Лекция маќсаты: Ең алғашқы жазулардың пайда болуы және жазу сызудың дамуы мен қалыптасуы жайында мәлімет беру
Лекция мєтіні
1. Таңбалар тарихы туралы пікірлер.
Жазудың алғашқы нұсқалары өте ерте заманда пайда болған.Бірақ ол кезде қазіргідей әріптер жоқ еді.Адам өзінің ойын білдіру үшін суреттер мен шартты белгілерді пйдаланған.Олардың әрқайсысы қазіргі біз айтып жүрген буынды,сөзді білдіретін болған. Мысалы,жаңа тас дәуіріндегі адамдар бір тақтайшаның бетін қашып бұғының,адамның,жұлдыздың,балтаның,айдың суретін салыпты.Маман ғалымдар сол суреттерден мынандай сөйлемдерді құрастырып шығарыпты.»Бұғы атты көсем 7 жорықты,9 айқасты өткізді,айдың 2 тууына созылған жорықтың кезінде айбалтамен өлтірілді».
Тасқа жазу қиын болғандықтан, мұндай жазу белгілерін саз балшық тақтайшаларға жазған. Ол үшін алдымен сазбалшықтан төрт бұрышты етіп тақтайша жасаған. Балшық кетпей тұрып оған құстың қауырсынымен немесе ұшы істік таяқшалармен таңбалар салған. Жазып болғанан кейін тақтайшаны отқа күйдірген.
Бірақ сурет сияқты жазуды қолдану көп қиындық келтірді. Себебі, барлық сөзге сурет тауып, оларды танып оқу қиын болды. Осыбан барып сурет пен таңбалар орнына әріптер келді.
Алфавиттің (әліпби) пайда болу тарихынан. Алфавит гректің «альфа және бета» дейтін алғашқы екі әріпінен шықан. Сурет сияқты жазу мұнан бес мың жылдай бұрын пайда болған ал алғашқы алфавит мұнан үш жарым мың жалдай бұрын пайдаланылған. Оны алғаш шығарғандар да, пайдаланылған да финикиялықтар (Жерорта теңізінің шығыс жағындағы көпестер- теңізде жүзушілер). Енді әрбір белгі-әріп бір дауыссыз дыбысты білдіретін болды. Мәселен, (дм) деген әріптерді «дам» деп те «дым» деп те оқу болатын еді. Бұл да қиындық келтірді. Әріптер одан әрі жетіле түсті. Б.з. б ІХ-VIII ғасырларда гректер бұрынғы алфавиттерге дауысты дыбыстарды білдіретін әріптерді қосқан. Сөйтіп, мұның үш мың жылдай бұрын нағыз алфавит өмірге келеді.
Дүние жүзінің көптеген халықтары сол финикиялықтар пайдаланып келеді.
Қазіргі ұлттық жазулардың көбі латын, араб, славян алфавиті негізінде жасалған. Көне түрік алфавиті де көп ғасыр бойы қолданылып келді.
Кітап басып шығару: жазу қалыптаса бастағанда-ақ оны неге жазу керек деген сұрақ шықты. Ол кезде адам әлі қағаз жасауды ойлап таппаған еді. Саз балшықтан жасалған тақтайшаларға салынған белгілер туралы жоғарыда айттық. Алғашқы кітапшалар осы тақтайшалар болды (ежелгі Ассирия мемлекетінде). Бірақ мұның тақтайша-кітапшалар дайындау өте күрделі еді.
Қытайлықтар алғашқылардың бірі болып кітапты бамбук ағашының қабықтарынан жасаған. Ағаш қабығын тазалап, оған ұшы өткір ағашпен жазған. Кепкен қабықтарға қосып түптеген. Кейінірек жібек матаға қылқаламмен, одан кейін сиямен жазған. Ал б.з // ғасырынан бастап қағазға жаза бастады.
Ежелгі Египетте жазу мәтіндерін тас тақтайшаларға,кейін папирус қабықтарына жазуды ойлап тапқан.Папирус-Египеттегі Ніл өзенінің таяз жерлерінде өсетін ағаш тәрізді өсімдік. Биіктігі үш метрдей, түп жағы жуан болып келетін папирустардың жұқа қабықтарын сыпырып алып,кептіріп,қағаз сияқты парақтар дайындаған.Оған бір жағы ұшталған қамыспен жазған.Бір-біріне жалғастырған парақтардан лента пайда болған.Папирустар сол заманда жақсы жазу жазатын материал ретінде пайдаланып келген.
Б.з.б.II ғасырда Пергам патшалығының шеберлері мал терісіне жазуды-пергаментті ойлап тапты.Орта ғасырларда кітапты пергаментке жазу кең етек алды.Көбіне бұзау терісінен парақтар жасап,оған жазу жазып, парақтар бүктелініп қалмас үшін оларды орап, ағаш қақпақпен бастырған және түптектен.Бұл кітаптар қазіргілерге шамалап ұқсасқан.
Еуропада XIII ғасырдан бастап негізгі жазу материалы қағаз болды.Енді кітаптар көбірек көшіріле бастады.Қалам орнына ұшы үшкірленген қаздың қауырсыны пайдаланылды.
Бірақ кітапты қолмен көшіру өте ауыр жұмыс еді.Оның саны аз,бағасы қымбат болды.Кейбір адамдар қайтсек кітапты көбейтіп,бағасын арзандатамыз деп ойлады.Мұндай қиындықтан шығудың жолыналғаш көрсеткен XV ғасырдағы неміс шебері Иоганн Гутенберг болды.ол бір бетқағазды бірнеше дана етіп шығаратын құрал жасады.Енді кітап шығару ісі Еуропада біраз жақсарды.Алғашқы 50 жылда Еуропаның 260 қаласында кітап басып шығаратын баспахана ашылды.Олар осы уақыт ішінде 10 миллион дана кітап шығарған.Олардың арасында мектеп оқушыларына арналған оқулықтар да көп еді.
Қазақ жазуы.Қазақ халқы,оның арғы атасы-ежелгі түріктер әр тарихи заманда сол кезге лайық түрліше жазуларды пайдаланған.Мәселен,қазақтардың арғы тегі-ежелгі түріктер руна жазуын пайдаланды.Ол б.з.б.V ғасырдан бастап қолданылған,Кезінде осы жазумен көптеген ескерткіштер жасалған.Бірақ олардың сақталғандары өте аз.руна жазуының айқан үлгілері орхон-енисей жазба ескерткіштеріде сақталған.Бұл жазулар Орхон (Монғолия)өзендері бойынан табылған.Жазу құлпытасқа,қыш ыдыстардың шетіне,тұтасжартастарға ойылып жазылған екен.Кейінірек қазақ халқының құрамына енген бірқатар тайпалар X ғасырдың соңына дейін руналықжазуды пайдаланып келген.Осы ғасырдан бастап оны ұйғыр жазуы ығыстырды.Көп ұзамай Орталық Азияға,арабтар арқылы Қазақстанға да ислам діні орнығады.Осыған байланысты Қазақстанға араб жазуы кеңінен тарады.Араб тілінде жазылған Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік»дастаны мен Махмут Қашқаридың «Түркі сөздерінің жинағы» атты еңбектерінің қазақ жазуы тарихында ерекше орны бар.
Ғұлама ойшыл,ақын,XI ғасырда өмір сүрген Қожа Ахмет Йасауидің атақты еңбегі «Даналық жайындағы кітабы» араб алфабитімен жазылған үш тіліндегі сөздік жарық көрді.
Он ғасырдай уақыт Қазақстанда пайдаланып келген араб алфабитін аса көрнекті қазақ ғалымы Ахмет Байтұрсынұлы 1920 жылдары өмір талабын ескере отырып,біраз жеңілдетті.Бірақ та 1929 жылы латын алфабитіне,1940 жылы қазіргі орыс алфабитіне көшу қазақ тілінің,оның жазуының дамуына көп зиянын тигізді.Бұл-бүкіл бір халық небары 10-11 жыл ішінде өзінің жазу жүйесін екі рет түбірінен өзгертті деген сөз.Мұның қазақ халқының мәдениетін,әсіресе ғылымы мен оқу-ағарту ісін дамытуына көп залалы болды.Біреуін ғана айтайық; мың жыл бойына араб алфабитімен жазылған кітаптар,мерзімді баспасөз,басқа да деректер пайдаланылмай қалды.Жаңа алфабитті білмегендіктен алғаш олардың бәрі сауытсыздар деп аталады.Жұмыс істеп,уақыты жетпей,қинала жүріп жаңа алфабитті өз-өздігінше үйреніп,газет журналдарды буындап,ежелеп оқып қана шаласауаттылар қатарына қосылды.Шапшаң жүргізіп,әрі әдеби талапқа сай оқи алғанда ғана адам сауатты болмақ.
Ќазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сµздердіњ жазбаша тілде єріптердіњ тіркесімен белгіленуі деп т‰сінеміз. Біраќ алѓашында б±лай болмаѓан. Жазудыњ тарихына кµз жіберсек, єріппен тањбалаудыњ кейінірек пайда болѓанын кµреміз. Жазу µте ерте заманда жасалып, мыњдаѓан жылдар бойы µзгеріп, дамып келді. Жазудыњ мыњдаѓан жылдар бойына дамып жетілуімен бірге, оныњ принциптері де µзгеріп отырды.
Жазудыњ жүйесі тањбалардыњ жиынтыѓынан ќ±ралады. Ол тањбалар б‰тіндей сµзді, не буынды, немесе дыбысты белгілейді. Єрбір жазбаша тањбаныњ гравикалыќ формасы, белгілі бір маѓынасы болады. Жазу ж‰йесіндегі тањбалардыњ не б‰тіндей хабарды, не жеке сµзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне ќарай, жазу мынадай т‰рлерге бµлініп ќарастырылады: 1) пиктографиялыќ жазу, 2) идеографиялыќ жазу, 3) буын жазуы (слоговое письмо), 4) єріптік немесе дыбыстыќ жазу. Енді осылардыњ єрќайсысына тоќталайыќ.