Мәмілемен немесе келісім шартпен рәсімделген кәсіпкерлердің арасындағы қатынастар әріптестік байланыстарды сипаттайды. Ол қандай-да бір бизнес-жобаны немесе кәсіпкерлік қызметті іске асыру кезінде туындайды және оның нысанын бизнес- әріптестер ұсынады
Коммерциялық мәмілелерді іске асырудың негізгі үш әдісі қолданылады. Олар төмендегілер:
Жоғарыда аталған екі әдістің үйлесуі арқылы жасалатын мәміле.
Тікелей саудалық ( өндірушілермен жасалатын) мәмілелер деп тауарды (жұмысты, қызметті) өндіруші мен тікелей тұтынушы арасындағы операцияны айтамыз.
Мұндай мәмілелер мынандай бірқатар артықшылықтарға ие болады:
Тұтынушының өзіне қажетті көлемде және сапада тауарды сатып алуға мүмкіндігінің болуы;
Сатушы мен сатып алушы арасында тығыз байланыстың болуы;
Тікелей әрі тығыз байланыстың ұзақ мерзімді әріптестік қарым-қатынасқа ұлғаюы.
Кәсіпорын мен делдалдың(брокер) арасындағы өзара қарым-қатынас сипатына байланысты сауда-делдалдық операциялардың келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:
1. Қайта сату бойынша операциялар. Мұнда делдал тауар өндірушіден тауарды сатып алады, яғни, меншік иесі бола отырып қайта сатуды көздейді.
2. Коммиссиялық операциялар. Мұндай операциялар кәсіпорын мен делдалдың арасындағы комиссиялдық келісім негізінде жүзеге асады. Яғни, делдал тауар өшдірушіден тауарды сатып алмайды, тек соның ( тауар өндірушінің ) есебінен белгілі бір сыйақы үшін сату сатып алу мәмілесін жасайды.