PISA ЗЕРТТЕУІНІҢ ТАПСЫРМА МЫСАЛДАРЫ
Жаратылыстану сауаттылығы бойынша тапсырма мысалдары
ҚЫЗУ ЖҰМЫС
Сұрақ 1: ҚЫЗУ ЖҰМЫС
Петр өзінің ескі үйін жөндеп жатыр. Ол көлігінің жүк бөлігінде суы бар бөтелке, бірнеше шегелер мен ағаш кесінділерін қалдырып кетті. Көлік күннің астында 3 сағат тұрған соң, оның ішіндегі температура 40ºC-ге жетті.
Көліктің ішіндегі заттар қандай күйге ұшырайды?
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Көліктегі заттармен келесі жағдайлар болды ма?
|
Иә немесе Жоқ
|
Барлық заттардың температурасы бірдей болды
|
Иә / Жоқ
|
Біраз уақыттан кейін су қайнай бастады
|
Иә / Жоқ
|
Біраз уақыттан кейін шегелер ыстықтан қызара бастады
|
Иә / Жоқ
|
Сұрақ 2: ҚЫЗУ ЖҰМЫС
Петр өзіне температурасы 90ºC бір шыны кофе және бір шыны 5ºC мұздай минералды су құйды. Екі шыны мен сусындардың көлемдері бірдей. Петр отырған бөлменің температурасы болса 20ºC шамасында болған.
Кофе мен минералды судың температурасы 10 минут өткен соң кандай болуы ықтимал?
A 70ºC және 10ºC B 90ºC және 5ºC C 70ºC және 25ºC D 20ºC және 20ºC
НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР
Аспазшы нан пісіру үшін қамыр даярлағанда оған ұн, су, тұз және ашытқыны араластырады. Одан кейін қамырды бір ыдысқа салып бірнеше сағатқа ашытуға қояды. Ашу барысында қамырда химиялық процесстер жүреді: ашытқы (дара жасушалы
саңырауқұлақ) ұнның құрамындағы крахмал мен қантты көмірқышқыл газ бен спиртке айналдырады.
Достарыңызбен бөлісу: |