Пмно-23 Нұрлыбай Дариға



бет1/6
Дата17.03.2023
өлшемі27,81 Kb.
#75084
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
қолданбалы бизнес


ПМНО-23
Нұрлыбай Дариға
1-2 тапсырма.
1 тапсырма. Экономикалық әдебиеттен, интернеттегі жарияланымдардан алынған деректер негізінде қазіргі экономикалық жүйедегі кәсіпкерліктің (бизнестің) рөлін анықтаңыз.
2 тапсырма. Статистикалық материалдарды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің қалыптасуы
мен дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз.
3 тапсырма. Анықтамалар негізінде келесі экономикалық санаттарды есептеніз.
4 тапсырма. Өндіріс факторларының түрлерін анықтаңыз және олардың сипаттамаларын талқылаңыз.
1. Кәсіпкерлік феноменологиясы: экономикалық және психологиялық аспектілердің синтезі
2. Жаңа қазақстандық кәсіпкерліктің қалыптасуының әлеуметтік-психологиялық талдауы.
3. Кәсіпкерлік психологиясы және бизнес-кеңес беру


1-тапсырма. Экономикалық әдебиеттен, интернеттегі жарияланымдардан алынған деректер негізінде қазіргі экономикалық жүйедегі кәсіпкерліктің (бизнестің) рөлін анықтаңыз Әлеуметтiк-экономикалық құбылыс ретiнде кәсiпкерлiк көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң-құқықтық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бiрақ кәсiпкерлiк қызметтiң тағдыры адам қызметiнiң экономикалық жағдайларына байланысты. Кәсiпкерлiк қатынастарды талдаудың алғашқы қадамы олардың объектiлерi мен субъектiлерiн анықтау.
Кәсiпкерлiктiң субъектiсiне экономикалық қызметке қатысушы түрлi мүшелер, алдымен жекелеген индивидтер, адамдар жатады. Мұндай кәсiпкердiң қызметi өзiнiң еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбектi қолдануға негiзделедi. Соңғы жағдайда кәсiпкер жалдаушы болады. Кәсiпкерлiк қызметтi бiр топ адамдар жүргiзуi мүмкiн, оларды байланыстырушы – мiндеттi шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсiпкерлiктiң түрi – ұжымдық, коллективтiк деп аталады. Ұжымдық кәсiпкерлiктiң субъектiсi — әртүрлi ассосациялар: акционерлiк қоғамдар, кооперативтер және т.б. жеке-дара кәсiпкерлерге қарағанда кооперативтер немесе партнерлiк бiрлестiктер iрi көлемдегi мәселелердi шеше отырып, олардың рыноктағы үлесi бар болуымен көрiнедi.
Кәсiпкерлiк объектiсi – адамның белгiлi қызметi. Кәсiпкердiң соңғы нәтижесi — өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет. Бiрақ, ең бастысы әр кәсiпкер осылардың iшiндегi өзiне ең пайдалысын және тиiмдiсiн iске асырады. Мiне сондықтан да рыноктық экономикада кәсiпкерлердiң басты мақсаты өз пайдасын барынша максималдау және өндiрiс шығындарын барынша минималдау болып табылады. Ал кәсiпкердiң табысы көбiне оның өз iсiн қалай ұйымдастырғанына байланысты. Яғни, кәсiпкер өз iсiн бастағанда және оны жалғастырғанда үлкен тәуекелге барады. Ал тәуекелдiлiк кәсiпкерлiк қызметпен бiрге өмiр сүрiп отыратын заңды құбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет