2-
тапсырма. Маусым ішінде 100 кг/га азот жинақтаған 1 га жоңышқа
тыңайтқыш түрінде қолданылатын аммиак суының 10% ерітіндісінің қандай
массасын алмастыра алады?
3-
тапсырма. Азот топшасына кіретін мышьяктың қосылыстары су
ағзаларына зор нұқсан әкеледі. Әсіресе мышьяктың (III) қосылыстары өте улы.
Мышъяк фосфордың аналогы екенін ескере отырып, сарқынды суларды
арсенаттар мен арсениттерден тазарту тәсілдерін ұсыныңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: