Пікір жазғандар


ӘОЖ 159.9(075) КБЖ 88.4я73



бет2/156
Дата27.09.2024
өлшемі0,83 Mb.
#145965
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156
Байланысты:
БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

ӘОЖ 159.9(075) КБЖ 88.4я73


ISBN 978-601-04-3336-6 © Ахтаева Н.С., Абдигапбарова А.И., Бекбаева З.Н., 2018



2
© Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2018



КІРІСПЕ


Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғы- ру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. Мақаланың ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құралғаны белгілі. Сондай-ақ сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселелер баса айтылған [1].
Бұл айтылғандардың білім беру және атқарушы билік жүйелеріне үлкен міндеттер жүктейтіні белгілі. Қазіргі заманда батыл іскерлік қадамдарға барып, шешім қабылдай алатын тұлғаларға деген қажеттілік күннен-күнге артып келеді.
Бұл орайда жастардың тұлға ретінде қалыптасуына, олардың ой-өрісінің кеңеюіне, болашақ мамандықтары бойынша қызмет ету барысында түрлі табыстарға жетуіне көмекші болатын, өз ой-пікірлерін, көзқарастарын дәлелдеп, қорғай алу дағдылары мен біліктіліктерін қалыптастыратын басқару психологиясын элективті пән ретінде енгізу ұсынылады.
Сондай-ақ оқу құралының мазмұны мен құрылымы жоғары оқу орындарына жасалған бағдарламаға сәйкес және кредиттік оқыту технологиясы талаптарына сай жазылған.
Бүгінгі таңда басқару психологиясы педагогикалық оқыту саласында, кәсіби өндірістерде, ғылымдарда әртүрлі іс-әрекет- терді жүзеге асыруға көмегін тигізуде.
Осыған орай елімізде туындаған объективтік жағдайлар- ға байланысты қазіргі кезеңдегі жоғары оқу орындарындағы барлық педагогикалық мамандықтар үшін басқару психоло- гиясының білімі жан-жақты және толық меңгерілуі қажет. Әсі- ресе басқару психологиясы бойынша жоғары оқу орындарын- да қазақ тіліндегі оқулықтар мен оқу құралдарына сұраныс жо- ғары.
Оқу құралының жарыққа шығуына еліміздегі жастардың білім алуына қойылып отырған талаптың күшеюі, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық белсенділіктің артуы және ғы- лыми-практикалық әдебиеттердің жетіспеуі себеп болғаны бай- қалады.
Басқару психологиясы әлеуметтік құбылыс ретінде, басқару ғылымы пән ретінде, оның негізгі басқару мәдениеті, дамуы және даму үрдісі қарастырылады.
Оқу құралында басқару психологиясының теориялық негіз- дері мен практикалық басқару іс-әрекетінің үздіксіз байланысы қарастырылған. Бұл орталық идея оқу құралының құрылымын айқындайды. «Басқару психологиясының әлеуметтік-теория- лық негіздері» атты бірінші тарауында баяндалады.
Оқу құралының «Басқару іс-әрекетінің маңызы, мәні» атты екінші тарауында басқарудың қызмет түрлері қарастырылып ашылады.
Жетекшінің ұйымдастыру жүйесіндегі жеке іс-әрекеті негізгі орын алатындықтан, оны зерттеу басқару іс-әрекетінің басты мәселесі болып табылады. Бұл іс-әрекетті психологиялық зерт- теудің қиындықтарын, іс-әрекет мәселесін жалпы ұйымдас- тырушылықтан бөліп көрсетуді ескеру қажет.
Жетекші іс-әрекеті ұйым қызметінің барлық жақтарымен тығыз байланыста болады. Сонымен қатар басқару іс-әрекетінің мәселесі басқарудың барысында ерекше сала ретінде қарас- тырылуға тиіс. Басқару іс-әрекетінің психологиясын қарасты- руда басқару теориясынан байқалатын кең ауқымды оң және теріс нәтижелері болады. Басқару іс-әрекеті тұтастай пәндер кешенінде зерттелді, бұл кезде оның психологиядан тыс жақ- тары: ұйымдастырушылық, әлеуметтік, экономикалық, т.б. ба- сымдылығы осы тарауда ашыла түскен.
Психологияда басқару тиімділігі басшының кімді және қалай басқаруымен анықталады. Басшы тұлғасы, оның кәсіби- маңызды сапасы, басқару іс-әрекетінің алгоритмінің мазмұны
«Басқару іс-әрекетіндегі субъект психологиясы» атты үшінші тарауда ашылады.
«Басқару іс-әрекетінің кейбір мәселелері мен оны шешу жолдары» атты төртінші тарауда ұйымдардағы дау-дамайлар
мен жанжалдық жағдайларды басқару тәсілдері, қазақ әдет- ғұрыптарының күйзеліске әсер етуі, қазақ билерінің ел басқаруы т.б. беріледі.
Оқу құралындағы «Басқару іс-әрекетінің қолданбалы негіз- дері» атты бесінші тарауында тұлғааралық қарым-қатынастың пайда болуы мен нәтижелі дамуы оған қатысушылардың өзін-өзі және өзара түсінісуіне байланысты қалай, қай деңгейде қабыл- дайды, түсінеді, сезімдері мен қасиеттерін қалай бейнелейді, өзгелер арқылы өзін қалай таниды, қарым-қатынас барысы да, арақатынастары да соған байланысты екені ашып көрсетілген. Басшы тұлғасының кәсіби маңызды қасиеттерін анықтауға ар- налған әдістемелер берілген.
Қарастырылып отырған тақырыптардың нақты міндеттері студенттерге көмек ретінде әдістемелік тұрғыдан дұрыс таңдал- ған. Бұл оқу құралын студенттер мен ғылыми қызметкерлердің өзіндік білімдерін жетілдіруге және өзіндік тапсырмаларды орындауға таптырмас қайнаркөз ретінде бағалауға болады.
Мұнда педагогтар мен психологтардың күнделікті бетпе-бет кездесетін теориялық және қолданбалы өзекті мәселелері қа- растырылып, оларға толық жауап берілген.
Оқу құралы тек студенттер ғана емес, сонымен қатар прак- тик-психологтар, басқару саласының қызметкерлері, жоғары оқу орнының ұстаздар қауымы, ғылым докторлары, магистранттар және т.б. әлеуметтік басқару психологиясы саласына қызығу- шылық танытып жүрген ғылыми қызметкерлер пайдалана ала- ды. Оқу құралы бәрінен бұрын әр деңгейдегі басшыларға, бас- қару психологиясының негіздерінен білімдерін байытуға қызы- ғушылық танытушыларға, сондай-ақ студенттерге, магистрант- тарға, басқару психологиясының мәселесімен айналысатын ға- лым-практиктерге және көпшілік қауымға арналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет