22- мысал. Кейбір құстардың дене температурасының әжептәуір тербелісі
байқалады. Мысалы, колибридің дене температурасы суық күндерде қоршаған
ортаның температурасына (кейде 18,8°С дейін төмендейді), тең деп айтуға
болады және ағзаның барлық функциялары баяулайды. Мұндай құбылыстар
суық, бұлыңғыр күндері қарлығаштарда да байқалады. Қатып қалған құстарды
қолмен ұстаса болды, олар қайта тірілгендей ұша жөнеледі. Құстардың дене
температурасының төмендеуі және ұзақ қозғалмайтын жағдайға түсуі сыртқы
температураның
ыңғайсыздығына
және
тамақтың
жетіспеушілігіне
байланысты.
Сұрақ. Неліктен құс денесінің барлық функциялары температура төмендегенде баяулайды?