ІІІ тарау
БАСҚАРУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ СУБЪЕКТ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Басқару іс-әрекетіндегі перцептивтік процестер
Перцепция (қабылдау) – бұл заттар мен құбылыстардың өздері сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі кезінде бейнелену процестері. Қабылдауда нақты қандай мүше жетекші рөл ат- қаратынына байланысты оның алуан түрлері бар: көру, есту, иіс, т.б. Материяның болу формаларына қарай кеңістікті, ба- ғытты, шаманы, уақытты қабылдау түрлері болады. Таралу процесі мен күрделілігіне байланысты қабылдаудың симуль- тандық (лездік) және сукцессивтік (кезеңдерге бөлінген), ал саналану дәрежесі бойынша еркін және еріксіз түрлері бо- лады. Қабылдаудың төмендегідей қасиеттері бар: заттық, тұ- тастық, құрылымдылық, саналанғандық, таңдаулық, тұрақ- тылық, өткен тәжірибеге тәуелділік (апперцептивтік), көлемі- нің шектелуі.
Қабылдау процесі перцепцияның бірқатар заңды түрлері алмасатын кезеңдерден, яғни байқаудан, айырмалаудан, білуден, ұқсастандырудан, танудан, санаттаудан тұрады. Осы түрлер, қасиеттер, заңдылықтар және сатылар басқарулық іс-әрекетінде де сақталады. Олар жетекшінің сезімдік тәжірибесінің қалыпта- су механизмін құрайды.
Қабылдаудың жеке-стильді айырмашылығы да басқару іс- әрекетінде белгілі бір рөл атқарады. Стильдің екі негізгі – анали- тикалық пен синтетикалық және екі қосымша – аналитикалық- синтетикалық пен эмоционалдық түрлері белгілі. «Синтетика- лықтар» үшін құбылыстардың қорытылған бейнесіне олардың мәнін анықтауға бейімділік тән. «Аналитиктер» болса тетікте- рін, бөлшектерін, жан-жақты баяндалуын атап көрсеткенді жөн
санайды. Бұл ерекшеліктердің комбинациясы, бірақ айқындығы кем болғанда, аналитикалық-синтетикалық типке тән. Эмоцио- налдық тип жағдайға жоғары сезімдік әсермен ерекшеленеді, бұл оны баламалы қабылдауға кедергі келтіреді [46].
Басқару іс-әрекеті үшін қабылдаудың үшінші, аналити- калық-синтетикалық типі барынша жақын; алғашқы екеуінің тиімділігі төмен, төртіншісі – қарама-қайшы. Байқампаздық – қабылдаудың жалпы сипаттамаларының ішіндегі өте маңыз- ды жеке ерекшелігі. Бұл – қабылдаудың қорытынды сипат- тамасы, оның қалған басқа ерекшеліктерінің барлығының туын- дысы. «Керемет-байқампаздық» – жетекші үшін маңызды сапа.
Басқару іс-әрекетіндегі перцептивтік процестердің өзіндік ерекшелігі
Перцептивтік процестердің төмендегідей өзіндік ерекшелігі бар:
Қабылдау басқа да когнитивтік процестермен (ес, ойлау) байланысты, бұл оның аперцептивтілігінен, кәсіби басқару тәжі- рибеге тәуелділігінен көрінеді, оған барлық танымдық процес- тердің синтетикалық қатысуын талап етеді.
Бұл ынталандыру өздігінше өте ерекше, субъектілер, яғни тұлғалар өздерінің алуан түрлігімен және қарама-қайшылығы- мен қабылдаудың ақпараты болып табылады. Жетекшінің іс- әрекетіндегі қабылдау – ең алдымен субъектілі, тұлғааралық, сондықтан да сондағы перцептивтік процестердің өзіндік ерек- шелігі олардың мұнда ерекше формада – әлеуметтік перцеп- циясы ретінде болатындығынан көрінеді. Бұл терминді амери- калық психолог Дж. Бурнер 1947 жылы оларды әлеуметтік ны- сандарды (әлеуметтік топтармен, қауымдастықтармен) қабыл- дауды белгілей отырып ұсынған.
Әлеуметтік перцепцияның көптеген түрлері бар. Жеке пер- цепция адамның қандай топқа: қабылдайтынға ма немесе бас- қаға ма (өзінікі-бөгденікі құбылысы) жататынына байланысты болады. Топтық және топаралық перцепция – индивидтің топты тұтастай (өзінікі немесе бөтен) қабылдауы және топтардың
бірін-бірі қабылдауы әлеуметтік перцепция түрлері басқару іс- әрекетінің бүкіл мазмұнын көктей өтіп, оның коммуникативтік функциясының негізін құрайды. Олар перцепция ерекшелігі сияқты маңызды фактормен, солар қандай жазықтықта, яғни тік немесе көлденең (субордикациялық немесе үйлестірушілік) бойынша ашылатынына байланысты толықтырылады.
Жетекші іс-әрекетін сипаттау үшін келесі мәліметтер маңыз- ды болады:
Әлеуметтік перцепция мен оның құраушылары процесінің жалпы құрамының сипаттамасы: қабылдаушы субъект (инди- вид, топ); қабылданатын объект (басқа субъекті немесе топ); перцепция процесінің өзі; ақпаратты декодтау және «өзгенің» образын жасау; қабылдаудың объектісі туралы қосымша ақпа- ратты іздеу бойынша белсенді іс-қимылдар; бастапқы образды түзету. Бұл процеске күрделі психологиялық механизмдер, яғни идентификация, эмпатия, рефлекция, эталондау, стереотиптеу қатысады.
Әлеуметтік перцепция дәлдігінің жетекшінің тиімді іс- әрекетімен байланысын ашып көрсету, тұлғааралық қабылдау процестері басқару іс-әрекетінің қажетті шарты болып табы- лады. Топтық іс-әрекеттің тиімділігі мен әлеуметтік перцепция- ның дәлдігі, дифференциялануы арасында перцепцияның дәл осы параметрлері мен басқару іс-әрекеті табыстылығының арасында сызықтық емес тәуелділік бар, табыстылық перцепция дәлдігінің барынша жоғары, дегенмен де аралық мәнінде мак- сималды болады. Бұл заңдылықтар оптимумның қатынасын сипаттайды.
Жетекші мәртебесінің маргиналдылық қасиеті оның әлеу- меттік перцепция процесіне және олардың іс-әрекет тиімді- лігімен байланыс сипатына ықпал етеді, жетекшілердің екі: бас- тықтардың талаптарына немесе бағыныштыларға бағдарланған тобы болады. Екінші тип перцепцияның үлкен дәлдігімен және оның іс-әрекет тиімділігіне әлдеқайда күшті ықпалымен ерек- шеленеді. Сондай-ақ жетекшінің өзін бағыныштылар қалай қабылдайтыны туралы мәселе де маңызды. Бірлескен іс-әрекет тиімділігі өзінің тобына қаншалықты «қабылданғанына» бай- ланысты болады.
«Ореол әсері» (галоэффект) тұлғааралық перцепция қате- ліктерінің барлығының арасындағы ең белгілісі, оның мәні адам туралы жалпы пікір оның белгісіз сипаттарын бағалауға ауы- сатынында.
«Бірінші болу әсері» – адам туралы алғашқы ақпаратты қайта бағалау, оны тіркеу және кейінірек келетін ақпараттарға қатысты тұрақтылық ағымы. Осы «танысу әсерінің» негізінде бағалаудың саналанбайтын механизмдері жатыр, көп жағдайда алғашқы әсер қателік болып табылмайды.
«Жаңалық әсері» таныс адамға қатысты болады, тек соңғы ақпарат субъективті түрде әлдеқайда мәнді болады [47].
Соңғы екі әсер стереотиптеу механизмімен байланысқан. Олар туғызатын ерекше құбылыстар жеке топты – «стерео- типтеу әсерін» атап көрсетеді. Стереотип – қандай да бір құбы- лыстың тұрақты образы, оны солармен өзара әсерлесу кезіндегі сұлба ретінде қолданылады. Бұл механизмді «жақсы-жаман» тұрғысынан бағалауға болмайды, стереотиптеу қос мәнді: қабылдау процесін қарапайымдандыра отырып, адам сол үшін қателік ықтималдығымен есеп айырысады. Бұл құбылыстың бір түрі – модельдеу қателігі, бұл – стереотиптер негізінде туын- дайтын тұлғааралық қатынас басталғанға дейін қалыптасатын образ.
Модельдеу қателіктерінің жиі түрі – бағыныштылардың
«технократиялық қабылдауы» жетекші қарамағында адам- ды тұлғалық сипаттары емес, оның қызметтік және кәсіби сәйкестігі негізінде модельдейді. Бұл ерекше құбылыс – же- текшінің технократиялық, манипулятивтік стилінің жеке бай- қалуы, гуманистік басқару ережесі – қызметтерді емес, адам- дарды басқару.
«Кешірімді болу әсері» – жетекшінің бағыныштыларды негізсіз оң қабылдауы. Оның негізі – керісті болғызбау, бұл әсер демократиялық және келеңсіз стильдегі жетекшілерде байқалады. Топтық шарттылықта болатын келесі ерекше құбылыс әлде- қайда күрделі – бұл «бастапқы өзін бағалаудың кері асимметрия әсері», бұл өз қол астындағыларға басқа тұлғалар мен басқа топтарды үлгі ететін, бірақ өз тобының артықшылықтарын ба-
ламалы бағаламайтын жетекшінің типтік мінез-құлқы.
Бұл ерекше құбылыстың «айналық» варианты да бар: өз то- бының «плюс» таңбалы бағасын өзгелердің «минус» таңбасы- мен полярлау.
Мұндай полярлау жеке оқиға және бір мезгілде әлдеқайда жалпы құбылыс – «топішілік фаворитизм» құбылысының себебі болып табылады.
«Өзаралық презумпция» құбылысы – адамның айналасын- дағы кісілердің өзіне деген қатынасын өзінің соларға деген қатынасына ұқсастықпен қабылдау ағымы.
«Ұқсастық туралы болжау» құбылысы өзінің шекті байқа- лымында перцепция шеңберінен шыға және пікірлері күштеу құбылысына айнала алады.
«Болмағанның» ақпараттық құндылығын ескермеу құбы- лысы тұлғааралық қана емес, әлдеқайда жалпы факторлар бо- латын қабылдаудың сипаттық «қателігі».
Жетекшінің іс-әрекетінде тұлғааралық қабылдау құбылы- сының зерделік процестерге байланысты тағы да бір санаты үлкен рөл атқарады.
Бұл құбылыс адамдардың басқалар мінез-құлқының себеп- терін түсіндіруге қалай тырысатынын сипаттайды. Құбылыс- тардың бұл категориясы казуальды атрибуция атауын алады (Ф. Хайдер, Э. Джонс, Л. Росс, т.б.) [48].
Казульды атрибуцияның бастапқы ерекше құбылысы адам- дарға өз мінез-құлқын жағдайлық факторлармен, ал басқалар- дың мінез-құлқын тұлғалық факторлармен түсіндіру тән.
Жетекші іс-әрекетінің ақпараттық негізінің басты ерекшелігі
орасан көлем, бұл оның мазмұнының әртектілігіне, алуан сапалығына байланысты. Ол бағыныштылар туралы, техноло- гиялар туралы, фактілер мен пікірлер туралы, ұйымның жағ- дайы туралы, оқиғаларды болжау т.б. туралы ақпараттардан тұрады.
Ақпараттық негіздің принциптік гетерогендігі басқарудың ұйымдық жүйесінің социотехникалық (кешендік) типі және олардың негізгі қасиетімен шартталған. Сондықтан да жетекші іс-әрекетінің ақпараттық негізі перцептивтік процеске ақпарат алу құралы ретінде өзіне тән талаптар қояды. Бір жағынан, бұл
«айрықша» байқампаздық талабы: жетекші барлығын және жан-
жақты көре білуге тиіс. Екінші жағынан, қабылдау көлемінің шектеулігі мұны жасауға мүмкіндік бермейді, шығу жолы же- текші іс-әрекетінің ақпараттық негізінің арнайы ұйымдастыру- ға, трансформацияға ұшырайтынында, олар қабылдаудың тұ- тастығының, заттық негізінде жүреді, сондықтан қабылданатын ақпарат қабылдау ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылады, бұл ұйымдастыруда басты рөл қабылдаудың апперцептивтілігіне тиесілі – қабылдау дәлдігі мен толықтылығының шамасы же- текшінің кәсіби тәжірибесі мен біліміне тәуелді болады. Ұйым- дастырылған ақпараттық негіз жылдам және жеңіл қабылда- нады. Психологияда кәсіби іс-әрекеттің ақпараттық негізінің құрылымдануын қамтамасыз етудің негізгі екі құралы сипат- талған:
«Ақпараттық қабылдаудың оперативті бірліктері» тұтас- тай және саналы ретінде субъективті қабылданатын объектілер, бірліктер болып есептелінеді. Бұнда – ақпарат ағымы бөлінетін ақпараттың блоктары, құрылымдық элементтері, жедел бірлік- тері реттеледі, олардың иерархиясы түзіледі, олар нақтыланады және іріктеледі, жетекшінің ақпараттық іс-әрекетінің жалпы көлемі олардың шамасына тәуелді болады; олар сыртқы ақпа- раттың объективті мазмұнына сәйкес динамикалы болуға тиіс, оперативті бірліктер жүйесі «орманды да, ағаштарды да» көруге мүмкіндік береді.
«Оперативті бейне» – оперативті бірліктердің біртұтасқа ұйымдасқан жүйесі, онда ұйымның ие ерекшеліктері туралы қорытылған ақпарат берілген.
Бұл – перцепцияның негізгі заңдылықтарында қалыптасатын ерекше психологиялық түзілім. Оның басты қасиеттері:
Тұтас оперативті бейне – бұл ұйымның қорытылған бейне- сі, оның компоненттері құрылымды және біріктірілген. Бұл қасиет жетекші перцепциясының панорамалығын қамтамасыз етеді.
Сұлбаланған оперативті бейне – бұл ұйым құрылымы ту- ралы ақпарат. Ол өзара байланысты қарапайым, көрнекі түрдегі құрылымды көрсетеді.
Оперативті бейненің қарапайымдылығына сондағы ақпа- ратты жақсы ұйымдастыру есебінен қол жеткізіледі.
Прагматикалық басқарудың негізгі мәселелерінің ықпалы- мен қалыптаса отырып, оперативті бейне бастапқы кезден-ақ өзіне тиісті ақпаратпен ғана бейімделеді.
Функционалдық деформация ұйымның мақсаттарына жетуге арналған оперативті бейненің ең маңызды компоненттері ал- дыңғы қатарға шығады.
Динамикалық өзінің толық тұрақтылығы кезінде оперативті бейне сыртқы жағдайларға байланысты өзгеру мүмкіндігіне жол бермеуге тиіс. Осылайша бейімділік қасиет алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |