Заңнамалар мен тараптардың келісімі бойынша мәміле жасау үшін бір жақтың еркі ғана қажет әрі жеткілікті болатын мәмілені бір жақты мәміле деп атаймыз. Бір жақты мәміледе басқка жақтардың (тараптардың) келісімі, еркі міндетті емес. Бұндай мәмілелерге азаматтың өзіне берілген белгілі бір құқықтан бас тартуы, берілген сенімхаттың мерзімінің бітуі, өсиет т.б. жатқызуға болады.
Екі жақтың да еркі мен келісімі міндетті болып табылатын мәміле екі жақты мәміле деп аталады.
Екі және одан да көп тараптардың еркі мен келісімі талап етілетін мәміле көп жақты деп аталады. Қазіргі кезде екі не одан да көп тараптар жасайтын мәміленің түрін шарт деп атайды. Сонымен екі немесе одан көп адамның азаматтық құкықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.
Мерзімсіз және мерзімді мәмілелер болады. Мерзімсіз мәміледе онын күшіне ену не күшінің аяқталу мерзімдері көрсетілмейді.
Сондықтан бұндай мәмілелер жасалған сәтінен бастап күшіне енеді.
Мерзімді мәміледе, мәміленің күшіне кіретін уақыты ғана не болмаса мерзімінің аяқталатын уақыты ғана немесе екі мерзімі де қатар көрсетілуі мүмкін.
Жазбаша түрде жасалуы тиіс мәмілелер:
Кәсіпкерлік қызмет үндірісінде жүзеге асырылатын мәмілелер;
Жүз көрсеткіштен жоғары сомаға жасалатын мәмілелер;
Заңдарда немесе тараптардың келесімдерінде.
Сонымен қатар мәміленің : келесі түрлері міндетті түрде жазбаша жасалуы тиіс
Айып төлеу туралы келісім, негізгі міндеттеменің нысанына қарамастан, жазбаша түрде жасалуға тиіс.
Кепілдік немесе кепіл болушылық шарттары жазбаша нысанда жасалуға тиіс.
Азаматтар мен заңды тұлғалар мәліме жасаушы субъектілер бола алады.
Мәмілелер келесі жағдайларда жарамсыз болып саналады:
Кажетті лицензия алмай, не лицензияның қолданылу күшінің мерзімі біткеннен кейін жасалған мәміле.
Теріс пиғылды бәсеке мақсатын көздейтін немесе іскерлік әдеп талаптарын бұзатын мәміле.
Он төрт жасқа толмаған адам ( жас бала ) жасаған мәміле.
Ақыл-есі кем болуы салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам жасасқан мәміле.