26
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БОЙЫНША АШЫҚ СҰРАҚТАРДЫҢ
ЖАУАПТАРЫ
1 сұрақ,тапсырма «Сүт»
Жауап толық қабылданады
Код 1:
Сүттің екі түрінің де құрамы бірдей деген (майлар, белоктар,
көмірсулар) фактіге негізделген түсіндіру беріледі.
НЕМЕСЕ
Қасқырдың сүтінде майлар мен (немесе) белоктардың жеткілікті
немесе тіпті біраз көбірек мөлшері бар екені түсіндіріледі.
Аңыз шын болуы мүмкін, өйткені қасқырдың сүтінде де, əйел
адамның сүтінде де майлар, белоктар жəне көмірсулар бар.
Бала өзіне қажеттінің бəрін, тіпті одан да көпті алар еді.
Қасқырдың сүтінде бала үшін майлар мен белоктар жеткілікті.
Қасқырдың сүтінде тіпті майлар мен белоктар көбірек, демек, əйел
адамның сүтіне қарағанда энергия да көбірек.
Жауап қабылданбайды
Код 0:
Басқа жауаптар
Қасқырдың сүтінде көмірсулар аз, ол өсетін балаға жеткіліксіз.
Бала үшін қасқырдың сүтіндегі нəрлі заттардың мөлшері ана
сүтіндегідей дерлік.
Код 9:
Жауабы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: