Жауап. Судың құлау уақыты кедергі күші жоқта 11 с тең болады.
25-
мысал. Исландия аралының өз гейзер алқабы бар. Ол Рейкьявиктен
жүздеген километр қашықтықта орналасқан. Тура осы жерде, кезінде
Исландияның алғашқы қоныстанушыларын таң қалдырған атақты Үлкен
Гейзер орналасқан. Бұл еуропалықтардың көрген алғашқы табиғи, ыстық
субұрқағы болатын. Үлкен Гейзердің үшметрлік өзегі ақ ізбестасты туфтан
тұратын кесе тәріздес бассеинге ашылады. Ақырында, гейзер бар күшін жинап,
биіктігі 40-60 метр күшті су шашырандысын үш рет қатарынан аспанға
лақтырады. Бұл «салют» он минутқа созылады, содан кейін бу қайтадан өзегіне
тартылғандай болады. Үлкен Гейзер соңғы уақытта барған сайын аз атқылайды.
1-
сұрақ. Су Гейзер өзегінен қандай жылдамдықпен атқып шығады?
А. 25 м/с.
В. 35 м/с.
С. 15 м/с.
Жауабы. В
2-
сұрақ. Атқылау уақыты қаншаға созылады?
А. 20 м/с.
В. 15 м/с.
С. 7 м/с.
Жауабы. С.
Достарыңызбен бөлісу: