Отбасытәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Үкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Қамқорлықтың түрлері: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу, отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаториялардың, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасындағы басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: баланың тәртібі, міндеттері, қойылатын
талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру.
Балалардың күн тәртібі жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрінетін И.П.Павловтың іліміне негізделеді.
Күн тәртібін баланы жинақылыққа, тілалғыштыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады. Әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.
Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс.
Отбасында күн тәртібінің негізгі құрамды бөліктері - еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы, т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет.
Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасайтын басқа жағдайлар:
• отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.
• тіршілік әрекетінің жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы.
• отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, отбасылық дәстүрлік мерекелер.
• ішкі отбасылық қатынастар микроклиматы отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы.
• қоғамға көзқарасы: еңбек пен қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы.
• отбасының тәрбиелік мүмкіндігі: отбасылық тәрбие, әдістер, ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі. Отбасының осы ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларды тәрбие барысында ескеру қажет.
Отбасының өзіне тән ерекше қызметтері бар. Олар халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік, шаруашылық қызметі, отбасы мүшелерінің өзара және туған-туысқандарымен қатынас жасау қызметі.
Отбасындағы тәрбие түгел іске асып отырмайды. Тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі - тәрбиені жүргізіп отырған адамның педагогикалық көзқарастарының жеткіліксіздігі, адамның көңіл-күйі мен материалдық, өлеуметтік жағдайының нашарлығы. Отбасылық тәрбие тиімсіздігінің себептері:
• отбасындағы өктемдіктің баланы өзін-өзі басқарудан, билеуден айырып, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш-
жігерінің төмендеуі, сезімінің мұқалуы;
• баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешірушілік. Баланың дегеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке тәрбиелейді;
• отбасында бірыңғай талаптың болмауы, ересектер арасындағы алауыздықты пайдаланып, баланың екі жүзді және жағымсыз нерсеге бейім болып өсуі;
• ата-ананың баланы ұжымнан аулақтатып өсіруге тырысып, баланың қалыптасуына кері әсер етуі;
• ата-ананың баласының іс-әрекетіне немқұрайлы қарап, жауапсыздық танытып, баланың кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіншілік алуы.
Ата-ана абыройы дегеніміз - бала көзімен көріп тұрған, жасы үлкен кісінің күдіксіз қасиеті, күші, ішкі қуатты берік логикаға негізделген ісі мен қасиеті. Осы қасиеттерді баланың бойына сіңіре білу - отбасы тәрбиесінің мақсаты, борышы, міндеті.
Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасап, ата-аналарды, жұртшылықты қатыстырады. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше нысандары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы - ата-аналар жиналысы. Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланып, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолмен қарастырылады. Сынып ата-аналары жиналысында ата-аналар комитеті, олардың төрағасы сайланады.
Байланыс нысандарының бірі - педагогтардың оқушылар үйіне баруы.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір түрі - педагогикалық насихат, яғни ата-аналарға педагогикалық білім беру. Қазіргі ата-аналар және бұқара халық арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудың маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуге әсер етеді. Н.К.Крупская ата-аналарды педагогикалық минимуммен қаруландырудық қажет екенін бірінші рет айтқан болатын. Тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ата-аналардың ықпалы олардың жалпы және педагогикалық мәдениетке байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық ілім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі.
Мектептің ата-аналар комитеті мұғалімдерге, ата-аналарға көмектесіп, балалардың демалысын, қиын отбасыларын қамқорлыққа алып, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысып, ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізуге арналған дайындық жұмыстарына қатысады.
Мектептің, отбасының, бүкіл халықтық және мемлекеттің негізгі мақсаты - қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге халық шаруашылығының салаларында еңбек етуге даярлау.
Мектептің сенімді одақтасының бірі — отбасы. Мектеп - өзгеріп отыратын жағдайлар мен құбылыстарды ажырата білетін, болашақ мамандық иелерін, іс жүзінде асыратын жеке тұлға әзірлейтін мемлекеттік мекеме.
Ынтымақтастық – түрлі мүдделі топтардың бейбіт қатар өмір сүру жағдайында экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени және халықаралық мәселелерді бірлесіп шешудегі қабілеттілігі.. Ынтымақтастық педагогикасы – тұлғаның дамуында гуманизм принциптері мен шығармашылық тұрғыға сүйенген тәрбиелеу мен оқытудың әдістері мен тәсілдерінің өзіндік жүйесін көрсететін XX ғ. екінші жартысындағы отандық педагогикадағы бағыт.