3. Кәсіпкерлік психологиясы және бизнес-кеңес беру Кәсіпкер – өз ісін құра отырып, тәуекелге бас тігуге және эксперимент жасауға әзір,
өз өмірін өзгерткісі келетін және
көп және қажырлы түрде еңбек етуге даяр адам Ол үшін белгілі бір білімі мен дағдылары болып, жеке тұлғалық сипаттамалар мен жоғары мотивацияға ие болуы қажет. Бұл тізімдегі ең қарапайым нәрсе - білім, оны өмір сүру мен еңбек ету барысында әдебиеттерден, оқулықтардан және өзге де ақпарат көздерінен алуға болады. Білімнің көлемін арттырып отыруға болады және арттырып отыру қажет те. Оқы, оқы және оқы! Дағдылар – бұл алған біліміңді практикада қолдана білу. Сіз қайсыбір іспен неғұрлым жиі айналысып отыратын болсаңыз, сол істі Сіз барған сайын жақсы атқара беретін боласыз Дағдылар практикалық қызмет барысында қалыптасады.
Жеке тұлғалық сипаттамалар – бұл адамға индивидуум ретінде тән болып келетін, оны өзге адамнан ерекше етіп тұратын қасиеттер. Бұл бізге бизнесте себін тигізіп немесе керісінше, табысты болуға кедергі болатын нәрсе. Алайда кәсіпкер үшін ең маңыздысы - мотивация. Өз өмірін өзгерткісі келу, өз ісімен айналысқысы келу, өз күші мен мүмкіншіліктеріне деген ішкі сенімі. Сіз тәуелсіз болуды қалайсыз. Сіз ақша табуды қалайсыз. Сіз отбасыңыз бен жақындарыңызды осыған сендіре аласыз. Сіз өзіңіздің табысқа жететініңізге шын сенімдісіз.
Бизнесті жүргізу адамды білімін арттырып, жетіліп және дамып отыруға міндеттейді.