Пікір жазғандар


-мәтін Қоршаған ортаны қорғау



бет57/74
Дата22.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#142588
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   74
Байланысты:
Пікір жазғандар-emirsaba.org

4-мәтін
Қоршаған ортаны қорғау
Біздің елімізде қоршаған ортаны корғау бүкіл мемлекеттік міндет болып табылады. Табиғаттың шынайы келбетін сактауды қамтамасыз етуде құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісіне маңызды орын беріледі, өйткені жете ойластырылмаған жұмыс әдістері орны толмас зардаптарға ұрындырады, мәселен, ормандардың және жас көшеттердің жойылуына, ортаның өзгеруіне, жерасты және жерүсті суларының режимін, ортаның экологиялық тепе-тендігін бұзуға әкеліп соғады.

Қазіргі заман табиғатты қорғаудың міндеті болған табиғат ресурстарын тиімді пайдалану сырт ортаны түрлі ластанудан сақтау, табиғи байлықтарды сақтау мемлекетімізде қоршаған ортаны қорғау комитетіне жүктелген.


Табиғат ресурстары адамзаттың жасауы үшін табиғат қойнынан алып пайдаланатын түрлі заттар. Оларға: топырақ құнарлығы, өсімдіктер түрлері, су, кен, орман, көмір, мұнай, адамзат техникаларға энергия көзі болған түрлі жанатын заттар, жабайы өсімдік және жануарлар, адамзатқа қосымша қоректік болған т.б. кіреді. Солай етіп табиғи ресурстар адамзат қауымының материалдық базасын жарататын бір бүтін дене болып есептеледі. (127 сөз). https://znanija.com/task/16710155


Оқылым
Тапсырма
1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбын, мәтіндердің типтерін, құрылымын салыстырыңыз. Мәтіндер қандай стильде жазылған?
[4]
А мәтіні
Ата Заңым бабалардың лебізі,

Ата Заңым барлық заңның негізі.


Арқа сүйер Ата Заңда адамды,
Артық санау, кемсітудің жоқ ізі.
Еркін елдің Ата Заңы ардақты,

Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.


Адам кұқы бостандығы, теңдігі –
Барлығын да қарастырған жан-жақты.
Ата Заңмен арайланған айналам,

Басшы орынға сайлаймын да, сайланам.


Білім алам, еңбек етем, дем алам,
Қартайғанда зейнеткер боп жайланам.
Ата Заңым – мемлекет айбыны,

Ата Заңым – ақыл ойдың айдыны.


Туған жердің – Қазақстан елінің,
Ата Заңмен қорғалады байлығы. (73 сөз).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет