6-тапсырма.Халық ертегісін салыстыра отырып ұқсастығы мен айрмашылығын тап. (13-слайд).
Халық ертегісі:------------------------------------------------------
Әдеби ертегісі:-------------------------------------------------
7-тапсырма.
Ер-азаматтарды қорғаннан алып шығудың тағы қандай жолын табар едің ?
Мысал келтір.------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------
Антарктида : Мұзды құрлық.Антарктидамен танысу. Ақпараттық мәтін.(14-слайд).
Антарктида деген не? Антарктида–ол планетаның оңтүстік шетінде орналасқан құрлық.Егер сен Антарктиданы глобустан іздесең,оның өте төмен орналасқанын көресің. Антарктида жер бетінің оннан бір бөлігін алып жатыр.
Ол қалыңдығы 1500 метрден де көп мұз қабаттармен қапталған. Оңтүстік полюс Антарктиданың дәл ортасында орналасқан. Антарктида–біздің плане-тамыздағы ең суық, құрғақ,биік орналасқан,желді құрлық болып табылады.Ол жақта жыл бой тұратын адамдар өте аз. Ғалымдар ол жақта көп бола алмайды,олар арнайы соғылған ғылыми станцияларда тұрады.Антарктидада қазан мен наурыз айлары аралығында жаз мезгілі болады.Бұл мезгілде ол жақта үнемі жарық болып тұрады.
Ал қыс мезгілі,сәуір мен қыркүйек айлары аралығында болғанда бәрі керісінше:Антарктидада алты ай қараңғы болады.
Антарктидада жаздың өзінде,қатты суық болады!Антарктиданың Оңтүстік полюсі оның ең суық бөлігі болып саналады.Қаңтардағы орташа температурасы, яғни жаздың ортасында, шамамен -28 градус Цельсиді көрсетеді.(-28 0 С).Минус деген судың қату температурасы 0 0 С тең температурадан да төмен деген сөз.
Қыс мезгілінде сәуір мен қыркүйек айларының аралығында орташа температура Оңтүстік полюсте -890 С – дейін төмендейді.Қатты суық күндері,ыдыстан төгілген жаңа қайнаған су, жерге төгілмей- ақ ауада мұз болып қатып қалады.Ғалымдардың үлгілері қатып қалмауы үшін,оларды кейде тоңазытқышқа сақтауға тура келеді!