Пікір жазғандар



бет42/156
Дата27.09.2024
өлшемі0,83 Mb.
#145965
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   156
Байланысты:
БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Басқару шешімдерін қабылдау үдерістері

Басқару іс-әрекеті үшін басқарулық шешімдерді қабылдау үдерістері өте маңызды, сондықтан оны психологиялық талдау үшін бұл үдерістердің сипаттамасы айрықша мәнді. Басқару іс- әрекетінің құрылымында басқарулық шешімдерді жасау мен қабылдау өзекті болып табылады, бұл оның тиімділігі мен сапа-


сын анықтайды. Басқарудың өзге функцияларының барлығын басқарудың бағынышты деңгейлеріне ауыстыруға болады, бірақ түбегейлі шешім қабылдау жоғары деңгейдің ғана құзырында болады. Шешімдер қабылдау жөніндегі функцияларды шоғыр- ландыру дәрежесі «биліктің негізгі шамасы» және басшылықты орталықтандыру болып табылады. Сондықтан басқару шешім- дерін зерттеу басқару ғылымы мен практикасының тұтастай әрі қарай дамуының басты болашағы болып табылады. Басқарудың Г. Кунц, С.О. Доннел сияқты жетекші теоретиктері осыған бас- ты зейін аударады [59].
Нақты басқару шешімдерін қабылдау процесінде басқару іс- әрекетінің көптеген басқа да құбылыстары әлдеқайда толық байқалады.
«Басқару шешімі» ұғымы белгілі бір қосжақтылықтан тұра- ды. Бұл әрі басқару функциясы, әрі оны жүзеге асыру процесі. Сондықтан басқару шешімдерін қабылдау зерттеуге принципті екі түрлі – ұйымдастырушылық және психологиялық тәсілге ие. Біріншісі нормативтік талдау әдіснамасына негізделеді және басқару шешімдерін қабылдап іске асыру тәсілдерін жасауға бағытталған. Басқару шешімдерінің нақты механизмдерін же- текшінің таңдау жағдайындағы мінез-құлқын реттей отырып, толық ашып көрсетпейді. Басқару шешімдерінің нақты психо- логиялық заңдылықтарын бұл тәсіл, ұйымдастыру тұрғысы- нан алғанда ең маңыздысы бола отырып, екінші кезекке қал- дырады.
Екінші тәсіл дескриптивтік оқып-үйрену әдіснамасына негіз- делген, оның басты мақсаты – таңдау процесінің нақты заңды- лықтары мен ерекшеліктерін тағайындау. Ол жоғары психо- логиялық қызығушылықты білдіреді, бірақ әлдеқайда кем же- тілген. Теорияда таңдау процесінің нақты және идеал, норма- тивтік және дескриптивтік мазмұнының дәл келмеуі туралы ерекше тұжырымдалған. Сондықтан, шындығында, шешімдер- дердің нормативтік теориясы өзінің дамуында қанша алға жылжығанымен, шешімді нақты адамның, нақты жетекшінің қабылдайтынын естен шығармаған жөн. Мұндай шешімдер тек психологиялық әдістерге ғана қол жетерлік заңдылықтарға бағынады.
Бұл екі тәсіл бірін-бірі толықтырушы болып табылады. Басқару шешімдерін қабылдау функциялары мен процестері туралы толық түсінік нормативтік және психологиялық тәсіл- дердің синтезін қамтамасыз етеді.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет