Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
Министерство просвещения Республики Казахстан
Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж
Высший колледж имени Магжана Жумабаева
ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ (теориялық немесе өндірістік оқыту) /
ПЛАН УЧЕБНОГО ЗАНЯТИЯ (теоретического или производственного обучения)
Мектеп пен отбасының өзара іс-қимылының функциялары мен міндеттері (сабақ тақырыбы/тема занятия)
Модуль/пән атауы / Наименование модуля /дисциплины__ КВ02_«Педагогикалық қызметтегі диагностика және түзету» КВ02 «Диагностика и коррекция в педагогической деятельности» Педагог дайындады / Подготовил педагог _Кожакенова С.Р.___________________
«__» __________2022 ж./г.
1. Жалпы мәліметтер / Общие сведения Курс, топ / курс, группа _____________
Сабақтың түрі / Тип занятия _теориялық_____
2. Мақсаты, міндеттері / Цели, задачи Цель работы: Студенттерге педагогикалық диагностика әдістерінің анықтамасы туралы түсінік беру және педагогикалық диагностика әдістерінің өлшемдерін анықтау.
.3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі/ Перечень профессиональных умений, которыми овладеют обучающиеся в процессе учебного занятия 4. Қажетті ресурстар / Необходимые ресурсы иллюстрация және демонстрация.
5. Сабақтың барысы / Ход занятия
Мектеп - өскелен ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік қызметі осында.
Мектеп тәрбиеге байланысты қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін атқарып қана қоймайды, мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп — балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктіретін орталық. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек, мінез-құлық, эстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады.
Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп. Олар: ата-аналармен жұмыс; сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.
Тәрбие жүйесінде, әсіресе, жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыруда, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір - жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымақтастыққа негізделеді.