Қазіргі кезде қолданылатын барлық белгілі әлем тілдерінің жиынтығы бар анықтама кітабы.
23
Неліктен тілдердің нақты санын анықтау
қиын?
Біріншіден, көптеген тілдер жөнінде біз
өте аз білеміз. Әлемнің көптеген бөліктерінде
тілді зерттеу аяқталған жоқ. Кейбір тілдерді
табу (ашу) əлі алда. Көптеген тілдер жеткілікті
зерттелген жоқ. Бұл Азияның, Африканың,
Австралияның, сондай-ақ Солтүстік жəне
Оңтүстік Американың де көптеген тілдеріне
қатысты.
Екіншіден, ұлттық болмыс пен өзара
түсінісу нышандары үйлеспеуі мүмкін. Кейбір
жағдайларда
саяси
нышандар
лингвистикалық мəселелерден басым болып
жатады. Мысалы, швед, дат жəне норвег
тілдері
өзара
түсінісуге
қиыншылық
туғызбайды (бұл лингвистикалық нышан),
дегенмен əр түрлі елдерде осы тілдерде
сөйлейтін болғандықтан (саяси нышан),
олардың үшеуі де өз алдына жеке тілдер
болып саналады. Басқа жағынан алғанда,
қытай тіліндегі көптеген диалектілер өзара
түсініспейді, бірақ бір елде сөйленетіндіктен
жəне бір жазу жүйесін қолданатындықтан, бір
тілдің нұсқалары деп саналады.
Достарыңызбен бөлісу: