Мақсатқоюұйымның басқару іс-әрекетінің және жалпы қыз- метінің негізгі компоненті болып табылады. Соның өзі жетекшінің негізгі қызметі, басқару іс-әрекетінің кезеңі және оның құрылымы- ның компоненті болып табылады. Мақсат қою ұйым қызметінің мақсатын таңдау ретінде анықталады. Басқару теориясында бұл функция әртүрлі тұжырымдалады. Бір жағынан, ұйымның басқару іс-әрекеті мен жалпы қызметіндегі оның рөлі айқындалады, ал екінші жағынан, бұл (қызмет дербес түрде атап көрсетілмейді) жоспарлау қызметінің бөлігі ретінде қарастырылады. Басқа тұжырымда мақсат қою бүкіл басқару циклының алдында болатын бастапқы кезең ретінде қарастырылады, сондықтан ол басқару қызметтері жүйесінен тыс шығарылады. Бұл мақсат қою басқа қызметтерден «тыс және жоғары» деген мағынада.
Бірақ мақсат қою басқарудағы өзінің мазмұны және рөлі бойынша басқару қызметін құрайды. Бұл басқарудың тек бас-
тапқы кезеңі ғана емес, әрі қарай іс-әрекет барысында бастапқы мақсаттардың тиімсіздігі айқындалса, жаңаларын тұжырымдау орын алады. Осы кезде мақсат қою басқарудың алғашқы кезеңі емес, басқа басқару қызметтерінің нәтижесі ретінде болып шығады. Жетекшінің өзіндік міндеті ол қол астындағылардың алдына мақсат қоя білуі, бұл ұйым қызметінің процесіне кіреді. Мақсат қою қызметі – өзінің мазмұны бойынша басқарудың басқа қызметіне тән емес өзіндік заңдылықтары бар күрделі және уақыт бойынша кең жайылған процесс. Кейде бұл қызмет
«мақсаттар бойынша басқару» әдісінің негізі ретінде қолда- нылады.
Басқару теориясы мақсатты ұйымның жүйе құрушы факторы ретінде анықтайды. Мақсат ұйымның іс-әрекетінің жалпы ба- ғытталуын, оның құрылымы мен құрамын анықтайды, олардың компоненттері арасындағы байланысты реттейді, оларды келісілген жүйеге интеграциялайды. Ол сондай-ақ ұйымдағы стратегиялық шешімдердің және жоспарлаудың негізі болып табылады. Ұйымның жалпы имиджі мақсаттардың сипатына байланысты болады.
Мақсат қою қызметін жүзеге асыру ұйым іс-әрекетінің негізі болып табылатын жалпы мақсатты анықтаудан басталады. Осы мақсатты анықтау үшін «компания философиясы», «фирма саясаты», «ұйым миссиясы» ұғымдары қолданылады. Миссия ұйымның басты мәселелерін, іс-әрекетінің бағыттарын және оған басшылықты анықтайды. Миссия таңдаудағы еркіндік, тұтастай алғанда, экономика тиімділігінің кепілі болып табылады.
Басқару ғылымында мына бір ережені орындау міндетті бо- лып есептеледі: ұйымның пайда табуы оның миссиясы ретінде тұжырымдалмауы керек. Табыс – ұйымның ішкі мәселесі. Бірақ ұйым әлеуметтік және ашық жүйе болып табылатындықтан, өзінен тыс болатын қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыра отырып, өмір сүре алады. Мысалы, «Форд» компаниясының миссиясы «адамдарға арзан көлік беру» ретінде, компанияның тіршілікке бейімділігін қамтамасыз етудегі табыстың жетекші рөлін сақтай отырып тұжырымдайды.
Миссия – бұл мақсат қою қызметін әрі қарай жүзеге асы- рудың іргетасы.
Ұйыммақсаттарыныңтипологиясы
Ұйым мақсаттары онда қолданылатын көрсеткіштер бойынша ажыратылады.
Ұйым мақсаттары жүйесінің басты көрсеткіші – олардың иерархиялылығы. Иерархиялық мәртебе бойынша мақсаттар төрт негізгі типке жіктеледі: жетекшіліктің жоғары, орта және төмен деңгейдегі мақсаттары мен атқарушылардың немесе қол астындағылардың жеке мақсаттары.
Ортадеңгеймақсаттары – осы иерархияда үлкен рөл ат- қарады, сондықтан негізгі құрылымдық бөлімшелерге қатыс- тылық белгісі бойынша ұйым мақсаттарының жіктемесі айқын- далады. Бұл – мақсаттарды өндірістікке, қаржылыққа, кадр- лыққа, перспективаға, инновациялыққа, зерттеулікке, әкімші- лікке бөлу.
Мақсаттарды жіктеудің екіншісі функционалдық көрсеткіш-терге негізделген. Ол, негізінен, жетекші іс-әрекетін сипаттай- ды. Оның кез келген мақсаты белгілі бір басқару қызметімен қатынаста болады, ал осы қызметтер жүйесі мақсаттардың тағы да бір типологиясына негіз болады.
Мақсаттар уақытша перспектива көрсеткіші бойынша ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді (перспективалы) болып жіктеледі. Ұзақ мерзімді мақсаттар (1-деңгей) қысқа мер- зімді мақсаттарды беретін (3-деңгей) орта мерзімділерді (2-дең- гей) анықтайды.
Мақсаттардың уақытша жіктемесі көбінесе олардың мәнді көрсеткіш жіктемесіне байланысты. Мақсаттардың негізгі үш: стратегиялық, тактикалық және жедел (оперативтік) типтері атап көрсетіледі.
Мазмұны бойынша мақсаттардың экономикалық, ұйымдас- тырушылық, ғылыми, әлеуметтік, кадрлық, техникалық, поли- техникалық және басқа түрлері болады.
Мақсаттар сыртқы және ішкі ұйымдық болып бөлінеді.
Ұйым мақсаттары оларды жүзеге асыру кезектілік белгісібойынша да жіктеледі: кезек күттірмес (айрықша басымдықта- ғы), бірінші кезектегі (басымдықты) және кейінге қалдырыл- ған.
Мақсаттар сандықжәнесапалықболып та бөлінеді. Мы- салы, «рентабельділікті 15% арттыру» – сандық мақсат, ал
«әкімшілік ақпаратты құрылымдық қайта ұйымдастыруды жүр- гізу» сапалық болып есептелінеді.
Ұйым мақсаттары, сондай-ақ қайталанатын (стереотиптік) және бір мәртелік (бейімделу) болып та бөлінеді.