3.6. Білім беру ұйымының әкімшілігіне арналған сауалнаманың Жүйеге кіру формасын және Б Қосымшасын тиісті адамға беру және Білім беру ұйымының әкімшілігіне арналған сауалнаманың толтырылғанын растау
Сіздің білім беру ұйымыңыздың Білім беру ұйымының әкімшілігіне арналған онлайн сауалнамасын білім беру ұйымының басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам толтырады. Осы тапсырманы жүзеге асыру мақсатында, Б Қосымшасындағы Білім беру ұйымының әкімшілігіне арналған сауалнамаға дайындық құжатында білім беру ұйымының статистикалық мәліметтерін қамтитын 17 сұрақ келтірілген. Осы сұрақтардың жауаптары білім беру ұйымының директорымен немесе Білім беру ұйымына арналған сауалнаманы толтыруға жұмылдырылған басқа қызметкермен алдын ала жиналуы мүмкін. Осы құжатқа жиналған мәліметті, білім беру ұйымының директоры немесе сауалнаманы толтырушы тұлға сауалнаманың онлайн нұсқасына көшіреді.
Сонымен қатар Б Қосымшасында білім беру ұйымының әкімшілігіне арналған онлайн сауалнаманы толтыру нұсқаулары бар Білім беру ұйымы әкімшілігіне арналған сауалнаманы қолдану Нұсқаулығын таба аласыз.
Ұлттық орталық жіберген Б Қосымшасындағы Жүйеге кіру рәсімдері мен ақпараттық материалдарды білім беру ұйымы директорына беріңіз.
Білім беру ұйымы әкімшілігіне арналған сауалнама мектеп ережелері мен сипаттамалары туралы маңызды ақпаратты қамтиды. Әрбір білім беру ұйымының сауалнаманы толтыруы маңызды. Осы сауалнаманың толтырылғанын растап хабарлаңыз, ал егер сауалнама толтырылымаған болса, толтыруы тиісті адамның есіне салыңыз.
4-ТАРАУ: ЗЕРТТЕУ ӨТКІЗІЛІЕТІН КҮНІ
Зерттеу басталғанға дейін Тест өткізушімен(лер)мен кездесу
Тест өткізуші(лар) зерттеу басталғанға дейін 1 сағат бұрын келуі керек және дереу түрде Сізбен кездесіп, зерттеу өтетін күннің ұйымдастырушылық сұрақтарын және Білім алушылардың зерттеуге қатысу формасын пысықтауы қажет. Кездесуге дейін Білім алушылардың зерттеуге қатысу формасын жаңартқаныңызға көз жеткізіңіз. Зерттеуге қатысу критерийлеріне сәйкес келетін, бірақ зерттеу күні зертеуге келмеген білім алушылар үшін қатысу бағандарына ештеңе жазбаңыз. Тест өткізуші зерттеу барысында білім алушылардың қатысуы туралы мәліметті өзі толтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |