Пікір жазғандар



бет18/156
Дата27.09.2024
өлшемі0,83 Mb.
#145965
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   156
Байланысты:
БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Жоспарлау қызметі


Жоспарлау ұғымы «кең» және «тар» деп белгіленетін екі негізгі мәнге ие. Жоспарлау қызметі кең тұжырымда бірқа- тар мақсат қоюды, болжауды, атқаруды ұйымдастыруды, т.б. басқарады. Жоспарлау барлық қызметтерді, бүкіл бас- қаруға тұтастай ұйымдастырудың қажетті дәрежесін бере отырып, бірлесе ұйымдастырады. Стратегиялық жоспарлау- дың, яғни басқару іс-әрекетін ұйымдастыруға перспекти- валы қазіргі тұрғыдан жоспарлаудың кең тұжырымы жатқы- зылған.


Жоспарлаудың тар мәні – бұл болжау мен атқаруды ұйым- дастыру кезеңдерінің арасындағы басқару циклының кезеңі. Осы тұжырымдар бірін-бірі толықтырып отырады.
Жоспарлаудың мәні мен оның ұйым және бөлімшелері мүшелерінің жеке күш-жігерлерін, қойылған мақсаттарға жету үшін келістіріп көмектеседі. Бұл келісімнің екі негізгі аспектісі бар: мазмұн және уақыт бойынша жоспарлау. Атқарушылар- дың нақты нені, қашан және қандай тізбекте орындайтынын анықтау ұйымның іс-әрекетіне тұтастық және үйлестірілген сипат береді. Жоспарлау қызметі негізгі үш компоненттен тұ- рады:

    • жетекшінің жоспарлау жөніндегі жеке іс-әрекеті;

    • мамандандырылған бөлімшелердің жоспарлау жөніндегі іс-әрекеті;

    • жетекшінің жоспарлы бөлімшелерімен өзара іс-әрекеті және олардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

Жоспарлау процесінің құрылымы

Стратегиялық (гр. strategos – генерал өнері) жоспарлаудың, яғни жоспарларды жасау мен жүзеге асырудың кеңейтілген нұсқасының бірқатар негізгі кезеңдері бар:



  1. ұйым миссиясын анықтау;

  2. ұйымның миссияны нақтылайтын мақсаттарын тұжырым- дау;

  3. сыртқы ортаны талдау;

  4. ұйымішілік диагностика (басқаруда ұйымның ішкі күшті және әлсіз жақтарын зерттеу);

  5. стратегиялық баламаларды қарастыру;

  6. стратегияны таңдау;

  7. стратегияны жүзеге асыру;

  8. стратегияны жүзеге асыру тиімділігін бақылау және баға- лау.

Миссияны анықтағаннан және оның мақсаттарын тұжырым- дағаннан кейін сыртқы ұйымдық ортаны талдау мен бағалау кезеңі жүзеге асырылады. Мұнда үш мәселе шешіледі:

    • жаңа стратегия жасау қажеттілігін туғызған сыртқы ор- таның ерекшеліктері анықталады;

    • стратегияның жүзеге асуына қауіп туғызатын теріс сырт- қы факторлар анықталады;

    • тұжырымдалатын стратегияны жүзеге асыруға ықпал ететін оң сыртқы факторлар анықталады.

Сыртқы орта тікелей және жанама іс-әрекет салаларына бө- лінеді. Олардың құрамына кіретін факторлар жоспарлаудың шешуші айнымалысы деп аталады. Оларға осы кезеңде аса көп зейін аударылады. Стретегиялық жоспарлау процесінде бірін- шілік «жанама» әсер ету ортасының аса ауқымды факторлары- на тиесілі, олар: экономикалық, халықаралық, бәсекелестік, әлеуметтік.
Басқарудың зерттеу кезеңі ұйымның ішкі резервтері мен ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Ол бес басты сала, яғни маркетингтік, қаржылық, технологиялық зерттеулер, адами ресурстарды бағалау және ұйым мәдениетінің күйі бойынша диагностиканы талап етеді. Диагностика кезеңінен келесі – стратегиялық баламаларды қарастыру кезеңіне өту буыны – бұл жоспарлық болжаулар жүйесін тұжырымдау болып табылады.
Стратегиялық баламалардың келесідей төрт негізгі типі атап көрсетіледі: шектеулі өсу, өсу, қысқару стратегиялары және дамудың құрама стратегиясы [35].
Стратегиялық жоспарлаудың жалпы үдерісінің соңғы үш кезеңі (стратегияны таңдау, жүзеге асыру және оның тиімділігін бағалау) көбінесе басқарудың басқа үш қызметіне: шешім қабылдауға, басқаруды ұйымдастыруға, бағалау мен бақылауға ұқсас.


Жоспарлаудың типологиясы және оның принциптері

Іс-әрекет стратегиясы түрлі көрсеткіштер бойынша жік- теледі. Басты жүктеме екі маңызды: процессуалдық және иерар- хиялық көрсеткіштердің сабақтасуына негізделген. Біріншісі жоспардың қандай да бір типінің жоспарлаудың аталған тип- терінің олардың мәнділігі бойынша қатынасын ашып көрсетеді. Жоспарлаудың нәтижесі осы көрсеткіштердің туындысы болып табылады. Бұл жіктеме саясат, тактика, әдістер, процедуралар, іс-әрекет бағыты, ережелер мен бағдарлама сияқты ұғымдардан


тұрады. Ұйым миссиясы, оның мақсаттары мен міндеттері ұғы- мымен бірге олар жоспарлаудың бүкіл процесінің «қаңқасын» түзіп, бір мезгілде оның иерархиясының негізгі деңгейлері болып табылады.
Басқару теориясында бірқатар жалпы ұйымдық принциптер бар, оларды оңтайлы жоспарлау қанағаттандыруға тиіс.
Шектеулі фактор принципі. Мақсаттары жетуді шектейтін факторлар жоспарлау кезінде неғұрлым көп ескерілетін болса, стратегиялық баламаларды таңдау соғұрлым негізделген және айқын болады.
Қабылданған міндеттер принципі. Ұтымды жоспарлауды жоспарлық міндеттемелерді орындауға қажетті уақыт кезеңімен шектеу керек.
Икемділік принципі. Әлдеқайда икемді жоспарлар кезінде шығындар ықтималдығы аз болады. Жоспарларға үлкен икем- ділік беру жоспарлау кезінде ескерілуі қажет қосымша шы- ғындарды талап етеді.
«Навигациялық өзгерістер» принципі. Жетекші нақты оқи- ғаларды күтілудегілермен ауық-ауық салыстыруы және белгі- ленген мақсатқа табысты жылжуға арналған жоспарларды қайта қарастыруы керек.
Мақсатқа жетуге көмектесу принципі. Жоспарлардың басты мәселесі – ұйымның түпкілікті мақсаттарын қамтамасыз ету.
Жоспарлар тиімділігі принципі. Егер жоспарлау үдерісінің өзімен байланысты шығындар мен керегі жоқ зардаптарды ес- керетін болса, мақсаттарға жетуге көбірек ықпал ететін жоспар әлдеқайда тиімді болып есептеледі.
Жоспарлаудың бастапқылық принципі. Барлық басқа қыз- меттердің орындалуының алдында қисынды түрде жоспарлау (кең мәнінде – стратегиялық ретінде) жүреді.
Жоспарлық болжаулар принципі. Бүкіл ұйым масштабында жоспарлау жеке жоспарлық болжаулардың барынша келісілуі кезінде әлдеқайда тиімді болады.
Құрылым, стратегия және саясат принципі. Ұйым жоспар- ларының құрылымы стратегия мен саясат неғұрлым түсінікті болса, соғұрлым тиімді болады.
Уақыт бойынша келісу принципі. Жоспарлар өндірістік бағ- дарламалардың уақыт бойынша келісілген желісін жасауға не- ғұрлым көп бағытталған болса, олар қойылған мақсаттарға қатысты соғұрлым нәтижелі болады [36].
Жоспарлаудың әртүрлі аспектілері жетекшінің психоло- гиялық қасиеттеріне ықпал етеді. Сонымен қатар жоспарлау қызметінің жүзеге асуына жалпы психологиялық заңдылық- тар да ықпал ете отырып, осы қарама-қарсы ықпалдар жос- парлау үдерісінің психологиялық мазмұны ретінде қарас- тырылады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет