсатында елімізде сот әділдігінің жаңа тетігі – ювеналдық әділсот заңдық негізде іске асырылып, арнайы орган – кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі соттар құрылды. Ювеналдық әділеттің негізі болып табылатын бұл соттарға тек жазалау шаралары ғана емес, ең алдымен алдын алу жұмыстары жүктеледі және кәмелетке толмағандарды оңалтумен айналысатын қоғамдық институттар көмекші ретінде тартылады.

Біздің бірлестікте «Кәмелетке толмағандарды сот өндірісіне бағыттау орталығы» жұмыс істейді. Ондағы психологтар мен әлеуметтік жұмыскерлер кәмелетке толмағандарға қатысты сот процестеріне қатысып, айыпталушы жасөспірімдерге қатысты құжаттарды ресімдеуге тікелей қатысады. Баланың әлеуметтік портреті, отбасы, тұрмыс жағдайы туралы акті және жеткіншектің жеке психологиялық мінездемесі сияқты құжаттар сот әділдігін атқаруда, айыпталушының бұл қылмысқа баруының себептерін анықтап, баланың болашағына балта шаппайтындай, бірақ тәрбиелік мәні бар жаза түрін қолдануда шешуші рөл атқарады.


Айта кетерлігі, «Кәмелетке толмағандарға қатысты сот әділдігі. Медиация» жобасының аясында бірнеше айыпталушы жеткіншектің жазасы жеңілдетіліп, оларға шартты түрде жаза қолданылды. (146 сөз). http://www.astana-akshamy.kz/zhasospirim-nege-qylmys-zhasajdy/
Ә мәтіні
Құқық пен мораль
Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды.
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі. Құқықтың ерекшелігі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де көрсетілген. Президент - нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар – нормативтік шешімдер қабылдайды.
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді.
1. Адам құқығы
2.Табиғи азаматтық құқық
3.Экономикалық - әлеуметтік, мәдени құқық
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі, 30 бабы құқыққа арналған. (136 сөз). http://bilimdiler.kz/tarbie-sagaty/28910-zhasospirim-zhane-zan.html

А мәтіні


Ә мәтіні


Тақырыбы




[1]

Мәтіндер қандай стильде жазылған?



[1]

Мәтіндер қандай типте жазылған (баяндау, сипаттау, талқылау)?



[1]

Мәтіндердің құрылымы толық сақталған ба?



[1]



2-тапсырма. Әр мәтіннің мазмұны бойынша перифразаны қолдана отырып, 3 сұрақ құрастырыңыз. [6]








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет