А ҚОСЫМШАСЫ: ФОРМАЛАР 27 Б ҚОСЫМШАСЫ: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ӘКІМШІЛІГІНЕ АРНАЛҒАН САУАЛНАМАСЫНА ҚАТЫСТЫ МАТЕРИАЛДАР 27
1-ТАРАУ: КІРІСПЕ
PISA-2022 зерттеуінде Білім беру ұйымының (ББҰ) Үйлестірушісі болуға келісім бергеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіз, ББҰ Үйлестірушісі ретінде өзіңіздің білім беру ұйымыңыз, Ұлттық орталық және Тест өткізуші арасындағы маңызды дәнекер болып табыласыз. Бұл Нұсқаулықтың мақсаты – Сізге ауқымды халықаралық зерттеу бағдарламасын жоғары дәрежеде жүзеге асыруда қосатын үлесіңізді ұғынуға көмектесу.
PISA дегеніміз не?
PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуі – Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ) (OECD – Organisation for Economic Co-operation and Development) жүзеге асыратын бағдарлама. 2000 жылдан бастау алған бұл зерттеуге әлемнің 85 елі қатысады. PISA-2022 кезеңінің Апробациялық зерттеуі 2021 жылы өткізілді, ал Негізгі зерттеуі 2022 жылы өтеді.
PISA зерттеуі төмендегідей ерекшеліктерге ие:
Ол білім беру саласындағы ең ауқымды халықаралық зерттеу болып табылады.
Оған 15-жастағы білім алушылар қатысады.
Зерттеуде білім алушылардың ересек өмірге дайындығы бағаланады.
Білім алушылардың оқу, математика, жаратылыстану және креативті ойлау салаларындағы сауаттылығы бағаланады.
Қатысушы елдердің білім беру тәжірибесі туралы мәнмәтіндік ақпарат жиналады.