«pirls» халықаралық зерттеуге оқушыларды дайындау. Альдешова Фарида Бақтыгалиевна Атырау облысы, Махамбет ауданы, Е. Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі



бет1/10
Дата27.03.2023
өлшемі0,76 Mb.
#76569
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Альдешова Фарида PIRLS


«PIRLS» халықаралық зерттеуге оқушыларды дайындау.
Альдешова Фарида Бақтыгалиевна
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстан-2030»жолдауында«Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немере-леріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағына жауапты да жігерлі,білім өрімі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады»деген сенімі жай айтылған сөз емес.Бүгінгі күн талабына орай білім беру мазмұны,мақсаты қайта қаралып,түбегейлі жаңартылып,оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері өз қолдауын тауып,оқу үрдісінде кеңінен қолдануда.Қай кезде де бүгінгі шәкірт ертеңгі ел тұтқасы.Қазақстанның білім беру жүйесін жаңарту ең алдымен білім беру ұйымдар білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметінің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуді меңзейді.[4].(2-слайд)Алайда,білім беру үдерісінің нәтижелілігі білім алушылардың білім алудағы жетістіктерін сырттай және іштей бағалау қорытындыларын басқару жүйесін кәсібі тиімді түрде құруға тікелей тәуелді.Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше рет орындалуы тиіс.Олар шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу.Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы,ойлай білуге үйрету.Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығарма-шылық іс-әрекетті талап етпес бұрын,оны соған үйреткен жөн болар. Оқушының шығармашылығына бағыт-бағдар беруді алғаш білім мазмұнына М.Жұмабаев болатын.Ол балалардың ойларын дамыту туралы «Ойлау жан-ның өте бір қиын терең ісі » деп атап көрсете келіп,мұғалім баланың ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертті.[8].Егеменді елдің жас ұрпақ-тарын тәрбиелеу,талапқа сай білім беру,бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады.Сондықтан бастауыш мектеп алдында балаға жүйеленіп,дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту,яғни сөйлеу,оқу,қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру жағдайларды объективті түрде бақылау,талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге,сөйлеу мәдениетіне шығарма-шылық бағытта жұмыс істейтін бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыратын міндеті тұр.Дамыта оқытудың да басты мақсаты баланы оқыта отырып,оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту. [2] Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында қазақстандық оқушылардың халықаралық «мәтінді оқу және түсіну сапасын бағалау» PIRLS-зерттеуіне қатысу жоспарланған болатын.(3-слайд).
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі мен оқу-шылардың білім жетістігін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастық (IEA) арасында 2012 жылдың31 қазанында білім беру PIRLS-аясында қазақс-тандық бастауыш мектептің төртінші сынып оқушыларының PIRLS-2016 жылы зерттеуіне қатысуы туралы ынтымақтастық Келісіміне қол қойылды. Бұл бірегей зерттеу еліміздің балалар тәрбиесінде қарапайым оқу мәдениеті мен дағдыларының қаншалықты деңгейде екенін анықтауға бағытталады. Әлемдік контексте оқу сауаттылығы заманауи қоғамдағы өмірге деген дайындықтың маңызды бөлігі ретінде қарастырылады.[5] (4-слайд).
PIRLS-зерттеуінің мақсаты әртүрлі әлем елдерінің бастауыш сынып-тарының мәтінді түсіну деңгейлерін сәйкестендіру және ұлттық білім жүйесінің оқу сауаттылығын ашудағы ерекшеліктерін анықтау болып табылады.Аталмыш зерттеу ісінің халықаралық сарапшылар ойына келісе отырып,«Оқырман сауаттылығын»-бұл адамның өмірде толыққанды қалып- тасуына және жеке мақсаттарына жетуіне қажетті әр түрлі жазба сөйлеу формасын түсіну және терең ойлау қабілеті. Соның негізінде адамзат және қоғам үшін білім саясатында басты принцип қалыптас-тырады. PIRLS-зерттеуі мынадай міндеттерді шешуге бағытталады.(5-слайд). Білім беру саласында әлемдік басымдылықтарда көрініс тапқан құралдар негізінде алынған нәтижелердің талдауы нақты өлшеуіштермен белгіленуі.Білім беру жүйесінің салыстырмалы бағасы және олардың тиімділігі.Зерттеу қорытындысына әсер ететін контекстегі дәйектемелерді анықтау.Ғылыми дәлелденген әлемдік ақпараттық қауымдастықтың мәліметтерін алу.
Тәуелсіз елдер нәтижесін,сонымен қатар білім саясатын жақсарту нұсқауын зерттеуге қатысушыларға ұсынады.Зерттеу нысаны бастауыш сынып бітірушілерінің оқу жетістіктерін анықтайды,себебі оқытудың алғашқы төрт жылы нақты барлық білімді және үйрену қабілеттерін шыңдаудың негізі.Мазмұны және формат бойынша білімді табысты жалғастыруда негізгі мектепте әртүрлі мәтіндерді қолдану үшін осы уақыт арасында қатысушылар оқып үйрену керек.Бастауыш мектептен бастап балаларды оқытудағы негізгі жетістіктердің бірі ол-оқушылардың ақпараттық біліктілігі қалыптасады.Өйткені бастауыш мектепте алған сапалы білім ары қарай оқудың іргетасы болып табылады.Оқушылардың оқу сауаттылығының қалыптасуына барынша мүмкіндік туғызу үшін заманауи мұғалімнен оқу қызметінің формасын,әдіс-тәсілдерін тауып қолданып табу талап етіледі. (6-слайд).
Бастауыш мектеп мұғаліміне кіші сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс істеу шеберлігінің негізін салу яғни ақпарат дерекнамасын білу, қызықтырған сұрақтарға жауап іздей алу,таңдалып алынған мәліметтерді сауатты көркемдеу мен ұсыну маңызды.Білім алу мен әртүрлі ақпарат дерекнамасын жұмыс істеу балалардың ақпаратты дұрыс қабылдап,оның сапасын бағалауға және жасырын мағынасын түсініп, үйренуге көмектеседі. Оқушылардың оқу сауаттылығына байланысты дағдысын қалыптастыру, тәрбиелік іс-шаралар және қосымша білім беру сияқты оқу компаненттерінің тығыз байланысы кезінде жоғарғы жетістіктерге жетеді.Сонымен қатар,отбасылық оқу мәдениетін дамыту барысында ата-аналар қауымымен жұмыс жүргізуге де маңызды [7].
Қазақстандық оқушыларды халықаралық салыстырмалы PIRLS-2016 зерт-теуіне мақсатты бағыттауға әлі уақыт бар,бірақта қорытындысы бір жылдан кейн шығады.Бастауыш сынып оқушыларының төртінші сынып соңында орта және жоғарғы буында білім алудағы табысты үрдіс үшін оқу-ақпараттық білімін қалыптастыруда біріккен мақсатты бағытталған аса маңызды жұмыс қажет.Қазіргі уақытта республика бойынша PIRLS-2016 зерттеуіне қатысу мақсатында іс-шаралар өткізілді.Ол зерттеудің мақсаты мен оның өткізілу тәртібін, тапсырмалардың ерекшеліктерін мұғалімдер мен оқушыларға,ата-аналарға бағдар етуге, біліктігі мен дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған.Осы мақаланы жүргізіліп жатқан жұмыстың бір бөлшегі деп санауға болады.PIRLS зерттеуіндегі оқу сауаттылығы оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия,олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы,білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы.Оқу сауаттылығын тексеру оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсінуін бағалау емес,оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдай-ларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға,оқушыларды әлеуметтенуге және дербестеуге бағыттау,болашақ кәсіби қызметі саласын жауапты таңдауына дайындау. (7-слайд).
Оқу сауаттылығын бағалау үшін білім алушыларға берілген мәтіндегі материалдарды салыстыру,автордың ойын аңғару, жауапқа дайындалу бары-сында нақты дәлелдемелер табу ұсынылады.Мәтіндерінің шынайылығы (өмірдегі мысалдар) PIRLS тестерінің ерекшелігі болып табылады.Зерттеудің осы бағыты бойынша тест сұрақтары ретінду,бүгінгі күні әлемдік қауымдас-тық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін қазіргі заман талаптарына байланысты өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындап отырғаны сөзсіз. Қазіргі заман балалардың функционалды сауатты болуын талап етсе,соның бірі-оқу сауатты-лығы.Оқу сауаттылығы дегеніміз-қарапайым тілмен айтқанда бала өзі оқып отырған ақпаратты толықтай қабылдай біліп, ішінен негізгісін ала білуі.[9]Оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін қазіргі кезде түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады. Сондай әдіс-тәсілдердің бірі-оқу болса, сонымен қатар білім беру мен білім алудағы жаңа әдістер болып табылады. Оқу сауаттылығы бойынша оқушылар мектеп аясында және мектептен тыс уақытта нені оқитынын, қандай мақсатпен оқитынын білуі қажет. Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыруға, соның ішінде мәтінмен сауатты жұмыс жүргізе білуге үйрететін бірден-бір құрал.Біз бұл жұмысы-мызда оқушылардың оқу сауаттылықтарын қалыптастырудағы белсенді оқыту әдістерінің рөлі мен маңызын ашып көрсетпекпіз. (8-слайд).
«Мен шәкіртімді ешқашан да үйретпеймін,мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын » А.Эйнштейн.
Интербелсенді оқуда (оқытуда үйренушілер қомақты нәтижелерге өзара қарым-қатынас пен әрекеттесу, бірлескен әрекеттер арқылы жететіндігін біледі, сол себепті де олар үйренудің нәтижесіне деген өз жауапкершіліктерін түсінеді.Сондықтан мұндай сабақтарда жағымды психологиялық климат тың,) сенім атмосферасының алатын орны аса маңызды.[6] Интербелсенді оқуда оқытуда мұғалім бұрынғыдай барлық күш-жігерін үйретуге жұмсамай, оқушылардың бірлесе отырып, өздігімен білім алуына тиімді жағдайлар жасайды.Шындығында да еркіндік не үшін қажет адамға? Әрине, өзіңді-өзің дамыту үшін, тұла бойыңдағы қабілет пен дарындарды жүзеге толыққанды асыру үшін, рухани және интеллектуалды деңгейде, білік-дағды мен құзырлылықтар тұрғысынан асқақтау мен шарықтау, кемелдену үшін қажет! Мұндай шығармашылық жұмыста адамды ешбір формалды тыйымдар, ескертпелер мен қатаң ережелер тежемеуі керек.Керісінше, олардың барлығы да тұлғаның дамуына көмек беріп, өсу мен кемелденуге медет болғандығы абзал.Тек осындай жағдайда ғана оқу үйрену процесі тиімді сипат алатындығын түсінуі керек.Жағымды психологиялық климат құру-әр сабақтың және жалпылама алғанда бүкіл білім игеру процесінің басты мақсаты.Бірге жиналу-бұл бастама, бірге қалу-бұл алға жылжу,ал бірге жұмыс-тану бұл жетістік» деп Генри Форд атап көрсеткендей,оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудағы тиімді белсенді оқыту әдістерін анықтау.
Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі білім мазмұнын жаңғыртуды талап етеді.Білім мазмұнын жаңарту білім беруші ұстазға тікелей байланысты.Осы орайда ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің «Мұғалім-мектептің жүрегі» деген сөзі жүрекке оралады. [8].Жаңа әдістерді жүзеге асыруда мұғалім белсенді-шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілілігі, алдыңғы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Өзімнің бірнеше жылдық ұстаздық тәжірибемде оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруда жаңа-әдіс тәсілдерді қолдану ерекше орын алатынын түсіндім.Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. «Білім негізі-бастауышта қаланады »десек, ұрпақ тәрбиесі алдында бастауыш сынып мұғалімдеріне зор жауапкершілік жүктейді. Мұғалімнің әр сабақты қызықты етіп құруы, оқушыларға қойылатын талабы күннен-күнге арта түсіп,сабақтың әр кезеңін әдістемелік талапқа сай оқытудың жаңа-әдіс тәсілдерін жүргізілуі шарт. Сондай жаңа-әдіс тәсілдердің бірі-«Сыни тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту».Бұл әдіс-тәсіл құрылымы үш кезең бойынша қолданылады.Қызығушылықты ояту. 2.Мағынаны тани білу. 3.Ой толғаныс. Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынадай нәтижелерге қол жеткізеді.Оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай береді,басқаларды тыңдай білуге,кез-келген жауапқа сыйластықпен және түсіністікпен қарауға үйренеді,өз ойын топ алдында ашық айтуға, қорғай білуге баулиды,өз бетінше ізденуге ұмтылдырады,сабаққа қызығушылығы артып, белсенділігі өте жоғары болады, шығармашылық қабілеттерін дамытады.Әдебиеттік оқу пәні бойынша көбіне мәтінмен жұмыс жүргізуді дейгейлік тапсырмалар арқылы береміз.1-деңгейде мәтінді мәнерлеп оқиды, мазмұнын түсінеді.2-деңгейде кейіпкерлерге мінездеме береді,табиғат суреттерін тауып оқиды.3-деңгейде мәтінді өз ойымен аяқтау, оны талдау жұмыстары жүргізіледі.4-деңгейде нағыз шығармашылық жұмыстар жүргізіледі. Егер өлеңмен таныссақ, осы өлең ұйқасына салып, өлең құрау, шығарма жазу т.б. орындайды.Оқушылардың тілдік қорын, сөз өнерін дамытуда «Ертегі құрау» ойыны, ойдан жұмбақ, жаңылтпаштар құрау т.б. ойындарын жүргіземін. Әдебиеттік оқуда көбіне бірыңғай сөз жүзінде өтуі оқушыларды жалықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан оқушылардың қабілеттерін арттыру үшін рөлдік ойындардың орны ерекше.Мысалы:үшінші сыныпта ана тілінен И.Крылов Абайдың аудармасындағы «Шегіртке мен құмырсқа» мысал өлеңінде шегіртке мен құмырсқа болып өздері ойнап, сахна өнеріне бейімделеді.[1].Өлеңді оқып танысқаннан кейін, рөлге бөліп оқытамын. Шағын ғана диалогтың оқушыға әсері мол.Оқушыларға сахналық киімдер дайындап көрсеткенде өте тартымды шықты.Менің бір байқағаным жай уақытта көп сөйлемейтін оқушым құмырсқа рөлін өте тартымды орындады.Бұдан мынадай қорытынды шығардым. Әр балада қабілет бар, соны аша білу-ұстаздың міндеті.Одан кейін құмырсқа,шегіртке суреттерін бейнелеу өнерінде жалғастырдым.Венн диаграммасын көрсету арқылы бұл жәндіктерге сипаттама беріледі. Дүниетану пәнімен байланыстырып пән аралық байланысқа қол жеткіздім. Осы орайда сыныптағы әдебиеттік оқу сабағында «Төле бидің төрелігін» үшінші сыныпта,«Үш бидің толғауын», екінші сыныпта«Аңқау арыстан», әңгімелерін диалог түрінде жазып, сахналық түрінде қойылым көрсеттім. Сахналық қойылым бір жағынан ерекше қабілет-дарынын көрсетіп, шығармашылық қырын ашса,екіншіден мәтінді терең түсінеді,сөз құдіретін ұғынуға көмектеседі.Әдебиеттік оқу пәні баланың интеллектісі мен шығармашылығын дамытудың арнасы. Әдебиеттік оқу сабақтарында баланың тапқырлығын,зерделігін дамытатын шығарма шылық тапсырмалар орындату баланың ой-өрісін,қиялын, есте сақтау қабілет терін дамытады.Қызығушылықты ояту арқылы үйренушілерді мынандай әрекеттерге баулуға болады:1.Үйренушілер өздерінің бұрынғы жеке білімін айқындайды.Бұл үшін үйренушілер қарастырылатын тақырыпты жеке тәжірибесі тұрғысынан ой елегінен өткізіп, ол бойынша не білетіндігін естеріне түсіреді, оларды талдайды.Бұл әрекет оларды белсенді жұмысқа ынталандырады және өздерінің бұрынырақ алған білімдеріне баға беруге шақырады, өйткені мұнда әр үйренуші «Мен осы тақырып бойынша не біле мін? Менің білетінім қандай дәрежеде екен? Менің есімде нендей білім жатталып қалды екен? Ол маған қалайша қажет болып еді?» сияқты сұрақтарға жауап береді. Осы арқылы оқушы бұрынғы білімін жаңа біліммен салыстырып, байланыстырады.Осы әрекеттер арқылы ол жаңа білімді игеруге ынталанады, онда қызығушылық пайда болады. Оқушы жаңа білім нің бұрынғы білім негізінде қалыптасатындығына көзін жеткізеді, әр білім алдыңғы білімнің жалғасы екендігін және білім игеру ісінің үздіксіз процесс екендігін түсінеді. Өз кезегінде бұл тұжырымдар оқушының өз біліміне деген жауапкершілігін арттыра түседі.Әр сабақтың басында оқушылардың «Мен осы тақырып бойынша не білемін? Не білгім келеді? Бұл білім маған қалайша қажет болады?» секілді сұрақтарға жауап ізденуі орынды.Жаңа тақырып оқушыларға таныс болмаса да, оның бұрында кезікпегенін айқындау ісі белсенді жұмысқа жетелейді. Мұнда «Бұл не нәрсе екен? Мұны білу қанша- лықты керек болады? Бұны қалайша білуге болады?» деген сынды ойлар мен мақсаттар оқушыларды алға бағыттайды, олардың жаңа тақырыпқа деген құлшынысының себепкері болады.Әр сабақта жақсы материалды талдауға көңіл бөлемін.Талдау дегеніміз- бірлескен ізденіс. Ізденіс оқушыны шығар- машылық іс-әрекетке жетелейді. Жаңа инновациялық әдіс-тәсілді пайдалану арқылы біз оқушы қиялын, ойын дамытамыз.Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта түсіп,шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.Үздіксіз бір ізді жүргізілген шығармашылық әрекет оқушыны білім шыңына шығарады. Мектеп оқулықтарындағы мәтіндердің PIRLS тапсырмаларына негізделіп құрастырылған үлгілері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет