Пікір жазғандар


Ойлау дағдыларының деңгейі



бет22/83
Дата10.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#81201
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83
Байланысты:
8а ббжб

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Жоғары ойлау дағдылары

Орындау уақыты:

    1. 15-20 минут



1-тапсырма. Мәтіндерді мұқият оқыңыз. Мәтіндердің стилін, тақырыбын, құрылымын салыстырыңыз және қандай сипатта жазылғандығын (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) анықтаңыз.


А мәтіні
Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа көлемі 100,5 км3; соның ішінде не бары 56,5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасқан, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады.
Өзен ағынының көлемі бойынша Қазақстан планетадағы сумен неғұрлым аз қамтылған елдердің қатарына жатады. Қажетті су тұтыну көлемі 54,5 км3-ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа есеппен жылда шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Су тапшы жылдары су ресурстарының көлемі 58 км3-ге дейін, ал пайдаланылатын су тиісінше 26 км3-ге дейін төмендейді. Тұщы жер асты суларының қоры 15,1 км3-ді құрайды, оларды пайдалану деңгейі 11,3% немесе 1,7 км3. Қайтымды сулардың көлемі 4 км3, су көздеріне қайта құйылған су 2 км3-ден аспайды, қалған ағынды құрамы сейіледі немесе жерге сіңіп кетеді. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі болып табылады.(133 сөз). https://kk.wikipedia.org/wiki/


Ә мәтіні
2013 жылдың 29 қазаны мен 1 қараша аралығында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту тәжірибесімен танысу және ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық шеңберіндегі ынтымақтастық аясын кеңейту мақсатында Еуропаның бірқатар елдерінде қызметтік іссапармен болып қайтты. Іссапарға Қоршаған орта және су ресурстары, Индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінің сарапшылар тобы қатысты. Берлинде ГФР қоршаған орта және ядролық реакторлар қауіпсіздігі министрлігі мен «Clarion» консалтингтік компаниясының басшылығымен кездесулер өткізілді. Тараптар ЖЭК-ін Германия мен Еуропа елдерінің 20 жылдық дамыту тәжірибесін талқылады.
Германияда белгіленген тарифтерді енгізу ісіне мемлекеттік қолдау көрсету арқасында бүгінгі күні елдегі энергияны тұтынудың жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесін 15 %-ға жеткізуге мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар мемлекет жеке үйлер, фермерлік және коллективті шаруашылықтар, сондай-ақ, кооперативтер үшін жаңартылатын энергия көздерінен жаппай электр және жылу энергиясын өндіруді қолға алды.
Сонымен қатар қазақстандық делегация «DIW econ GmbH» консультативтік институтының, дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерінен қуат өндіруші «RWE Innogy GmbH» сынды ірі компанияның, энергия таратушы «50 Hertz» компаниясының және «RENAC» ЖЭК академиясының өкілдерімен кездесулер өткізілді. Онда Германияның ЖЭК-ін дамыту мақсаттары, қолдау механизмдері қарастырылып, ЖЭК-нен өндірілетін қуаттың тарату желілеріне ендірудің техникалық мәселелері талқыланды.(178сөз). https://www.inform.kz/kz/kr-korshagan-orta-zhane-su-resurstary-ministri-europa-elderindegi-



А мәтіні

Ә мәтіні

Тақырыбы







Қандай стильде жазылған?





Мәтіндердің құрылымы (кіріспе, негізгі, қорытынды) толық сақталған ба?







Мәтіндер қандай сипатта (әңгімелеу, сипаттау, талқылау) жазылған?







2-тапсырма. «Ұрпағың өнегесіз болса, еткен еңбегіңнің бәрі зая кетеді» деген сөздің мағынасын түсіндіріп, аргументативті эссе жазыңыз. Жазу сауаттылығын сақтаңыз. (90-110 сөз.)
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет