Пікір жазғандар



бет93/156
Дата27.09.2024
өлшемі0,83 Mb.
#145965
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   156
Байланысты:
БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Серіктестік атмосферасын құру. Жалжалдасушы тарап- тардың алғашқы кездесу сәтінен бастап және әрбір келесі кез- десулердің басында бірнеше минут ресми емес сұхбат жүргізу қажет.

  • Сөйлесудің ашықтығына тырысыңыз. Келіссөздерге қа- жетті ақпараттарды дайындаңыз. Ең басынан-ақ бір сөзді әр түр- лі мағынада түсінбеу үшін терминология туралы келісіп алыңыз.

  • Жанжалдың бар екенін мойындаңыз. Қызығы сол, бұл барлығынан да қиын.

  • Іс-шара туралы келісіп алыңыз. Егер жанжал мойындалса, онда ол жылдам шешілмейтіні айқын, сондықтан нәтижесіз пі- кірталастарды жалғастырудың орнына, оны жеңу үшін қайда және қашан бірлесіп жұмыс жасайтындарыңызды келісіп алы- ңыз... Талқылауда кімнің қатысатындығы туралы алдын ала келісіп алған жөн.

    «Үй мен қабырғалары көмектесетін» болғандықтан, бейта- рап жақта немесе тараптардың әрқайсысының жағында кезекпен жиналған жақсы.

    1. Жанжалдың мәселесін тұжырымдаңыз. Мұнда басты міндет реттеуге келетін екі жақты мәселелер терминінде жан- жалды анықтап алудан тұрады. Осы сатыда «біздің» мәселеге қарағандай қарау керек – бұл серіктестік рухын бірден көрсе- теді. Екі тарап та жағдай туралы өз пікірін айтуы қажет. Олар шиеленісті неден көріп тұр, бұл оларда қандай сезім туғызады және оның ерекшеліктері – әрқайсысы жанжалдық жағдайға өз үлесін бағалайды.

    Әрбір тарап көрмей және мойындамай тұрған жақтарды да айқындап алуы да маңызды. Оның шешімін күрделенді- руге қабілетті жасырын мүдделерден және жеке шамдану- шылықтан жырақ болуға барынша тырыңыз. Осы мақсатта тараптардың нақты әрекетіне, қажеттіліктеріне және даулы нәрселерге назарыңызды аударыңыз, тұлғаның жеке басына өтіп кетпеуге тырысыңыз. Адамдардың ниеттерін талқылау немесе мінез-құлқында жеке мақсатын анықтаудың қажеті ша- малы.

    1. Шешімнің мүмкін болған нұсқаларын зерттеңіз.

    2. Келісімге қол жеткізіңіз. Мұнда айтылған ұсыныстарды талқылау және баға беру, содан кейін ең оңтайлысын таңдау қажет. Ол екі тараптың да талаптарын ескеруі, яғни келісімді болуы қажеттілігі сөзсіз. Кейде келіспеушіліктерді реттеу үшін бір кездесудің және келіссөз жүргізудің өзі жеткілікті. Басқа жағдайларда, мәселе аса маңызды әрі күрделі болғанда, келіссөз жүргізудің бірнеше кезеңі қажет болуы мүмкін.

    3. Шешімнің соңғы мерзімін белгілеңіз. Егер қатаң бір белгі- ленген мерзім қоймаса, жанжал бойынша келіссөздер бүкіл уақытты жұтып, өте ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Шегі қойыл-

    ған жағдайда, тараптар соған қарай іс жасайды. Тек бұл мерзім- дер барлық тараппен де келісілуі және қабылдануы аса маңызды.

    1. Жоспарыңызды іске асырыңыз. Келісім жасағаннан кейін жанжалды реттеу шараларына кіріскен жөн. Кейінге қалдыру тараптардың бір-біріне күдік, әрі күмән туғызуы мүмкін.

    2. Қабылданған шешімді бағалаңыз. Жанжалды реттеу бойынша ең табысты келісімді жасауда ашу-ыза немесе өкпелі- лер қалуы мүмкін.

    Жанжалдағы «тәртіп кодексі».Жанжалдарды басқарудың тиімділігі жанжалда ерекше «тәртіп кодексін» ұстана алуға бай- ланысты болады. Н.М. Власовтың пікірінше (1994), бұл кодекс- тің негізгі талаптарына келесілерді жатқызу қажет:

    1. Қарсы пікір білдірушіге позитивті (тым болмаса бейта- рап) қатынаста бол, сенімділік үшін негіз құр. Жанжалдасудан бұрын, өзіңе қарсы пікір білдірушіні «жақсы көруді» бұйыр және осы жақсы көңіл-күйіңмен онымен өзара әрекет жаса. Бұл не үшін қажет? Жанжал әрдайым біздің мүддемізге қысым жа- сағанда немесе бізге солай қысым жасалғандай болған жағдайда туындайды. Мұны істейтін адам – дұшпан. Біз дұшпанның бойынан нені көреміз? Оның жеке басының ең жаман тарапта- рын көреміз және оған күдік, әрі сақтықпен қараймыз.

    Жанжалда қарсы пікір білдірушіден «досты» және оның жақсы жақтарын көру орынды. Туындаған мәселені кіммен шешкен жеңіл: дұшпанмен бе, әлде доспен бе?
    Қарсы пікір білдірушіде «досты» қалай көруге болады? Бұл жерде келесі кеңестер орынды болады:
    − әңгіменің басында басқа тақырыпта, жалпы көзқарас қа- лыптасқанын тақырыпта жеңіл, әзілдесіп сөйлес. Сол арқылы жанжалда сенімділік базасы құрылады;
    − оның адамгершілігі мен абыройы туралы ойла;
    − оның жеке басының ең жақсы көріністерін есіңе ал;
    − жай ғана оған плюстері мен минустерін еске ал да, оны жеке тұлға ретінде қызығушылықпен қара.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   156




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет