Ынтымақтастық педагогикасының негізгі идеялары анықталды: баланы жақын даму аймағында оқыту;қысымсыз оқыту;тірек сызба түрінде орналасқан белгілердің, кілтті сөздердің жиынтығы; озу идеясы;күрделі блоктар идеясы;таңдау еркіндігі идеясы;диалогтық ойлау идеясы;идея интеллектуальды рең классы идеясы;мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен қызметінің идеясы;бос уақыттағы еріктілік идеясы.
Ынтымақтастық қызметі оқушы мен мұғалімнің тепе-теңдік жағдайында дамиды. Мұнда оқушы өзінің оқу қызметінің субъектісі болып табылады . Бұл технология арқылы ынтымақтастық ұжымның әкімшілікпен, мұғалімдермен және оқушылар ұжымымен, сондай-ақ қоршаған әлеуметпен – ата-аналармен, отбасымен, қоғамдық ұйымдар арасында туындайды. Ынтымақтастықта оқытудың басты мақсаты – оқушылардың ішкі күштері мен қабілеттерін ояту, тұлғаны жан-жақты дамыту мақсатында баланың бар мүмкіндігін пайдалану. Мұндай тұғыр балада өзі туралы жағымды түсініктерге, ары қарайғы даму мен өзін-өзі жүзеге асыруға сәйкес келетін жағымды тұжырымдамасын қалыптастырады.
Ынтымақтастық педагогикасы келесідей принциптер бойынша негізделеді: оқыту мұғалім мен оқушының шығармашылық өзара әрекеттестігі ретінде; қысымсыз оқыту; күрделі мақсаттар идеясы; күрделі блоктар идеясы; тіректердің қолданылуы, іс-әрекет өзіндік анализі (топтық, индивидуальды); интеллектуальды фон классы;ұжымдық шығармашылық тәрбиелік қызмет; оқушылардың өзін-өзі басқаруының дамуы; мұғалімдердің бір-бірімен және ата-аналармен ынтымақтастығы.
Мектеп пен отбасының өзара әрекетінің басты қызметтері: ақпараттық; тәрбиелілік-дамытушылық; қалыптастырушылық; қорғау-сауықтырушылық; бақылаушылық; тұрмыстық.
Аталған өзара әрекеттің міндеттері: Ата-аналардың белсенді педагогикалық ұстанымын қалыптастыру; Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық білім, біліктермен қаруландыру; Бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қалыптастыру.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы дегеніміз – бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің бірін-бірі толықтыруы, өзара хабарласа, келісе әсер етуі, ықпал жасауы.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы жасөспірім тәрбесінде – ортақ мақсатты бірлесе талдау, өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп, қуанышта ортақтас болу секілді кең ауқымды эмоция түрлерін қамтиды.
Үй жұмысы: Мектептің педагогикалық ұжымы ата-аналар қауымымен бірлесіп жүргізетін жұмыстары (педагогтармен ата-аналардың негізгі өзара әрекеттестіктерін ашып беру)
Ф ВКМЖ 703-43-21 Оқу сабағының жоспары. Екінші басылым.
Ф ВКМЖ 703-43-21 План учебного занятия. Издание второе.