Пікір жазғандар



бет3/156
Дата27.09.2024
өлшемі0,83 Mb.
#145965
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156
Байланысты:
БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

І тарау


БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


    1. Басқару ғылымының даму тарихы


Ағылшынның «management» терминінің (лат. manus – қол) орыс тілінде баламасы жоқ, ол «басқару» және «еңбекті ғылы- ми ұйымдастыру» ұғымдарының синонимі ретінде жиі қолда- нылады.


Әлеуметтік құбылыс ретінде және адам тәжірибесінің сала- сында басқару ғылыми зерттеу пәні болғаннан әлдеқайда ерте пайда болды. Адамдарға бірлесе жұмыс істеуге қажеттілік пен қабілеттілік тән болғандықтан, бұл олардың іс-әрекетінің үйле- суін, келісуін, кооперациялануын, яғни бірлескен әрекеттерін басқаруды талап етеді.
Біздің дәуірімізге дейінгі мыңдаған жылдар бұрын Көне Мы- сырда басқару үдерістерін (процесс) жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, орталықтандыру қажеттілігі танылған. Оларсыз Мы- сыр пирамидалары, көне Ацтек қалалары сияқты ғаламат сәулет ғимараттарын тұрғызу, мысалы, римдік-католиктік шіркеу се- кілді күрделі әрі кең таралған діни ұйымның табысты қызмет етуі мүмкін болмас еді [2, 3].
Бірте-бірте басқаруды ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері туралы теориялық түсініктердің туындауы үшін алғы- шарттар қалыптаса бастады. Басқару теориясы дербес ғылыми пән ретінде тек XX ғасырдың басында ғана, психологияның даму тағдырын қайталай отырып рәсімделді.
Басқару ақыл-ойы эволюциясының жалпы картинасын және оның негізгі кезеңдерін «басқару континуумы» ұғымы (К.С. Джордж бойынша) бейнелейді; онда басқару туралы тү- сініктерге революциялық өзгерістер енгізілген оқиғалар атап көрсетіледі. Мұндай оқиғаларға есептелетіндер: 1) сауда опера-
цияларымен айналысқан айрықша түрдегі «бизнесмендердің» түзілуі; 2) Хаммурапи патша (б.д.д. XXVІІІ ғасырда) шығарған халықтың әлеуметтік топтары арасындағы қатынастарды рет- тейтін заңдар жинағы; 3) құрылыс пен өндіріс салаларына мем- лекеттік басқару мен бақылаудың әдістерін ІІ Навуходоносор- дың біріктіруі (б.д.д. VІІ ғ.); 4) жаңа туындаған капитализм арнасындағы еуропалық цивилизацияның индустриялық про- гресі (XVІІ-XVІІІ ғ.) нәтижесінде кәсіби менеджмент туын- дайды; 5) XІX және XX ғасырлардың ұштасуы кезінде болған
«бюрократиялық революция». Осы кезде басқару теориясы дербес пән ретінде пайда болды. Оның дамуы – ең алдымен оның атап көрсетілген революциялық түрленулерінің маңыздылы- ғына қарамастан, эволюциялық үдеріс. Ол үздіксіз және қоғам- дағы барлық өндірістік, әлеуметтік-саяси, экономикалық және көптеген басқа да өзгерістерге ықпал етеді. Мұндай ықпал етудің бірі – басқару тәжірибесін реттейтін камералистиканың, өзін- дік сипаттаушы әкімшілік пәннің пайда болуы. Ол әкімшілік басқарудың сот ісін жүргізуден бөлінуіне, әрі қарай әкімшілік басқару ғылымы мен әкімшілік құқық ғылымына бөлінуіне ықпал етті [4, 5, 6].
Басқару туралы ғылымның даму үдерісі басқару теориясы- ның дамуын тежейтін ішкі қарама-қайшылықтармен бірге жү- реді. Бұл дамуға ықпал ететін факторлар өндірістің қарқынды дамуы, оны жетілдіру мен қарқынды жүргізу жолдарын табысты ұлғайту негізі ретінде іздестірумен байланысты болады. Бұл себептердің барлығын білу – басқару ғылымының даму тарихы туралы дұрыс түсінік үшін қажет. Тек соңғы жылдарда ғана оның теориясының дамуындағы ең нәтижелі кезең болды, дегенмен мұндай мәселенің маңыздылығын ескере отырып, оны көптеген жылдар бұрын күтуге болатын еді.
Коммерциялық іс-әрекет жүздеген жылдар бойы құрметке ие болған жоқ, ұят шаруа болып есептелінді. Аристотель сату- сатып алуды «ақшаны жасанды табу» деп атады. Мұндай іс- әрекетке теріс қатынас (көзқарас) өте берік болып, біздің уақы- тымызға дейін жетті. Бұл – басқару ақыл-ой прогресінің тежелу себептерінің бірі. Екінші себебі экономикалық және әлеуметтік ғылымдармен айналысқан ғылымдар өздерінің зерттеулерінде
әкімшілік басқару мәселелерін қарастыруды ескермеуінен, өндірістің экономикалық мәселелерімен және саяси жақтарымен шектеліп қалғанынан көрінеді. Сондай-ақ басқа ғылымдардың, мысалы, психологияның мәліметтерін басқаруды жақсарту үшін қолданудағы қиындықтар да кездеседі. Басқару ұзақ уақыт бойы ешқандай да ғылым емес, тек қана өнер деп есептелінді. Басқа- рушылардың өздерінің зейіні «технология», «баға», «кіріс» сияқты ұғымдарға аударылып келді. Басқару теориясы сала- сындағы мамандардың пайда болуы және олардың өндірісті ұйымдастырудағы дербес әрі маңызды рөлін тану осы ұйым иелерінің, кәсіпкерлердің билігін шектеуді білдіретін еді, әрине, бұл соңғыларына жақпады [7, 8].
Басқару теориясын рәсімдеуде Ф.Тейлордың «Ғылыми бас- қару принциптері» (1911) еңбегінің маңызы зор еді. Ф. Тейлор ғылыми басқарудың негізін қалаушы болып есептеледі. Бас- қарудың ғылым ретінде пайда болуына үлкен бизнестің қалып- тасуы әсер етті, яғни қазіргі техниканың артықшылықтарын пайдалануға тырысу және жұмысты орындаудың әлдеқайда тиімді тәсілдерін ашуға тырысқан ізденімпаз адамдардың шағын тобының жетістігі болды [9, 10, 11].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет