Ұсынылатын тапсырмалар сипатына тоқталайық:
мәтіннің жанрын, стилін анықтау;
сөйлеу тілін анықтау (баяндау, сипаттау, пайымдау);
көркем тіл құралдарын тауып, олардың қызметін анықтау;
өнім тұрғысынан осы мәтінге баға беру (нысаналы аудитория, мәтін мақсаты, назар аудару тәсілдері).
Бұл дағдылар былай қарағанда қарапайым болып көрінгенімен, мәтінді түсінудің бұл деңгейі өте күрделі. Мұнда детальдармен жұмыс жасау керек, автор қолданған көркемдік тәсілдер мен олардың мақсатын талдау қажет.
Оқу мақсаттарына жетуде тиімді болатын әдістер:
Нысана
Пікірлерді табу
Исикава стратегиясы
Барлық факторды қарастыр
Не артық?
Мұндай түрдегі тапсырмалар жаңартылған білім беру бағдарламасында оқу мақсаттарында тілдік дағдылар (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) арқылы жүйелі құрастырылған, спиральдік жүйе арқылы берілген. Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болуы барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді.
Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу үдерісінде оқушылар қажет ақпаратты іздеу, өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу сияқты кең ауқымды дағдыларды меңгереді, сөйтіп рефлексия және бағалау дағдыларын дамыту үшін алғышарттар/жағдайлар жасайды. Оқыту мақсаттарының жүйелі құрастырылуы білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады.
Ойымызды негіздеп, оқулықтардан мысалдар келтірейік (9-сынып, қазақ тілі)
Тапсырма. Мәтіндегі ойға көзқарасыңызды білдіріп, ойыңызды дәлелдеңіз. (9-тапсырма, 9-бет)
Мәтіндегі ой
|
|
Мәтіндегі ойды дәлелдеу
|
Шын мәнінде, елдікті сезінген адамға нағыз қуаныш.
|
себебі
|
Көк байрақ Арқа жерінде желбіреді.
|
Қазақтың асыл ерлері құрбан болды.
|
|
...
|
Біз осы мемлекетті көздің қарашығындай сақтауымыз керек.
|
|
...
|
Қазақстан халқының бірлігі, бәрінен бұрын, қазақтардың бірлігіне байланысты.
|
|
...
|
Тапсырма. ХХІ ғасырда Қазақстанның дамуына негіз болатын қандай құндылықтарды (Жолдауда айтылмаған) атар едіңіз? Ойыңызды дәлелдеп айтыңыз. (1-тапсырма, 19-бет)
Тапсырма. Төмендегі пікірлермен келісетін/келіспейтініңізді дәлелдеп, ойыңызды ПОПС формуласы бойынша жазыңыз. (2-тапсырма, 19-бет).
Ана тілін біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, бұл – күйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате.
Х. Досмұхамедұлы
Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына...
Ж. Аймауытұлы
Үлгі:
Менің ойымша, ...
Себебі, мен оны ... түсіндіремін.
Оны мен мына ... деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын.
Осыған байланысты мен ... деген қорытынды шешімге келдім.
Достарыңызбен бөлісу: |