Пікірталас мәдениетінің талаптары, пәкірталаста жиі қолданылатын мәселелер



бет3/7
Дата06.01.2022
өлшемі1,79 Mb.
#13486
1   2   3   4   5   6   7
2 Пиктографиялық жазу.

Бұл – жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу – суретке негізделген жазу, сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары (суреттері) пиктограммалар деп аталады. Пиктографиялық жазудың ескерткіштері әр түрлі суреттердің жиынтығынан құралған. Әрбір сурет (пиктограмма) өздігінен бүтіндей хабарды білдіре алады. Ол хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді.Осыған орай пиктограмма тілдік формаларды емес, оның мазмұнын бейнелейді. Осылай болғандықтан пиктограммалардың мағынасын әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар түсіне алатын болған. Пиктографиялық жазуға таңба ретінде адамның, қайықтың, малдың, тоғайдың т.б. суреттері қолданылған.Адамдар басқа біреулерге нені хабарлап білдіргісі келсе, соның суретін салған. Мысалы, «мен аң аулауға кеттім» дегенді білдіру үшін адамның суретіне қатарластырып тоғайдың және аңның суреті салынған. Зерттеушілер суретті-синкретикалық (пиктографиялық) жазу ең алғаш рет неолит дәуірінде пайда болды деп есептейді.

Пиктографиялық жазуды аң аулайтын және балық аулайтын халықтар жиі қолданатын болған. Пиктографиялық жазуды басқалармен салыстырғанда, полисинкретикалық тілдерде сөйлейтін халықтар (ацтектер, америкалық индеецтер, мысалы, прокездер, Қиыр Солтүстіктің көптеген халықтары және т.б.) кең түрде қолданатын болған. Алайда бұған қарап, тілдердің полисинкретикалық құрылысы пиктографиялық жазуды тудыруға себепші болды деп санауға болмайды. Пиктографиялық жазу басқа типті тілдерде сөйлейтін халықтарда да болған. Бұл жерде әңгіме тілдердің полисинкретикалық құрылысы осы тілдерде сөйлейтін халықтарда пиктографиялық жазудың дамуына мүмкіндік берген жағдайлардың бірі екендігі жайында болып отыр.

Пиктографиялық жазу өте жабайы жазу болды, оның кең мазмұнды ойды түгелімен жазып жеткізуге мүмкіндігі болмады. Пиктографиялық жазудың тәсілін қазірде де кездестіруге болады. Мысалы, көшеде жүрудің тәртібін аңғартатын әр түрлі белгілердің, магазиндер мен шеберханалардың жарнамасындағы бас киімнің, аяқ киімнің түрлерінің суреттері, сағаттың және т.б. суреттерінің пиктографиялық сипаты бар.

Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеограммалар деп аталады. Пиктографиядан идеографияға көшу өте баяу болды және пиктограммалардан пайда болған идеограммалардың алғашында пәлендей айырмашылығы да болмады. Идеографиялық жазудың даму барысында идеограммалар пиктограммалардан біртіндеп алшақтап, ақырында олар (идеограммалар) белгіленетін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден қалып, шартты таңбалар ретінде қолданыла бастаған. Идеографияның пиктографиядан ең басты айырмашылығы таңбалардың формасында емес, олардың мағынасында. Идеографиялық тағба (идеограмма) не жеке сөзді немесе оның атауыш бөлшегін белгілейді.

Идеографиялық жазудың үлгілерін өте ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан көруге болады. Қытай жазуының Идеографиялық жүйесі осыдан мың жыл бұрын жасалған болатын. Қытайдың жазу жүйесі әрбір таңбаның дыбыстық тілдегі белгілі бір сөзге сәйкес келіп, соған телінуіне негізделген. Қытай жазуындағы таңбалар біртіндеп өзгеріп, жетіліп, белгілейтін заттар мен құбылыстардың шартты таңбаларына айналған

Идеографиялық жазудағы графикалық таңбалар цифрлар тәрізді: олар сөздің дыбысталуын емес, мағынасын білдіреді. Жазудың идеографиялық принцпін қазіргі тілдердегі сандардың таңбаларынан да көруге болады.

Мысалы, «5» деген цифр. Бұл цифрдың сандық мағынасын орыс та, қазақ та, неміс те, ағылшын да, басқалар да түрліше емес, бірдей ұғынады. Бірақ бұл цифрдың атының дыбысталуы әр тілде әртүрлі: орысша-пять.

Цифр белгілі бір ұғымды санның таңбасы ретінде көрсетеді, бірақ ол таңбаның цифр атының дыбысталуына ешбір қатысы болмайды. Осы ерекшелік, идеограммалар мен идеографиялық жазуға да тән нәрсе. Идеограммаларды цифрлар тәрізді таңбалар деп түсіну керек.

Қазіргі кездегі идеограммалар (математикалық, химиялық, астраномиядық және т.б. ғылыми-техникалық таңбалар) жеке сөзбен немесе сөз тіркестері мен айтылатын ғылыми терминдерді білдірелі:

Мысалы: 0 - «кислород», - «түбір», (+)– «Атом ядросы».

Пиктографиялық жазуға қарағанда идеографиялық жазудағы идеограммалар өзінің мағыналары арқылы тілді дәлірек бейнелейді. Идеографиялық жазу сөлеудің мазмұнын білдірумен бірге, оның бөлшектері сөздерді, сөздердің синтаксистік орын тәртібін, кейбір жағдайда сөлеудің фонетикалық жағынан да ажыратып бере алады.

Жоспар:

  1. Пиктографиялық жазу.

  2. Идеографиялық жазу.

  3. Буын жазуы.

  4. Әріп жазуы.

  5. Орфография.

  6. Транслетерация және транскрипция.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет